Ағартушылық  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 181

Молдалар тәпсірмен берер кеңес,

Тәпсір білім Құдайдың сөзі емес.

Таза ақыл құдайдан сөз бейнесін,

Аян, уахи алмаса сөз түзелмес.

Дін ісін басқарады қылмай кеңес,

Ой жорыған жетесіз көп кеңкелес.

Бір тілді жараттым деп түсінуге,

Ұлт ділінсіз елдің жанын көбейтірмес.

Ділі білімі бақшасы жеміс бермес,

Ішіңде қар жақпаған күнә өлмес,

Еңбексіз құр тілмен қан тазарып,

Мал етіңді жұмсамай сәжде емес.

Тағдырын жаратқаның біліп, көрмес,

Бассыз қалған билеуші жыннан елес.

Мойын мен құр кеудесін сүйреткендер,

Сырты қазақ іші басқа дін меңгермес.

Үш тілменен ғылымды болмақ емес,

Ділден қуат жетілмей ғылым білмес.

Жүрек, қайрат ақылдан сана болмай,

Білім біліп ой бақшасы өсіп-өнбес.

Дін басшылар жетесіз сөз түсінбес,

Сан ғылымы ойына еніп білмес.

Қазақ ұлтын қасіретке байлап, матап,

Екі бақша –екі күнің жарық бермес.

(Қыркүйек 2016 жыл)

*****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *