Бақытын көп іздеген  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 47

Бақытын  адамдар көп іздеген,

Рахат пен қуанышын өмірден.

Пенделіктен  егер болсаң сен аулақ,

Бақыт құсы орын алар кеудеңнен.

Қызғанбасаң бақытты деп өзгелер,

Сабырмен, қанағатқа бол шебер.

Әр пенденің бақыт құсы аспанда,

Аққан жұлдыз несібең боп жерге енер.

Жер ананың ойпаттарын кезгендер,

Даналықпен табан жалғап нұр көрер.

Бар мен растық өзі болып жаратқан,

Оянып ұждан, бойға қуат нұр енер.

Ата жолың мирасың бар тағдырға,

Жол мен жоба жүгіңде тұр алуға.

Тазарта біл тағдырыңды күнәдан,

Жеті аруақ санаға серік жалғауға.

Тәтті сөзбен, мақтан атақ  құмарың,

Естіртпейді тағдырға берген аянын.

Көре алмасаң арттағы жүрек мұң зарын,

Ала алмассың Раббың сыйлар маржанын.

Ғибрат алып тарихың мен шежіреден,

Ата-бабаң дін дәстүрлі кезеңнен.

Жүрегіңді тазартасың сен онда,

Әулиелердің үлгі алсаң сөзі мен ісінен.

Даналықтың жолы даңғыл бола ма?

Тура жолға ақыл толмай жалғар ма.

Абай атаң өсиетіне жалғанбай,

Масһабшы боп қазаққа бақыт қонар ма?

Алланың жібі тағдырыңа екі ізгі,

Өнер қуат, байлығың боп үш түрлі.

Ата-баба салт-дәстүрін бойға алып,

Ой түзеген аян алып жолға түссе сол игі

(наурыз 2015 жыл)

****   ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *