Құранның терісі мен оңы барды,
Теріске алмақ ібілістің ұрпақтары.
Дін ісін, Құдай ісінен артық қылып,
Тәпсірші көп тіл майда сөз жазады.
Саләф, ханаф, изммен вахаптарды,
Шариғатпен жол атаған сұқбаттары.
Тарихат, мағрипатсыз жолға шыққан,
Адасқандар ақиқатты танымады.
Заң шығарса билік деген құтқарады,
Тапсырып бірін-бірі қудалауды.
Жарнамасы бұл берген діншілерге,
Алланың сынағы деп қуанады.
Заң да емес, тәпсірде құтқармағы,
Ақыл, ғылым үлгісі ғибраттары.
Хикметі мен рахметін меңгерумен,
Халықтың өзі мұнан шыға алады.
Құдайдан қалай билік жоба алады,
Аян, уахи ескертуін құп алады.
Әділетті заң шығарып ар ұятқа,
Рахымы мол жаратқаннан сый болады.
Ер басшы, билер болса ар ынсапты,
Дөп басып қияметтің емін тапшы.
Бұл бір әлемді толғантырған,
Қазақ ұлты әлемді де құтқармақшы!
(Шілде айы 2016 жыл)