Құдаймен бірге боларға …

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 69

Алаңда халқым алаңда,

Жер киесі далаңда.

Егін егер есепсіз,

Жаратпаған байларға.

Тектілік нәсіл далаңда,

Құм деп босқа санама.

Жер киесі топырақ,

Қуаты болар адамға.

Жәндіктің бар түрлері,

Сезім қуат жандарға.

Құс пен хайуан тозақтан,

Тарихтың жады ойларға.

Қазақтың кең даласы,

Бос жатпаған қашанда.

Құдайдың кен қазынасы,

Тазартып жан аларға.

Жер киесін бағарға,

Әлемге қуат  қосарға,

Сақтаған құдай қазақты

Қанағатпен жерге қарауға.

Ел билеген наданға,

Қалтаның қамы назарда

Құдайымен ісі жоқ

Раббыдан келген хабарға.

Отарға шаппай тұрар ма,

Нәпсісін қасқыр тиярға.

Аурудан әдет жаман ғой,

Суық қол пара аларға.

Ар мен дүние қатарға,

Тұрмайды ақыл боларға.

Жалбарынып құдайға,

Тәубесін бер деп алайда,

Тілесек халық жабылып

Түсірер үкімін мұндайда.

Түспейік босқа аранға,

Бас жарып, қол сынарға

Қол қойып хат жазарға

Талабын халық қоярға.

Оған да билік көнбесе,

Қамыңды қыл қалайда,

Егін мен жерің қуарып,

Жұтпен құдай сынар да.

Егін де шықпай, мал өспей,

Билікті шарасыз қыларға.

Шығынға қалып жер алған,

Қайтарар түбі құдайға.

(Мамыр 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *