Category: Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын

  • Аққу, сұңқарларды қалыптастыру мен міндеттері туралы.

    Ата жолының ең басты рухани бұлағы жүректердегі пердені, яғни мөр ашу болып саналады да,  оның  бар жұмыстардың атқарушысы мен ата жолының ғылым-білімдік, тура жолдық шараларын қалыптастырушы болып, әрбір ата жолына келген пендеге иманын іздеуге жетекшілік ететін аққу сұңқарлардың тақуалық бейнесін қалыптастырумен ғана атқарылады. Сондықтан осындай қасиет, дарындылықтарды меңгере білген әрбір аққу, сұңқар өзінің білімділік, ілімділік шамасына қарай белгілі бір қасиеттің пірлері болған әулиелер аруағы мен пенде арасындағы аяттарды, хабарларды жеткізуші елші болып саналады. Ол үшін де әуелі 9 жыл сынақ мерзіміндегі тән мен рух, жан, сезім арасындағы 3 түрлі қараңғылық пердесін тазартумен, жарыққа айналдыру арқылы иманның 60 бұтақты дәрежесін меңгеру шарт. (more…)

  • Ата жолының және масхаб ұстанымының шерік қосылу қағидалары.

    Енді жалпы шерік қосу дегеніміз шариғат ұстанымы бойынша; арам тамақ жеуден, некесіз жыныстық қатынас жасаудан және түрлі жағдайда жаратылыс түнек күштеріне, жалған тәңір қуаттарына табынудан пайда болады. Бірінші жағдайда тән бұзылып, еттердің өліп, иістеніп сасумен бірге жараларға айналумен түрлі ауру, азаптарға душар етсе, екінші жыныстық қатынас арқылы рухани азғындық пен ақыл-ойдың жетілмей қалуын, әйел жатырынан пайда болатын теріс қуаттары арқылы еркек санасының жабылуын туындатса, керісінше еркектің белдік тазармаған теріс жыныс қуаттары арқылы әйел сезімінің қараңғыланып, нәпсі күш алып, шайтандық қылықтарының жетілуімен, алақаннан пайда болатын сенім қуаты, алақан жылуы да жоғалуы, керісінше мұндай некелі әйел затының қолының улануы даусыз. (more…)

  • Ата жолының Фатихасы және Жеті Жарғысы:

    1. Тіл және жан ұя. «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алла аты.» (Рахман)
    2. Әдет- ғұрып, салт-дәстүр. «Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән.»
    3. Тарихты жаңғырту.  «Аса қамқор, ерекше мейірімді. (Раббымыз)»
    4.  Діни ұғым. «Қиямет күннің иесі.»
    5.  Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын. «(Әй Алла) Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз!»
    6.  Тылсым күш. «Бізді тура жолға сала көр!»
    7.  Оян қазақ.  «Нығметке бөленгендердің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!» (more…)
  • Ата жолының мағрипаттық білімі туралы және әулиелер кітаптары.

    Сонымен бұл жағдайдың алғашқы жандық және рухани сырын баяндаған алтыншы басылымда; «Ар мен уақ және ман қуаттары» аты кітапта жазылған 9 түрлі адам баласының сыртқы әсері болған рухани сезім қуаттарын, ар өрісіне шерік қылып қостырудан, жалаңаштықтан, ұятсыз, арсыздықтардан пайда болатын аурулар туралы жазылған болатын. (more…)

  • Ата жолының тарихаты және сопылық негіздері.

    Тарихат дегеніміз шариғаттан ажырамай бірге орындайтын, заман біліміне, рухани жетістіктерге байланысты кеңітілген түрде ұлттық масхаб  білімімізбен, замана білімімен жетілдіру үшін Раббымыздан түсірілетін қосымша аян-аяттарды, нұсқауларды алумен және дін ортасы жамағат қағидасын сақтай отыра, барлық дінге ортақ исламдық шарттардың, пәтуалардың білімдерін жетілдіріп, қалыптасуымен ерекшеленеді. (more…)

  • Тән және рух тазалығына байланысты ата жолының хикметтерінен ғибадаттар.

    Жоғарыда Ақ ұлдың қазасы тамақтан және әйел затының аяқ арасы мен қолынан жала жабылып, оған жәрдемді қасындағы уәзірлерінен ала алмағанын ескерткенбіз. Әрине олардың көбі бұл жағдайды мойындай қоюы да екіталай. Сонымен Ақ ұлға тамақ туралы ескертілген мезгілде, біздердің арамызда бұл тәжірибеден өтіп, көптеген хикметті істерге жолыққан шәкірттеріміз де болды. (more…)

  • Ата жол діни философиясы, яғни ақыл-ойдың және логиканың мектебі.

    Жақында Астана қаласының әкімі Иманғалы Тасмағанбетов мырза мұғалімдер қауымын жинап алып жақсы бір жас ұрпақтарды тәрбиелеуге арналған мәселе көтерді. Яғни мектептерде «логика» сабағын оқыту керек деді. Енді психология ілімінде логиканы философиямен байланыстырып, ал естілікті ақылдың аясындағы есте сақтау ұғымымен түсіндіреді. (more…)