Ар, махаббат, иманың

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 77

Сөз қалдырған даналар,

Нақылын ұрпақ бағалар.

Сан ғылымын меңгер деп,

Білімін өсиет шамалар.

Ар білімін ардақтап,

Асыл сөзді салмақтап.

Ар артық деген жаныңнан,

Жанды тұрмақ ар сақтап.

Білімді болып бүгінде,

Шет елдің алып тегін де.

Салты мен әдет,  еркіндік

Арсыздық болды елімде.

Сөз түсінігі жоғалған,

Ар өлшемі иманнан.

Киімсіз бас зейнетсіз,

Арлы боп енді аталған.

Сөз ұқпаған надандар,

Суық миға жын толар.

Бас қадірін меңгермей,

Ар болама ойлаңдар.

Жеті күннен бой болар,

Бой жарығың ар болар.

Екі күн жарық баспенен,

Киімсіз жанбай қор болар.

Бес күнің төмен денеде,

Төртеуі сынақ пендеге.

Төртеуің түгел жарық боп,

Беспенен жалға Иеге.

Жеті жұлдыз сәулесі,

Ар болар сауыт денесі.

Баураған бұл махаббат

Жанның да болмақ егесі.

Махаббат, иман, ар болып,

Серігің ақирет жан болып.

Рухыңмен бірге қосылып,

Жаралмақ қайта жан болып.

Жеті жұлдыз-Мұхаммед,

Құранда аят бар дерек.

Өмір бойы адамзат,

Ішіңде болдым деп өсиет.

Ар, иманың махаббат,

Мұхаммед болып аталад.

Әлемді саған мен баста

Жараттым деген мен арнап.

Құдайдан ұшқын аталад,

Асылың тегің Мұхаммад.

Жеті сүйек сәждесі,

Аруағың болып жаралад.

Алты ақыл, бір жаның боп,

Аталдың пенде Адам боп.

Тамшысы нұрдың киесі,

Мұхаммед деген сөз болад.

Ар және бұл Уақ болған,

Адамзат мұнан жаралған.

Құдайлық баста Мен еді,

Пайғамбар- Адам ат алған.

Өмір болып ішіңде,

Көрінген уахи түсіңде.

Жанның негізі Мұхаммед,

Жұлдыз боп жеті түрінде.

Жетімен кие әулиесі,

Жеті үнмен құран бейнесі,

Таза ой, таза жан болған,

Мұхаммед Алла елшісі.

Аруақ деп Алаш атаған,

Алты алаш ақыл бола алған.

Алтауы араз қылмайтын,

Түркілік дәстүр аталған.

Төрт кітап түсіп бір болған,

Исламға елші пір болған.

Араптан шығып Мұхаммед,

Бірлігі діннің құралған.

Уахимен көріп Раббыдан,

Укаша баба түркі жұртынан.

Кітабын шежіре апарып,

Құранға сүннет боп қосылған.

Жетімен тура жол болған,

Укаша бабаң бата алған,

Арыстан баба құрма алған.

Ясауидей туған данаға

Тоғыз жол торап түгендеп

Пайғамбар жолын жалғаған.

(Сәуір айы 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *