Ақтың бастауы(276)

Бөлім: Зікір өлеңдер 224

Түрленер таңба белгіге,

Тәңірлік қуаттық жүйеге.

Жетпіс алты таңба Құдайдан,

Жалғанар мөр үніне.

Ақ бастауы мөрдің өмірге,

Белгісі түскен Қазақ жерінде.

Сөз бен үнді қосатын,

Ақиқат ділмен, тегінде.

Қазақтың сөзі ұзынды,

Алладан көп үн сыйғызды.

Табиғаты сөз үнімен,

Иіспен жұпар өнімі.

Атадан қалған аманат,

Нақылмен сөзбен көп қуат.

Мөрленген жүрек ашылар,

Дәстүрімен болса ата салт.

Алладан түскен төрт кітап,

Үнінен тарап хақиқат.

Көкпенен жерді жалғайтын,

Жерінде қазақ — кие ойпат.

Алланың ірі таңбасы,

Тәңірлік таза қуаты.

Ойпаттан шығып өмірге,

Жер басар адам баласы.

Ойпатпен көктің жалғауы,

Ағашы тектің санаулы.

Көркем сөзбен өсірген,

Бұлағы өмірдің бастауы.

Үмметім, деп Алла елшісі,

Мүміннің болар еншісі.

Құранмен намаз оқитын,

Орны көп деген жерде тиісті.

Оқылған намаз ойпатта

Жалғанып тілек, дұғада.

Талпынған әрбір жандарды,

Самғатар биік шыңдарға.

Белгісі түсіп жандарға,

Жалғанып көкке жұлдызға.

Белгісі боп құс жолынан,

Маңдай көзбен жобаға.

Алданбай бос үмітте,

Шын сенім болса жүректе.

Түсірер Құдай жобасын,

Құпия білім иман келтірсе.

Орындалмай намаз мүлтіксіз,

Бес уақыт намазың үмітсіз.

Босқа өткізген мүлгумен,

Екі игілік болмай есепсіз.

Сираттан жүрген өте алмай,

Шындығын Алла еске алмай.

Құлаған көп ақиретте,

Қауымын түзеп кете алмай.

Тақуа сол, шындық келтірген,

Құпия білім жанды өсірген.

Тәпсірден шындық еленбей,

Білімің болар көлеңкең.

Келтірген үнмен шындықты,

Құранмен жеті үн бекіпті.

Мұхаммед елші, пайғамбар,

Кітабынан уахи бермекті.

Кітабын құран тарқатқан,

Әлемге рахмет қуаттан.

Әр ұлттың ділі, тілімен,

Үніне құран жалғантқан.

Әр ұлттың бөлек парасы,

Ішінде адам аласы.

Нәсілмен бекіт тегіңді,

Өсіріп ділден сананы.

Орта топ арап парасы,

Түркілер болып жалғасы.

Шариғат базар дін ісінен,

Тарихат, мағрипат жалғасты.

Аманаттап беріп құрманы,

Кітабын құран жалғауды.

Ясауидей түркілік балаға,

Тапсырған Арыстан бабасы.

Жалғасын тауып бастауы,

Түркістан діндер отауы.

Укашадай сахаба,

Мәңгілік өмір жалғауы!

Отырар жанның мекені,

Жетіліп жандар өседі.

Көкке шығар күміс саты бар,

Арыстан бабадан тарап есебі.

Нұрынан берер несібе,

Жалғанып ақирет өмірге.

Өліммен тұруға кездесіп,

Тағзым қыл Отырар жеріне.

Жүз мыңдай әскер қырылған,

Таңбасын өлім салдырған.

Қазақтың тегі азғанда,

Ажалмен Құдай сынаған.

Паташалығын Құдай орнатар,

Жерінде қазақ таңбалар.

Ақ бастау өмір бұлағы,

Жерінен Түркістан басталар.

Яссуидей қазақ данасын,

Пайғамбар рұқы жалғасын.

Надандар жүр ұғынбай,

Тарқатқан құран парасын.

Меңгерген сәни дәптерді,

Кітабын құран білмегі.

Тағдырмен мирасы қожалық,

Нәсілімен номад бермегі.

Руға санап қожаны,

Қазақтың болды азғаны.

Құдайдан ғана келетін,

Ортақсыз қожалық жандағы!

Төбеден тоғыз келетін,

Ғисамен тегің беретін.

Кісілік қуат торқамен,

Төреліктен ғылым өнетін!

Іліммен білім ортасын,

Парасын тектің бастауын.

Сөзімен қазақ мирасы,

Аманатын ұрпақ алғансың!

(Наурыз 2019 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *