Ақыл, білім, сауат және біліктілік  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 167

Ақыл күші әлемді қозғап тұрған,

Ақыл тілмаш білімді ұғындырған.

Ақыл беріп  Адам атамызға,

Жаралыстың қасиетіне ат қойғызған.

Ілім судан ғылымның тегі болған,

Жан-ғылымнан сыры мен қуат алған.

Білім тегі оттан жын жаратылған,

Ібіліс жыннан біліммен теріс ойың алсаң.

Ілім — ақыл, тегің — Адамдық үнің болған,

Ілімнен дін білімің жаратылыс сырын алған.

Ілім мен білім ортасын ақыл қылған,

Біліктілік адамзатқа сынақ болған.

Дана болар іліммен білімді алған,

Даналықты парасатпен жолға салған.

Білікті деп атайды мұндай жанды,

Ғылымнан құпия сырлы кітап алған.

Сауап деген құлшылықпен қуат алған,

Кішіпейіл, жомарт, адамдық деп аталған.

Салауат деп атайды иіліп, именуді,

Құлшылығың текті алып сауат болған.

Тектілікті, жетеліні сауатты деп атаған,

Ұғымды боп ата дәстүрін әдет қылған.

Жын қуатын меңгеріп, таза ұстаған,

Сауаттылық ер азаматқа лайық болған.

Даналық-аналардан, еркектерге біліктілік,

Құлшылығы түгелденген құдай ісін біліп.

Әй дейтін әжелер бар дана болған,

Қожа қойшы, елші болар құдайдан жоба көріп.

Ақылдан ес, естілікпен жан өсіріп,

Сауат керек ерлерге ұғымдылық.

Салауатты, ділі жұмсақ нәзік жанды,

Білікті ерден ұрпақ туар айтар билік.

Сауаты көп адамдар, шатастырған,

Жазу, сызу, өнер, біліммен атастырған.

Біліктілік-біліммен, ілімді түгел алсаң,

Ақылдың тәрбиесін меңгерсе адам.

(наурыз 2015)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *