Меңгерсең қазақ ғылымын

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 36

Үш мүшесі ғылымының,

Жүрек, қайрат, ақылың.

Үш сипатта қуаты

Жіктеп көрсек танымын.

Жүрек қазақ тілінің,

Айнасы ұлт ділінің.

Қайрат жын қуаты,

Орыстан алған нәсілін.

Жарығы ақыл білімің,

Ағылшыннан алмақ ілімін.

Білімді ақыл деп жүрген,

Ібіліс болды билігің.

Оқымай Абай ғылымын,

Ұстаған білім тізгінін

Жер тәңірісі болмақшы,

Түземек елдің тірлігін.

Басшысы бүгін білімнің,

Білер ме жан күйінің,

Жетесіз өңкей ел билік,

Қас жауы ана ділінің.

(Шілде айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *