Зікір-Сиқырдан арылу

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 39

Қазағымның тойына,

Ақ шашуды нәсіп ет!

Тойтарыс беріп бой жынға,

Көп игілік нәсіп ет!

Нығметке бөлеп халқымды,

Шер-мұңынан азат ет!

Дүниелікті тәрк етіп,

Ақиретке бойлап жүзуді,

Тағдырына сыйлық ет!

Шошқаның тоң терісіндей,

Қалыңдатқан періден азат ет!

Жөңкіліп шаба беруден,

Ес жоғалтудан тасыр ет!

4 кітаптан үлес алуын,

Берекеге бөлеп тағлым ет!

Жөнсіз мал шашудан,

Тоқтамды салып өт!

Ризалыққа кенелуді,

Көңілге Алла медет ет!

 (Маусым 2018 жыл)

****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *