Құтқарар білім тозақтан,
Өмірде түрлі азаптан.
Ілімнен білім шықанмен,
Ойына сынды жаратқан.
Қарсылық білім таратқан,
Теріс ой тегің жан-жақтан.
Дүниемен, жеңіл өмірді,
Ібіліспен бірге жаратқан.
Шамасына қарай алмасаң,
Айырар ар мен ақыл салмақтан.
Түпсізге тартып құлатар,
Білгіштік мінез жан жақтан.
Білімі тәпсір масһабтан,
Аятын құран алмастан,
Ой жорығын дін ғалым,
Аллаға қосты ортақтан.
Жын қуатсыз бар ма адам?
Естіп, көріп ойланған,
Иттік тегің ағаштан,
Жыныстық мүше аталған.
Масһабшы дінші наданнан,
Жынсыз қалай жаралған?
Ғылымсыз пенде хайуанан,
Төмен болар амалдан.
Хайуанда шегін біледі,
Иіскеп жүріп таныған.
Діншілер шықты қазақтан,
Араптан үлгі жүр алған.
Сопылықпен қаланған,
Құдайдан жол-жоба алған
Дәстүрін ислам бірлігін,
Масһабпен өлшеп жынданған.
Көркем сөз ағаш жалғанған,
Жұлдыздан тіке сәуле алған,
Ойпатты кие жерлерін,
Достарын Алла нұр алған.
Шайтанан жын деп жаралған
Аруағын тағдыр нәр алған.
Қоссасың деп шерік күнәні
Халықты алдап азғырған.
Жын болсын мейлі арамнан,
Анаң мен атаң тозақтан
Құтқару парыз діні ісі,
Дәстүрмен, ғұрып қаланған.
Аятын Раббтың құраннан,
Терістап масһаб неге алған?
Ібілістің болмақ ұрпағы,
Аллаға ортақ қосқаннан!
(Сәуір айы. 2016 жыл)