Қияметтік сын сағатының белгілері

Бөлім: Қиямет-Сын сағаты белгілері 68

Раббымыздың ескертуімен қазақ елінің жарты жылдық сын сағатының жағдайын алдын ала хабарлап отырғанымыз көптеген оқырманға да таныс болар. Өткен қыркүйек айы жалпы қоңыр салқын шаруаға да жайлы болып, бірақ халықтың жер мәселесінде қарсылық білдіруі болады деп ескерткенді. Бұл жағдайдың уақытша шектеу қойылуымен, бірақ әлі халықтың, дінннің жағдайына қарай шешілмегені де белгілі. Олай болса ел билігі Раббымыздың ескертуіне қарсылығын жалғастырумен сынақтардыңда артуына себеп болып жатқаны сөзсіз. Енді осы айға тоқталсақ;

Қазан айы; «Алғашқы 10-күндігі жауын-шашынды болады. 15-нен кейін арты қарға ұласады. Жолда жүргіншілердің абай болуы керек. Жол апаттары көбейеді. Мал аурулары көп тарайды. Әсіресе қара мал етінен абай болу керек.» деген ескерту берілгенді. Бірақ тіл, дін, жер және ар, ұятылық ата жолының жағдайы тұрғысында қазақ дәстүріне сөз жүзінде мадақталғанмен, іс жүзінде ел биліктің және білімді қауымның қарсылықтарына қарай, жалпы халықтың ар, ұятылық тұрғысында күнен күнге азғындауына байланысты, қазақ еліне түсетін сын сағатының белгілері де артқаны сөзсіз. Соынымен Раббымыздан түскен белгілерге жүгінсек;

Алдағы уақыттарда Алланың үкімі түсіп, бөтелкеге әуестердің тынысы тарылады. Қазақтың дін дәстүрінің өз дәрежесінде меңгере алмауынан адасушылық артады көптеген келеңсіздіктер, бүліктер пайда болады. Байлықтан құт кетіп, байлардың азабы басталады. Дін басшыларына, имамдарға, дін ғалымдарына сынақ түседі. Дін басшылары абыройсыздыққа ұшырап, құлайды. Діннің күйреуіне байланысты жұт келеді. Оның белгісі аспанда құзғын құстардың топ-топ болып пайда болуы, өз жемтігін жер бетінен іздеуі көрніс береді. Ел билеуші, білімді қауымдықтарға, ата жолын терістеушілерге, құдайдың азабы түсіп көбісі жоғалатын болады. Қазақ туы жерге талай түсіріледі. Аяғын кердең басқан, еркектерден өзін үстем көретін қатындар мезгілсіз ажал құшатын болады.

Жел шулап, жер ана тулайды. Кей мекендерде жер сілкінудің апаты болуы да ықтимал. Ақ қараға, қара аққа айналады. Көзі ашық, көкірегі ояулар, Алла жолында мал, жанымен соғысуға шығып, Мәділік қасиеттерді меңгере бастайды. Халықты да соңдарына ертеді. Бірақ барлығы бірдей жетістікке жете алмай құлайтындар да болады. Себебі шашын жайған тыр жалаңаш шайтандар көктен жерге түсті, жаулықсыз, етексіз, жалаңаш жүретін әйел, қыздар азғындығы күрт артады. Қасиетті әйелдердің көріпкелдігі қасіретке айналып, теріс ақпараттармен халықты да азғыруы артады. Еркектер жынданып ақырады, әйелдер жаланады. Қыз балаларының өмірге келуі азайып, ер балалардың туылуы артады, мұның себебін Бір Аллаға ғана белгілі болмақ. Пенделер азапқа түсіп жоқ іздейді, сандалыс көбейеді, бірақ не іздеп жүргендерін өздері де білмейді.

Европа елдеріне де су апаты келіп Франция мемлекетін су басады. Сол сияқты биік ғимратты елдерде де түрлі апаттар жүреді. Қиыр шығыстан тас көтеріледі. Күшті дауылмен жел соғады, жолдағыларын түгел қиратады. Көптеген әулиелер басы лайланады. Бекет ата басында осы таңда осындай жағдай орын алды. Киелі орындардың ластануынан қара күштердің елге тигізетін зияны артып талайларды жын соғады. Әлем елдері мұндай бұл қайғы –қасіреттерге ұрынады да шығу жолын іздейді.

Бірақ мұның кілті қазақ елінде ғана болып, қазақтың ел билеушілері, білімді қоғам өкілдері, діншілердің ібілістің атқарушысы болғанын түсінетін заманда келеді. Қазақ ата жолын түбінде әлем ғалымдары зертеуге тұрып, қазақ халқыныңда ата дәстүрін меңгеруге ықыласы оянады. Қазақ тілінің мәртебесі әлемдік деңгейге көтеріліп, қазақ діл білімінің қадірі артады. Бұндай Алланың қайғы-қасіретінен кейін Зәуір келеді, мұнымен бірге ел жақсылық дәуір келеді. (қазан айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *