Жер — тегім, қазақтың нәсілі өнген  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 96

Құдайдың құлымын ар сатпаймын,

Дүниенің байлығына қызықпаймын.

Ата дәстүр дінімді ата жолын,

Тура жолы — Алла жібін тарқатпаймын.

Сынауды құдайсызды тоқтатпаймын,

Жаным арға садақа дін сақтайтын.

Қудаланып талай жыл жеңдім дедің,

Масһаб ислам бірлігі болғандайын.

Естіге анық бүгінгі күн, дін жағдайың,

Құдайсыздық орнатып болғандайсың.

Жеңілгенің ел билік осы емес пе,

Қазынаңды ортайтып уайымдайсың.

Толтыруға қазынаны бай-байлайсың,

Жерді сатып халықты неге алдайсың?

Жер өңдейтін тәңірдің ісін бұрып,

Ықылымның заңымен санаспайсың.

Жазасынан құдайдың қорықпайсың,

Жер бермесе қуатын жан сақтайтын

Көктен түсіріп, жерден өндіретін,

Меншігің бе Алла нұры қуаттайтын.

Адастырса пендені кім ақтайтын,

Құдайсыз қурай сынбайды байқамайсың.

Желтоқсан мен Жаңөзен ісі емес,

Дінсіздікті құдайдың рас қаламайтын.

Жындылығың асып тұр ойланбайсың,

Ауру басқа сөз қонбас шайтандайсың.

Жат елдің дүние ісіне есің кетіп,

Пірғауындық уақиғаны қайталайсың.

Жерді сатып, ескі әдетті қайталайсың,

Құдай қолдар дегенді армандайсың.

Құдай бүгін халықты қолдап тұр деп,

Жеңілесің  масқара боп ойланғайсың.

Қазақ жері европа емес «жұрт» жатпайтын,

Аң, құс, жәндіктерді өсіруге жер таппайтын.

Ата-баба қан-тек бар барлық құмда,

Бар әлемнің нәсілін алып қуаттайтын.

Құдайдың патшалығы тұрақтайтын,

Жерде жұрттың есі, ата-бабаң ар сақтайтын.

Жеті жердің ықылымы жеріңде бар,

Нәсілін номад өсіріп жан баптайтын.

Қазақта көп жерлер бар жан баспайтын,

Ақиреттің өмірі ауыл болып қоныстайтын.

Тыныштығын өлілердің бұзбау үшін,

Ата-бабаң киесіне егін егіп, мал жаймайтын

Надандығың дүние, байлық сөз саптайтын,

Заңға сеніп, құдайдан жоба алмайтын.

Құдайсыз елдер соңынан еріп алып,

Өз нәсіліңді өзің жеген шошқадайсың.

Ештен кеш жақсы деген жан сақтайтын,

Қайт райыңнан ел билік, қам қылғайсың.

Өлсең жерің баратын, еліңе қауышатын

Жер ана рұқы назына қалмағайсың.

(Мамыр айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *