Қажырлық сыйы Алланың,
Сүйгені жақын құлдардың.
Нұрынан шашқан бөлшегі,
Төбеден тоғыз жалғаудың.
Бой өрісін түзетсе,
Дәні егілер жүрекке,
Егін боп рұқың өседі,
Сенімің тұрса күзетте.
Солқылдақ мінез қарсысы,
Жын болып өскен нәпсісі.
Шаршатар тектен иманды,
Бұзықтықтың да тоғыз бар түсі.
Әлсіреп иман жоғалар,
Ақ кітаптан нәсіп ажырар.
Ұстатпай қолға қиналтар,
Келтірдім, деп иман алдантар.
Табандылық пен өріс егізі,
Түрлері іштен сегізі.
Сегіз қыр бір сыр болмаса,
Құлшылықтың болмас жемісі.
Ризықты көбейтер рәуіш қой,
Иманың жанға азық қой.
Құпия білім жазылған,
Тағдырға жоба анық ой.
Қадырын ұқса оның адамзат,
Құлшылығын ұстап қолға алмақ.
Сабырға тәрбиелеп өзді-өзін,
Сыйына қажырлық жалғанбақ.
Дән болып егілген иманың,
Жеті сабақты болған бидайың.
Әр сабақта жүз дәннен,
Өнімін ғылым жинайсың.
Аруақсыз бермес мол жемісін,
Біздермен болмай келісім.
Қараңғыдан жол тауып,
Кеңітпес жанның өрісін.
Құр тілге салып айтқанмен,
Келмейді иман, қол жайғанмен.
Сусыз қурап қалған егіндей,
Жеміс бермес миуасы алғанмен.
Егіндік болар әйелдер,
Бақшасы ойдың гүлденер.
Ғылымның дәнін өсірер,
Малын жайып еркектер.
Жартысы қажыр әйелде,
Жардан қуат он теңге.
Бір теңгесін жоғалтса,
Тоғызбен діл өнген бе?
Жартысы қалған әлемде,
Ер ісі мұны меңгерсе.
Келтірдім деген иманды,
Жұлдыздан қашық сүмбіле!
Екі жарты бүтінге,
Бір қуатпен көбейте.
Тоғызды төбеден келтірген,
Қажырлық сыйы еркекке!
(Шілде 2018 жыл)