Ұждан және маңдай көзі(58)

Бөлім: Зікір өлеңдер 54

Маңдай көзі жабылған,
Аманаттарын жасырған.
Пенделер көп қазақта,
Мақтаны намаз оқыған.

Құдайдан хабар ала алмай
Маңдай көзі ашылмай
Тікелей жынға жалғанып,
Перілер көп тасынған.

Жындылардан топ құрған,
Пәншілдікті жол қылған.
Өткеннің таңдап жақсысын,
Тура жол, деп шоқынған.

Жүректің кірі тазармай,
Жеті өрісін толтырмай.
Белгісі шала білімін,
Ақиқат деген осылай.

Күнәдан тілмен ақталған. 
Сөзбен түртсең іштерін, 
Хабары келер ашудан.

Дүдәмал сөзбен болжамдап,
Болдым деп сопы мақтанад.
Тазартпай тағдыр мастығы,
Күнәдан жасырын ақталмақ.

Әркім өзін ақпын дер
Құдайға өзім жақтым дер.
Қасиеттің көзі былғанған,
Амалы жоқ, сөзден тақ мінер.

Түзетпек болсаң тартынған,
Қағыс естіп шошынған.
Түзу сөзді дұшпан деп,
Қарсылық шығар жақыннан.

Әйелдер көп қазақта,
Сұр жылан боп атылған.
Қылдың деп, мені мазаққа,
Сор маңдай болған жасынан.

Ар-ұятты жинамай,
Басынан сөзді асырмай.
Қаншықтай қылық қағынған,
Айналып қара қатынға-ай.

Маңдай көзі ашылмай,
Санаға қуат қосылмай.
Дінде таза бола ма,
Қасиеттің көзін аршымай.

Жеті ата текке жалғанбай,
Жүктерін алып тазартпай.
Перінің салған ойларын,
Тектілік дейді арланбай.

Ұждансыздық осындай,
Турасын жолдың таба алмай.
Ой жорыған қазақта,
Жолына ата қосылмай.

Шариғаттың біліп парызын,
Адамдықтың өтеп қарызын.
Жолға керек азық ал,
Көруге сырын тағдырдың.

Тарихтан алып тағлымын,
Аталар жолын бағытын.
Мағрипатқа есік аш,
Келтірер құран шындығын.

Маңдай көзі ашылған,
Үкі құспен жалғанған.
Екі арадан хабарды,
Жеткізуге қосылсаң.

Қасиеттің бұл қонғаны
Қауырсынға асыл жалғауы.
Түгелдеген төрт кітапты,
Төрт жақтың тең болмағы.

Арыстандай баба ілімін,
Меңгерген түгел әлемнің.
Жалғандың деген ишарат,
Жол көрсетер үкінің.

Пайғамбардай Мұсаға,
Жалғанған жол-жобаға.
Үлгісінен бұл ғибрат,
Қадірін алған қолға да.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *