Қалған еді бір топ жігіт жиылып
Ақырында кетті әңгіме сұйылып
Шықты біреу мақтан қылып күнәсін
Әйелдермен жасап жүрген ойнасын
Деді былай: «Әйел деген аңқау халық білсеңіз
Сене салар бетіне сәл күлсеңіз
Айта берсең құлағына ертегін
Ашып берер өзі-ақ саған етегін
Осылайша мен сияқты бұзығың
Көріп жүр ғой талай әйел қызығын».
Осы кезде сөзді бұзып бір жігіт
Күнәқарға ашуменен жүз бұрып
Деді былай: «Шеттен шықты сөзің тым
Айтшы кәне әйел деген өзі кім!?
Әйел деген дәл өзіңдей адам
Әйел деген кеше сені мәпелеген Анаң
Әйел деген намысың мен арың
Әйел деген қойныңдағы сүйдім деген жарың
Бесігінде жатқанда бөпелеген
Тәй-тәй басса мәз болып жетелеген
Әйел деген қызың ғой еркелеген
Әйел деген қызың ғой «Әке» деген
Әйел деген қарындас «Аға» деген
Бір өзіңді қорғаныш пана көрген
Әйел деген әпкең ғой алдыңдағы
Сен қуансаң қуанар алтын жаны
Аталғандар туыстан жақындарың
Дәл осындай қатынаста елдің бәрі
Жоқ олардың керексіз жаралғаны
Ойын-күлкі, зинаға арналғаны
Айтшы енді зинасымен мақтанған қайран ерім
Сол күнәні жақындарға қалар ма едің?
Қалар ма едің Анаңның қор болғанын?
Зинақорға қызыңның қол болғанын
Қалар ма едің астында өгіздердің
Қарындас пен әпкенің езілгенін?
Жүрегінде дерті бар надандардың
Әйеліңнен дәметіп көз ілгенін
Қаламасаң өзіңе бұл істерді
Өзге үшін оны да қылмас деп біл.
авторы ДАРЫН МУБАРОВ