Ақша мен мал

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 76

Ғисадай пайғамбардан таңның желі,

Таза ақыл рух меңгерген кемеңгері.

Құпиялап насихатын айтып кеткен,

Қазақта көп сөз астарын шешкендері.

Бес торғайды екі тиынға сатып алар,

Ғисадан осындай нақыл қалғаны бар.

Менің қаным сендерге шарап деген,

Ал етімнен адамзаттың наны болар.

«Нан» мен наным рухтың бұл киесі,

Ана қаны ділінен еттің боп несібесі.

Ал қаннан ақ түсті шарап болып,

Адамзаттың тағдыры болар ана сүті.

Мал деген еттен шығар қуат деген,

Жүз еттен жүз түрлі адам қуат терген.

Бұл қуаттар дененің толтыратын,

Ақ түсті болғасын ақша деген.

 

Адамның ақша деген тері қаны,

Ақшаға байланысты істің бәрі.

Ардан сауыт кимеген әрбір пенде,

Ақшасын жын-шайтанға ұрлатады.

Ақшаның да бар күміс және алтыны,

Алтын адам, ол қазақтың түп анасы.

Әйелдің ақшасының бұл сипаты,

Ежелден сақтың болған діннен салты.

Күміс белбеу, дулыға, сауыт киген,

Қуатын теріге бабалар жинай білген.

Қыста тон, жазда шекпен, былғары етікпенен,

Оқалап, бас киімді айрықша дәріптеген.

Мың түлеткен терісін, мың тірілткен,

Саудасын ақиреттің жетік білген.

Мол қазына қанымен терге жинаған соң,

Біздерге кең байтақ жер мұра берген.

Ақшасы бардың дүниеде аз ғой мұңы,

Қаны таза адамның ағашы мықты тегі.

Саны мен сапасы оның бірдей емес,

Орнына жұмсағанның жоқ бұл бір кені.

Еркектер теріге ет, қаннан ақша жинар,

Бұл ақшасы жарына зейнет киім болар.

Ал әйелден қаны шарап, ақша болып,

Ақшасынан ердің қаны тазарып, сана ашылар.

Бұл сырды дана қазақ мал деп айтқан,

Адамзаттың малы өседі басты баққан.

Бас екеу болмай, мал екеу болмас деген,

Екі бас екі теңге ақша еді болған.

Жаратқан ерге берген төрт некені,

Ер терісі төрт әйелге тең  жетеді.

Ерден төрт, төрт әйелден ақша алған,

Теңгесі сегіздерден рухани байлық, тек өседі.

Сегіз жаннат сегіз теңге, бір боп жүрек,

Ерлерде бұл қуатты қыры демек.

Сегіз қырлы, бір сырлы болу деген,

Сегіз жаннаттан несібесін іздеп көрмек.

Жаннатпен айырбастадым деп мұсылманды,

Раббымыздан астарлы сөз аят бар-ды.

Ата жолда сегіз жұлдызға жалғанатын,

Құлшылығын кім енді шеше алды?

Он бір жұлдыз сәждесі күн мен айдың,

Жүсіптей пайғамбардан сөз қозғайын.

Жүсіп жолын меңгеру сүннет болған,

Пайғамбарлық намаз еді орындайтын.

Он бір жұлдыз сәулесі айға түсіп,

Ай толады,  күн алтын жібін беріп.

Жер бетіне оқылар кітабы мезгілдердің,

Құлына жүрегі ашық, Алланың жібі болып.

Он санды бұл құранда Рағыд деген,

Бұл хикметін алғандар ғылым көрген.

Жиырма бір жұлдыздан жіб алғандарды,

Қазақта әулие-әмби деген атақ берген.

Он бір жұлдыз күн мен ай жалғанар,

Сәждесіне Жүсіп жолын алғандар бар.

Сегіз жұлдыз Мұхаммедтей пайғамбардан,

Масһабта бар ма бұндай ақша алғандар.

(Желтоқсан 2013)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *