Кесе көрме бұрымды

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 1

Сұлулықтың шырайы,

Армен ғана көрікті.

Арға зиян әдетің,

Шайтанға берер ерікті.

Арсыз сұлу сезімге,

Көрінбек болып шынайы,

Естілікпен өлшеген,

Дінмен қарап сынайды.

Кессе егер қызың бұрымды,

Бәлеге басы бұрылды.

Қазақтың қанын сақтаған,

Етегін жел ашпаған

Жаулығын анаң сақтаған.

Қазақтың қызы қашанда,

Тегін әке қан-ділмен

Ар-ұятпен қорғаған.

Жүректе ұлт болмаған,

Ұлтыңның сыры, сыны да

Аруақпен ғана қаланған.

Аруағы қыздың періште,

Киіммен ар-деп қорғалған.

Қыз дегенің жерің ғой,

Бақшаға нәрін баптаған.

Етексіз қызың есепсіз

Қарақұмның сусыз шөліндей.

Жаулықсыз әйел азғындар

Сора шықпас кебірдей.

Жалаңаш тастақ жерің көп,

Қыздардай ұят-ар аттаған

Тұздары кетті жеңіл боп.

Мақтанба мұндай жеріңмен,

Және арсыз нәзік еліңмен.

Жауынмен жерің көгерер,

Аманат арды аттамай

Батасыз бақты кім берер,

Дәстүрден кеттің алшақтап

Өліні риза қыла алмай.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.