Қасірет келсе басыңа,
Екі қол амал ісінен
Екі өмір тағдыр жазуда.
Садақа беріп малыңа,
Қосасың қуат жаныңа.
Көгеріп-көктер жолыңда,
Жобасын алып тылсымнан
Қиямет-қайым туғанда,
Кеш болар басты сауғалау.
Жаның дерт, тәнің отын боп,
Ақталар сәттен аттасаң
Арам жеп, әдеттен тиылмай
Көзіңе көпті ілмесең
Ішің май сыртың толған у,
Сәкәкүл күлкі дүптесең.
Кеш қаларсың көшіңнен,
Сапарға ақтық атансаң
Адалдан алмай жүктелсең.
Көшіңді түзе бар жөнде
Сезімді жалау ғып тұтпағың
Көңілді кеңге сал пенде.
Жүректі ақтар азғанан,
Тазартып нұрмен арамнан.
Тізгінде басқын қадамды
Тау-тастап ізден киесін,
Әулиелі орын ойпатты.
Аралап киелі жеріңді,
Ізде, тап мәңгілік өмірді!
**** ****