XXIX-Ойға түрткі, ақылға дем       Жындылық пен ынсаптылық және  адамдық  ұждан, ар текті  меңгеру

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 0

Дінсіз адамзат өмір сүре ала ма деген сауалды әрбір есі бар пендеге қойсаңыз, әрине жоқ деген жауап аласыз. Қарапайым ғана түсінікпен аңғарсақ,  өлім, ажал бар жерде діннің барын әркім ұғына алады. Барлық өмір тіршілік және өсіп-өніп, қасиеттілікті, тектілікті меңгеру өліммен, яғни «мың өліп, мың тірілу» арқылы ғана пайда болатыны да хақ. Өлім  дегеніміз ажалдың «атрибуты», көлеңке бейнелері болып, бір қуаттық жүйеден келесі кезеңге өтуге, жалғануға көпір, жібі болып саналды. Ал енді  қазақ билігі заң тұрғысында неге саясатымыз дін-жанынан, бас амандығынан бөлек деп қарсылық білдіреді?

Қандайда бір діннің ақиретке, өлімге, бақытты өмір сүрудің, дін-жанын көбейтудің жолының қарсылығы ібіліс жолы болып табылады. Ібіліс жолы — Оңай; ібіліс теріс ой, сезім, түйсік білім арқалы қандайда бір әлеуметтік, мәдиниеттілікті оңайлатуға, ол үшін адамзатты дүние байлықпен, ойын-сауықтармен, жеңіл тұрмыспен қызықтырып, жанын, арын ұмытып, ақылды білімге ауыстырып, қолдан заңдар шығарып болашағы туралы мүлде ойланбай өмір сүруге бейімдейді.

Ал мұндай өмір салтымен мүлде дінге қарсылықпен өмір сүретін адамзатты жаратушының жер бетінен мүлде жойып жіберетіні де белгілі, сондықтан да ібіліс жалпы дінге де білімге де қарсы емес, керісінше осындай салада талантты пенделерге кедергі болмай атақ, дәрежеге жету жолында дем беріп, теріс ойлы білімдерді үйретумен, дүние ісінде түрлі өнерлерді меңгертіп, таланттыларды ақылсыз білім мен ілімнің соңына түсіріп, білгіштікпен елді таң қалдырып, соңынан ертіп, тура жолдың қисығына қарай бұрушы қылып өзіне көмекшіге, ұрпағына айналдырып алады.

Қазіргі біздің ел билігіміздің таңдаған жолы 30 өнеркәсібі дамыған, жеңіл тұрмысқа беймделген елдердің қатарына қосылудың ұлттық жобасы, ібілістің жолына түсіп алған елдердің қатарына тезірек қосылудың саясаты екені де хақ. Мұндай жағдайда халықтың рухани оянбауына, сөз ұғымдарын түсініп, дінге деген сүйіспеншілігін жою мақсатында ақылды әлсіретумен айналысады. Оның көмекшісі болған ел басшыларының сөз ұрлаумен, киелі сөздерді дүниелік пайымдауға байлаумен, жоғарғы ел басшымыздан бастап барлық ақпараттық жүйеде мұнымен айналысып кеткені де дәлел бола алады.

Қазіргі таңда дүние байлығын арттырумен ғана айналысып кеткен әкімдер, іс басшылары ар, ұят, әдеп сияқты қосымша шығын шығатын салаға мүлде аяқ баспауға заманның жаңашылдығын, құл темірге адамдық еңбекті, қол еңбегін айырбастаумен, адамдар арасында өзара әдеп, сыйластық қуаттық алмасу жүйесін шектеп қысқартумен, оңай жүйелерді меңгеруге өзара жарысып жатқаны да ібілістің ықпалына түсіп алғандығына дәлел екені сөзсіз. Дінді масһаб, тек қана мешіттерде ғана құдайды еске алу үшін ғана керек, ал жалпы қазақ мемлекеті «ЗАЙЫРЛЫ» деген сөздің ұғымын; Наным, сенім бостандығы, ислам дінінен де, жаратушы ақылынан да жоғарғы тұрған, адамзатты бірлік татулықта өмір сүруге тәрбиелейтін дін қағидасы деп түсіндіреді. Ал пайғамбарымыз адамзаттың тату-тәтті, бақытты өмір сүру үшін;

 «Мен саған Құдайға құлшылық етуіңді өсиет қыламын, өйткені Құдайға жалбарыну – жақсылық атаулының басы. Құранды үнемі оқып отыруға кеңес беремін, бұл сен үшін аспандағы естелік пен жердегі жарық сәулемен тең болмақ. Пайдасыз сөздерді көп қолданба, бұл сенен шайтанды аулақтайды, дін жолындағы істеріңе жеңілдік туғызады. Көп күлуден сақтан, ол адамның жан сарайын бүлдіріп, жүзіне көлеңке түсіреді. Дініңе ең қажетті нәрсені ізде, өйткені менің қауымымның басталар жері. Бақытсыздыққа ұшырағандарды сүй, соларға серік бол. Өз жағдайыңды өзіңнен төмендегілермен салыстыр, жоғарғы тұрғандармен салыстырма, бұл қолыңда барды жоғалтып алмаудың бірден бір жолы. Егер жақын адамдарыңның өзі сені жалғыз тастап кетсе, сен олардан безбе, араласып тұр. Шындық қанша ащы болса да, Алланың аты үшін оны ауызға алып тұр. Жаман адамдардың қастандығынан қорықпа. Өз кемшілігіңді бағдарла және өзгенің кемшілігін таратпа.» (288-өсиет)

Қазақ дәстүрі бойынша; «Құдайсыз қурай да сынбайды» деп пайғамбарымыздың; «Құдайға жалбарыну – жақсылық атаулының басы.» деген өсиетіне лайық болуға құрылғаны да хақ. Және барлық тұрмыстық өмірде «Өлі риза болмай тірі байымас» деп; «Құранды үнемі оқып отыруға кеңес беремін, бұл сен үшін аспандағы естелік пен жердегі жарық сәулемен тең болмақ.» деген өсиеттің қазақ дәстүрімен, ата жолымен ғана намаз орындау әдет-ғұрпы қалыптасқаны да хақ. Және «Қазыналарыңды көкке жинаңдар» деген Ғиса пайғамбарымыздың өсиетіне сай, жер мен көктің арасын жалғап тұратын әулие-әмбилердің, Алланың сүйікті құлдарының басына сөз ағашын өсірудің де, аспандағы естелік-жұлдыздармен жалғанып және оны көбейту, қуат қосумен «Алланы еске алу» деген құлшылықтың құпиясы да қазақ халқының еншісінде болғаны да хақ.

Ал енді; « Пайдасыз сөздерді көп қолданба, бұл сенен шайтанды аулақтайды, дін жолындағы істеріңе жеңілдік туғызады» деген өсиетіне қарсылықты  ұйымдастырушы болып қазақ лауазымды, білімді ортасының киелі атау сөздерді «Ақ жол, нұр жолы, ұлттық арман, т.б. керісінше масхаб – тура жол, масһабтық дәстүр, зияткерлік-арсыздық» деген дін зайырын белгілейтін ұғымдарды дүние істеріне пайдасыз сөзге айналдырып;  «Зайырлы мемлекет» боламыз деген ұғыммен бұқара халықтың дін істерін түсінбеуге, дінді қиындатуға ғалымдар, философтар, имамдар, теологтар мен ел басшыларымыз жаппай ібіліске жәрдемге тұрып алды десек жалған емес. Пайғамбарымыздың; «Дінді қиындатпаңдар» деген өсиетін керісінше құранды жаттатып, құран аяттарын, арап  сөзін тікелей аударумен, тәпсірлік білімді ғана ақыл қылып ақылды төмендетумен дінді, қиын түсініксіз қылып көрсетуге, өзінен жоғары тұрғандармен ғана салыстырып өмір сүруге қазақ елінің ел басқару істері мен мәдениеті негізделіп алғаны да хақ.

Ғылымды ел боламыз деп ақылына, рұқына толық жалғануға, ана ділінен белгі алып үлгірмеген жастарды үш тілді мәжбүрлеп үйретіп, ана тілінен өзге тілдерді жоғары, арсыз елдерді ғылымды деп түсініп, қазақ ұлтының өзінің ішкі дүнесін, жан қуаттарын, зайырын түсінуге жолын жауып, мұны заңмен зорлап орындауға мәжбүрлеп отырғандар ібілістің жолының қызметшілері екені де хақ.  Енді аспан мүлкі ұлтымыздың естілік жадына, жер ана рұқымен жалғанудың нұрлы жолын жер бетінде қара жолға айналдыру әрекетін құдайға ашық қарсылық деп, ал құдайдың ақылын түсінуден ұлттың есін ажыртуға себеп болатын «зайырлы мемлекетпіз» деген ұғымды тәптіштеп  түсіндіріп көрейік.

Егер дін тұрғысында зайыр-сенім еркі деп, араптар солай атады десек; «Сонымен Бағалбек – Бағалдың қаласы деген мағынадан деп түсіндірді арабтың бір шалы Фарабиге. – Оның төрт пішіні қандай болған, қалай орналасқан?-,деп сұрады ол қарттан. – Ол арасын мен зайыр біле қоймаймын. Түбінде төрт беті төңіректің төрт бұрышына қарауы ықтимал(Әл –Фараби. М.А. 77.б) Зайыр деген ұғымды ішкі төрт түрлі құпиямен байланысты деп Әл-Фараби атамыз білдірсе, ал арап қариясы зайыр сөзін құпия белгісіз, сыры ашылмаған деген ұғымда пайдаланған. Ал түркі халқына ортақ «Кабуснама»-дан (Қайқаус Каспий еңбегінің 11-ші бет) «Ей, перзентім, біліп алғың, Алла тағаланың барлығы зайырда, жасырында.» Бүл жерде зайыр сөзінің құпия қасиеттің белгісін, рұқ пен жанға байланысты бейнелену тегі екенін ескертеді.

Жоғарғыда нәрсенің құпия сыры зайыр болса, Алла тағаланың пенде бойында барлығы зайыр болып, тек қасиеттік, тектік ағаш сипатын айтады екенбіз. Сондықтан адам бойындағы құпия бекзаттық, мейірімділік, имандылық, кішіпейілділік, жыныстық т.б. кездесетін көзге көрінбейтін сипатын; зайырлы деп атаймыз. Ал адам қолынан пайда болған нәрселер құпия сырын зайыр немесе ғылымы деуге болады. Шәкәрім атамыз; «Құлшылық қылдым деме құр Қобызға жаққан шайырды. Жазалы жаның сезіп тұр Жасырғанмен зайырды». Сонымен  адамзаттың жындық қуатының тазарып жануы кісілікпен бейнеленіп, Алла тағала тарапынан нұрмен қолдау болып, естілік қуаты жетілген, «тоқсан ауыз сөздің тобықтан түйінін» шеше алатын, түймелі, тақуа, мүмін, ойшыл адам баласын зайырлы, зайырды меңгерген деп атайды.

Сонымен қазіргі таңдағы ел билеуші, дін ісі басшыларының, шығармашылық ақпараттық жүйе іс басшыларының; «қазақ зайырлы мемлекет, сондықтан дінді меңгеру, дінге сену сенбеу әркімнің өз еркінде» деген ұғымды қалыптастырушыларды ібілістің ұрпағы емес деп кім айта алады? Ал мұны ашық заңмен қолдап отырған ел басшымызды да қалай атауға болады? Сөз ұғымын ашық бұрмалап, ақылға қайшы әрекеттер бар ел басқару жүйесінде әділ заңдардың қалыптасуы да мүмкін емес! Және дін-жанымыз, амандығымыздың құлшылығынсыз; ана тіліміз де, сөз өнеріміз де, елдігіміз де қалыптаспайды, мәңгілік ел болу да мүмкін емес. Абай атамыз; «Сөз түзелді енді сен де түзел» деп сөз түзелмей ел түзу болмас деп астарлап неге ескерткен? Дін – Алла тағаламыздың таза ақылы, рұқы, ойдың қуаты, барлық жер бетіндегі тілдердің үні болып, тіл бар жерде дінсіз болмайды, сондықтан; «Басқа бәле тілден» деген қазақ даналары.

  «…Ойды кімнен алғанын Адам өзі сезбейді. Жанның айдап салғанын Сезбесе де іздейді. Хақиқаттың тарауы Түгел жетпей қалмайды. Әр түрлі боп қарауы, Көбі анықтай алмайды Жердің жүзін дәл тауып, Ешбір дін жоқ орныққан. Бәрінде де бар қауіп, Дін көбейді сондықтан…» (Шәкәрім әулие). Енді орныққан дінің сөз тұрғысында құранның аяттарымен, барлық діндердің насихаттарымен белгілі бір елдің әдебімен, ғұрпымен және салт-дәстүрімен бекіген, әрбір пенденің мәңгілік жанын өсіріп жетілдіруге, әрбір пендесінің білімділерді, ілімділерді құдай қылып алмас үшін, Раббысынан кез-келген  сауалына жауап алып, дін істеріңнің хақиқатын анықтай алуға жол ашып, жобасын алуы шартты. Бұл исламның бірлігі тұрғысында әлемнің барлық дін құндылықтарын құран арқылы меңгеруге де жол ашуы керек. Мұнсыз әлемдік жан қуатына, яғни Алла тағаланың қолына, жолдарына, жарға жалғануға және адамзатқа ортақ иман қуатын меңгеру де мүмкін емес.

Сонымен Раббымыздан қаласақ та, қаламасақ та жанымызға ұйқы кезде оқылып, ескертіліп жатқан шындықтың сырын меңгерумен Раббымыздың белгілерін, хикметті білімін, яғни заманға сай түсірген хақиқатты меңгеруге,  анықтауға ұлттық жол-жобалық бір қалыпты көзқарасымыз қалыптасуы керек. Ал мұндай қуатты, естілікті меңгеруіміз біз ата-бабаларымыздың меңгерген жандық, рұқтық қуаттарына, ақылды жадына, таза ойға, аспан мүліктеріне, жұлдыздарға жалғанумен ғана мүмкін болады.

Ал мұндай істірдің құлшылығын меңгеру үшін де арамыздағы ібілістің ұрпағына айналған, киелі сөздерді өздеріне қолайлы арсыздықтарына, ақталуларына, жылтырақ сөздерге айландырып алғандарға ар тұрғысында ақылымызды зұлымдық пәтуа, тәпсірлерге қарсы қойып үйрену де керек. Сонда ғана жаратушымыздың бізге беретін сыйы – нұрына, иман қуатына жалғанып, иманды алыстан болса да (көктен, жұлдыздардан жалғанып) келтіре аламыз. Енді иманды меңгерудің қазақ дәстүрінің ерекшелігін тәптіштеп көрейік.

Қазақ ұғымында; дін – амандық, ал амандықтың сипаты денсаулық. Дін-аман жеттің бе дейміз жолаушыға, жол жүріп келген адамға. Салауатты өміріміздің, ұлттық әдебіміз, ақыл-естілігіміздің өлшемі болған, денсаулығымызды қазір тәннің саулығына, малдық қуаттың амандығымен өлшейтін болдық. Үш байлықтың негізі денсаулықты; «Малым – жанымның, жаным – арымның садағасы» деген қазақ даналығында. Арсыз пенденің дені сау, дін-жаны, амандығы болуы да мүмкін емес. Қазақ амандықты дінмен өлшеп; «Мал-жаның аман ба?» деп амандасуды әдет қылған. Ал арының жағдайын, ас-суын беріп, қонақ қылып күтіп, сұқбат арқылы ақылына қарай бағалаған. Ар – ақылдың нәрі деп түсінген. Сонымен қазақ даналығында дін дегеніміз үш байлықтан және мал, жан, ардың саулығынан тұрады деп түсінген.

Ал дін құлшылығының негізін иманмен өлшеп, «Өліге иман, тіріге берекетін бер» деп, «Өлі разы болмай тірі байымас» деген аманатын ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отыруды парыз деп білген. Себебі тірі пенде қандай ғұлама, білімді, білікті болғанмен; Ар білімін меңгермесе қателесіп, азғындық жолға түсіп алуға да жәрдемші болып, іблістің ұрпағы немесе шайтанның жамағатына айналатынын ата-баба аманаттарын сақтау арқылы ойлы ақылмен түсіне  білген. Сондықтан да пайғамбарымыздың; «Құранды үнемі оқып отыруға кеңес беремін, бұл сен үшін аспандағы естелік пен жердегі жарық сәулемен тең болмақ.» деген өсиетіне сай, иманның аспан мен жер сәулесінің қосылатын жер ойпаттардан, әулие-әмбилер зияраттарына ғана жалғанумен келетінін де түсіне білген. Алланың сүйікті құлдарының меңгерген ар қуаты біздер үшін иман қуатына айналса, ал біздер жер бетінің тіршілігінде ар білімін меңгеруіміз шартты болмақ.

Ар білімін меңгеру үшін әрбір заманға, адамзатқа түсірілген тағдырына қарай, білім мен мәдениетің өркениетіне сай қарсылық зұлымдық күштердің де әрекеті, білімі, құранның теріс қуатты аяттары да жетіліп отыруымен, шайтаннан болған жындардың, ібіліс ұрпағына айналып алған ғалым, ел билеуші, діншілердің де қарсылығын құдайдың жәрдемімен жеңіп жамандықты жақсылыққа айналдыра білумен ғана қалыптасатын заманның қозғалысына, өркениетіне, білімнің, біліктіліктің артуымен сәйкесті қалыптасатын ақылдың нәрі, өмірдің қуаты, «иммунитеті» деп түсіну керек. Ислам әлеміндегі бүлікшілік, «экстремизмнің» басты себебі дін өркениетін, замандық біліммен біртұтастығын, қарсылығын меңгеруден бас тартқызған надандықпен ібілістің жолын дәріптеумен ғана байланысты екені де хақ. Ал бұл жолды қазақ елінің де ел билеу саясаты, дін ұстанымына айналып, тек қана қазақ ар білімнің қуатты, көктегі естің жады, жерден шығатын нұр сәулесі, бар әлемнің ұлтынан артық болғандығынан ғана бейбіт өмір сүруге құдайдың өзі жәрдем беруден деп түсіну керк.

Ар білімін, ар сауытын меңгеру үшін малдық, яғни хайуандық қуатымызды тәрбиелеумен киіммен қорғап, қоралап бағумен, оған егінін неке арқылы өсіріп, жан беріп «жандықтарымызды» (қойларды) көбейтумен, бір ақыл-арға бағындырумен ғана рухани, көместік ақиреттік өмірде мәңгілік өмір сүретін Адам болып қалыптасамыз. Олай болса, ар білімін меңгеру үшін арсыздықтың себебін, тегін де ажырата біліп және иман қуатының қалай өсіріп-өндіру шартын, ақталудың, өлім арқылы өмір қуатының жүктелу құлшылығының сырын да меңгеруміз керек.  Құранның (5-68) (Інжілді, Тауратты Раббыларыңнан келетін хабарларды меңгермесеңдер түк емессіңдер) аятына сүйене отырып, Інжілден; «Иса (суда шомылу) рәсімінен өтісімен дереу судан шықты. Сол сәтте көк ашылып, Иса өзіне көгершін сияқты төмендеп келіп қонған Құдай Рухын көрді…» Көгершін хабар әкелуші иман-құсы болып, Иса пайғамбардың ұждандылықты, мәңгілік жанды меңгеруін, құдай рухына жалғануын білдіреді.

Қазіргі таңдағы исламдық бес парыз масһабтық, тарихаттық мейлі қандайда бір дін бағыттары болсын, көк қуатын (көк тәңірлік) меңгерумен су арқылы бой өрісімізді тазартып, жанымызды жарыққа шығарып, ұждандық сипатты меңгерумен, құдай рұқына жалғанумен, хабар алумен яғни жол-жабасына жалғанумен нәтижесін беру керек. Христиан дінінде суға шомылуды жылына бір рет қана рәсімі қалып, ал исламдық тұрғыда толық дәрет, киіммен қорғанып, бес уақыт намаз оқумен бес мезгіл бойды көк суы қуаты, құран аятымен тазалаудың да маңызы зор екені хақ. Ал қазақ дәстүрінде тәндегі сезім ошақтарынан күнәні тазартпай, бой өрісін намаз оқып қанша жуғанмен нәтижесі өте аз, баяу болатынын да ескеріп, Ясауи ілімінің ата жолының су көздерінен, киелі орындарда құран оқып нұрмен тазарудың, әулие-әмбилердің жүректік қуаттық жүйесі, өмір ағашы арқылы құдаймен жалғанудың да намаз орындау ерекшелігі зор болмақ.

«…Бұдан кейін Киелі Рух Исаны шайтанның сынағынан өтуі үшін айдалаға алып барды. Сол жерде қырық күн, қырық түн ораза тұтып, Иса әбден ашықты». Олай болса, бойды толық жауып, малды қоралап, оған сырттан келетін қарсылық қуаттардың көзін жабудың да әр заманда намаз орындау ерекшелігі боып, ата жолында құран оқып тазартумен, ордалар арқылы атқарылып (алдағы тарауларда баяндаймыз) және жер даламызды кезіп, шаршап, шөлдеп қырық әулиеден зияраттап өтудің маңызы да зор. Аятта; «Құраннан мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз. Ол, залымдардың зиянын тым арттыра түседі». (17-82) Мұхаммед пайғамбарымыздың құранды оқушы, уақи беруші болып мәңгілік елші болып бекіп, шипа інжілмен, рұқпен, Ғиса пайғамбар үлгісімен байланысты болса, ал рахметтің барлық әлем діндерімен, аспан денелерімен, 88 сәруарлық, 11 жұлдыздық тұрақты белгілермен жалғану арқылы мүмкін болуын да білген жөн.

 «…Сонда азғырушы әзәзіл Оның қасына келіп; — Егер Құдайдың рухани Ұлы болсаң, мына тастар нанға айналсын деп бұйыра гөр!-деді. Иса оған былай жауап қатты; -Киелі жазбада «Адам тек нанмен ғана емес, Құдайдың аузынан шыққан әрбір сөзімен өмір сүреді» деп жазылған ғой!». Қазақ дәстүрінде «Жаңбырмен жер көгерер, батеменен ел көгерер» деп құдайдың бұйырған сөзін айтумен, оны тыңдау арқылы елдің жаны көбейіп көктеуін де ескергенді. Ата жолында да құранның кітабы, естің қуаты, жады болған киелі аруақтардан батамен халық көгерудің жолына түсіп еді, оған қарсы әзәзілдің көмекшілері, нансыз қаласыңдар, садақамен байып жатыр деген байбаламмен арсыздықтың бұл белгісін заңмен бекітіп, әлі кезге дейін ашық қудалап, үгіттеуді ел билеушілерінің қолдап отырғандары арсыздықтарына, яғни ібілістің ұрпағына айналып алғанына дәлел бола алады.

   Дін муфтият имандары, ғалымдары Алла тағала сендермен тілдеспейді деп, өткен өмір қуатына жалғануды, рұқтан қуат алуды, болашаққа жанға құпия  білім, құдайдың сөзінен нұр алудың, яғни аянның, уақидың, жобаның жолын жабумен соғысып, әзірге арсыздардың жеңіске жетіп тұрғаны да жалған емес. «…Мұнан соң шайтан Оны қасиетті қалаға (Ирусалимге) апарып, ғибадатхананың төбесіне шығарып, былай деді; -Егер Құдайдың рухани Ұлы болсаң, төмен қарай секіре гөр! Өйткені Киелі жазбада «Періштелеріне Ол Сен туралы бұйрық береді. Сен аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін олар Сені қолдарына көтеріп алып жүреді» деп жазылған ғой. Иса оған жауап қайтарып: — алайда «Құдай Иеңді» еркінсіп сынама!» деп те жазылған ғой!-деді.»

Ата жолына қарсы мұндай әзәзіл арсыздықты атқарушы діншілермен бірге тілші, білімді қауым өкілдері болғаны да жалған емес. «Аруақтың қолдайтыны, жәрдем беретіні рас болса неге пәленше соншама ақша төлеп зияраттап неге жазылмады; арағын, шылымын қоймады, тез байып кетпеді, босқа шығынданды, тоналды…» деген жаппай баспасөз, көгілдір терезелерден құдайды сынап, халықтың ниетін бұрып азғырудың бүгінгі күндері ғана саябырсығаны бар. Сонымен бірге «аққу, сұңқар» аталғандардың шынында аруақтардан ерекше қолдау алып, періштелер көтеріп жүргені де болды. Бірақ мұндай бақты көтере алмай, жаппай өзара дүниемен жарысып, арамды араластырып, шариғатты да дұрыс ұстанбай, батаны жоғалтып, жындарға жалғанып, ата жолын құлатқан да осындай құдай иеміздің еркін сынағандар екені растық.

  «…Содан кейін шайтан Исаны тағы да ертіп бір биік таудың басына шығарды. Оған әлемнің барлық мемлекеттері мен олардың сәл-салтанатын көрсетіп: -Егер аяғыма жығылып табынсаң, бұлардың бәрін де Саған беремін,-деді. Сонда Иса. –Кет шайтан! «Құдай Иеңе ғибадат етіп, жалғыз Оған ғана қызмет ет!» деп жазылған ғой!-деген жауап қайтарды ( (Матай -4) Қазақтың даналығында «Құдайсыз қурай сынбайды» деп қандайда бір жақсылықтың, жаманшылықтың себебін білуге тырысып және солар арқылы ғана рахметіне шүкірлік қылған. Яғни бір жақсылық, дәулет келсе немесе біреулер арқылы сыйға бөленсе де, оның себепшісі жалғыз құдай деп танып, ал оның атқарушысы, арадағы дәнекерін де құдайдан кейін құрметке лайық деп білген. Қарапайым ғана құдай біздің әке-шешемізді, ата-анарымызды жаратып оларға дінін үйретіп, арлы қылмағанда, біздер мұндай керемет болар ма едік? Ал енді ата-анамызды құрметтемей, ұлтымыздың құдай сүйген құлдарынан асып құдайға жақын болмақ ібілістің ұрпақтарының ғана әрекеті екені де хақ.

 Сонымен әрбір пенденің бес қуатты меңгерумен таудың басына көтерілуімен, яғни бір дәрежелі орындарға, халықтың алдында танымал болуға, өнерді, қасиеттілікті  меңгеруіне де себепші болады. «Бес қуаттың бәрі де өнерге салар бар күшін» деген Абай атамыз. Аз ба, көп пе шамасына қарай бес рұқтық қуатты меңгеріп өнерлі, білімді, зиялы ғалым, дінші, ел басшы аталғандардың азы ғана шайтанның аяғына жығылмай, аман жүрегенімен, жындылықтан азат, толық арлы бола алғандары да жоқ қазақ елінде. Ең биік таудың басына шығып шайтанның аяғына жығылған қазақ ел билеушілері; «діннен бөлекпіз» деген ібілістің жолына ашық шығып, 30 елдей сән-салтанты болу үшін ар түгіл, жанды да дүние байлығына, оңай жүйелерге табындырып, құл темірлерге бағындырып, адамдық құндылықты сатып жібергендері хақ. Оған дәлелді ел басшымыздың аузына күнделікті естіп, есті халықтың мезі болып, енді «ақырын берсін құдай» деуден басқа қалмады.

Ал құдайдың берген өнерін саудаға, ақшаға айналдырып жатқандарды тәптіштеп талқылмаса да белгілі оларды «жұлдызды» яғни бақ құсы қонғандар, күнәдан ақталған ұждандылар деп сипаттағанмен шынында арсыз, жансыз шайтаннан болған жындылар деп білген жөн.  Ар білімін берік ұстанушы болуға тиісті жазушы, ақын, философ, ғалымдар және бұл топқа діншілер мен ата жолындағы аққу, сұңқар, сарбаздардың да шайтанның аяғына жығылмағаны азы ғана. Әсіресе саясатшы, тілші, жазғыш, партияшы қауымдардың ел биліктегілер жердің байлығын тонап, бәрі байып, енді құдай да несібесін тоқтатып, халық аштан өлетін болды деген шайтандық байбаламдары да халықты құдай, ар туралы ойланып, ақиреттік қайғыны есіне алмауға, құдайдың алдында есебін ұмытып рухани оянбауына, жанын, аманатын жоғалтуға ібіліске жәрдем беріп жатқандары деп түсінген де жөн…(жалғасы бар Сәуір айы 2016 жыл) 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.