Атаң Абай өлі ме?  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 2

Абайды көп пенделер өлді дейді,

Аруақ деген ұғымға енді дейді.

Өлсе өлер менікі, «Мен» өлмеспін

Деген сөздің астарына үңілмейді.

Адам «Мен» халифасы жер бетінің,

Таза ақыл «Меннен» жаның өсіретін.

Әр пенденің өз «Мені» болғанымен,

«БІР»-дей  «Бол» деп жаратушы үкім берген.

Өлсе өлер табиғат, өлмес Адам,

Абай атаң өсиеті жанды айтқан.

Жан өлмейді өлетін рұқың, күнәң

Тән табиғат заттанған күнә болған.

Табиғатың өлмеске шарасы жоқ,

Қарсы тұрмақ өлімге айласы жоқ.

Адам жаны табиғатты тірілтетін

Күнәлі жан тозақтың парасы боп.

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Дәнекер жібің қылған махаббатты.

Махаббатпен адамзат бар нәрсеге,

Жанды –жансыз тілі болып жалғанбақты.

Ойдың тілі барлық әлем тілі болған,

Құраның асыл сөздің жеті үні тұрған.

Жеті үнменен қалған тілге жалғануға,

Құлшылығыңа Абай атаң үлгі болған.

Өлді ме Атаң Абай сөзі, үні,

Жүрегіңді байқасаң нені сезді?

Аруағына табына алмай көп надандар,

Өлді деген Абайын жүрегі өлі.

(қыркүйек 2014 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.