Тән және рух тазалығына байланысты ата жолының хикметтерінен ғибадаттар.

Бөлім: Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын 101

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Жоғарыда Ақ ұлдың қазасы тамақтан және әйел затының аяқ арасы мен қолынан жала жабылып, оған жәрдемді қасындағы уәзірлерінен ала алмағанын ескерткенбіз. Әрине олардың көбі бұл жағдайды мойындай қоюы да екіталай. Сонымен Ақ ұлға тамақ туралы ескертілген мезгілде, біздердің арамызда бұл тәжірибеден өтіп, көптеген хикметті істерге жолыққан шәкірттеріміз де болды.

Әзірге өз басымнан өткен хикметтерді ғана баяндай тұрайын, кейін ата жолында жиналған, тәжірибеден өткен басқа деректермен де салыстыра толықтыра жатармыз. Жоғарыда алдын-ала исламдық дін шариғатын мойындамаған күнәлар мен арсыздықтан пайда болатын тәндегі өзгерістер мен аурулар түрімен таныстырдық. Бұлардың бәрінің жеке-жеке түсінік кітаптарын да және емдеу тәсілдерін де жазуға болады. Бірақ оған әлі ерте, себебі жан сырының көптеген құрия сырлары мен аталарымыздың меңгерген жан сырының білімдері әлі толық баяндалып біткен жоқ. Сондықтан мысалы қан ауруының ең әлемдегі кең тарап, қазақ елін де қамысқа түскен өрттей қаулап, сіздер мен  біздің де ортақ қазынамыз мемлекет қаражатынан миллиондап қаржы жұмсалып және ондай күнәкәрлардың ауырғанын дәрігерлерге міндет, жүк болған қанттың көбейіп, «инсулин» тапшылығына ұшырататын ауру осы ата жолының негізгі зиярат, ізгілікті шараларының емдеу қағидаларының негізі  болып табылатынын біле бермейміз.

Қазақша ұйқы безінің ауруымен және табан, алақан арқылы сырқаттық жағдайын анықтап білінетінін мұқият есте сақтап алыңыз. Құран философиясы бойынша «Мен олардың малдарының құлақтарын тілемін» деген шайтанның уәдесі бойынша, адам тәнінде негізінен 16 без, мал көздің болатыны және еркек, әйел барлығы 32 сәжде періштелер санымен, осы жан азығының ошақтарын таза ұстап, періштелік дұрыс азық қуаттарымен қамтамасыз етумен құлшылығымыз да   ерекшеленеді. Бұл 16 саны Қажы бабаның зиярат басынан табылған шырағданда көрсетілген. Яғни біздің жыл санауымыздың алдында да рухани емдік, шипалық тәсілдерді бабаларымыздың жетік меңгеріп, барлық жаратылыс нәрселерін, мейлі ғылым болсын парымен болатынын ескерсек, онда бұл қазақ еліндегі таңбаның медицина тәнді емдеу іліміндегі; құмыраға оралған жыланның екінші рухани емдік белгісі, мөрі болып саналады. Ал енді үшінші жанды емдеудің медициналық таңбасы ата жолында ордаларда жағылатын шырақ болып, оның негізі Мұхаммед пайғамбарымыздың нұры болып, Иерусалим қаласында жылына бір рет христиан халқының жағатын шырақтары да дәлел бола алады.

Енді бұл адамзат жанының шипасы болған үш түрлі таңбалардың біріккен қуаттық негізі 4-ші түгелдік саны, ғылымдық негізі, сызықтық белгісі біздердің заңды қорғау мекемелерінің жандаралдардың төстеріне тағып алған 8 бұрышты таңбаны, олар өздерін осы жолдың негізгі сұңқарларымыз деп ата жолын көре алмастықпен қудалауы да шайтанның әрекетінен пайда болады. Сегіз бұрышты таңбаның бұрыштарын төбеге қарай қайырсаңыз, көп бұрышты мұнара шығып, осындай мұнаралар жиынтығы әулиелер, батырлар басындағы қырлы күмбездері ескертіп тұр. Райымбек атаның басына барсаңыз, осы белгінің күрделі жиынтығының санын көруге болады. Яғни жан алғыш, әзірейілдік періштелікті меңгергендер, сендер прокурорлар емес, аруақтар, бізбіз деп ескертіп тұрғандай. Сонымен бұл белгі негізінен әйел қуатымен, кәсібімен анадан ғана пайда болып, пайғамбарымыздың 3 рет анаңа қызмет қыл,-деген өсиеті де осы шыраққа, нұрға, үшінші дәрежелі жан шипасына тәуелді. Оның сандық белгісін мың болғыр (мың өліп, мың тіріліп иманды болғыр) Атыраулық сәулетші ағайынымыздың мағрипат білімімен тұрғызған Домалақ ана басындағы кесенедегі мұнаралар санымен Ясауи бабамыздың ескерткен 33 мыңдық сандармен сәйкес келіп тұрғаны да кездейсоқтық емес. Сондықтан адам баласының тәніне шипа беру, негізінен адам жегіш «Перғауындық» тайпалардан басталып, қазіргі медицина саласындағылар осы білімді меңгерушілер. Ал өздерін «психотерапевт», яғни жан емшісі аталғандар негізінен рухқа, сөзге, ақылға, бастағы денелерді тазартып, ойлау қабілетін жетілдіруге байланысты көркем сөзбен емделудің мамандығы болып, олардың киелілігі Қажы баба басынан табылған белгі таңбалары болып саналады. Және өздерін жан емшісі дегендері қате ұғым болып, негізінен рух тазартушысы болып бұл салаға дін имамдарымыз да кіруге тиісті. Ал, енді негізгі жанды емдеу Құдайдың ғана ісі болып және медицинадағы «жан сақтау бөлімі» деген жалған, қате ұғым, жанды емдеу тек Құдай патшалығына кіру арқылы және оның негізі «Хаж» болып, табан арқылы жанға, ұйқы бездеріне қуат, жүрекке дем алуды «Нұрман» деп те атаймыз.

 Бұл адамзат білімінен тыс, тек құдай пәрменіне ғана лайық болғандықтан, тек ұйқы кезінде жанның ақиретпен кездесуі арқылы ғана емделетіндіктен, қан азуларының аурулары қант ауруы сияқтылардың адамзат рухани білімінен тыс болып, тек жанын, құдайлық болмысын тану арқылы, жалбарынып тәубеге келу арқылы ғана емделе алды. Сондықтан екіжүзді тәубе құлдығынан шыға алмай жүрген қандай да бір білімді пенденің ата жолына, халықтың үшінші дәрежелі жан арқылы шипа алу әрекеттеріне қарсылық білдіруі де даусыз және шайтаннан болып саналады.  

Енді негізгі тақырыпқа қайта оралсақ; Ұйқы безінің арсыздық істерімен, ар сауытының болмауынан төбеден, табаннан енген ар сауыты арқылы сынып, киім арқылы иістен тазармаған қара қуаттарының, тері арасы балшығы (альфа) «гельдің» әлсіздігінен ұйқы безіне өтіп кетумен, ұйқы безіндегі малдық құлақтың тілініп, одан адам баласының ұйқы кезінде жанының жарықтарға кіре алмауынан, қандағы суға таза рухани ақпарат енбей, қандағы 11 жұлдыздар да осындай қараңғылықтарға түсіп, және әйел затынан келетін жыныстық жіңішке таза қуаттардың жетімсіздігінен  7 ішектің бұзылуымен әсіресе тоқ ішектердің құрттап, бездерінің де құлақтары тілінумен төмендегі сұрақтың жауабы сәйкес келеді. Раббымыздан: «Көтеу (геморрой) ауруларының негізгі пайда болу себептері? Жауап; Біріншіден: Жамбас сүйектегі суықтық (сұқтану), сан етінің суықтығынан. Екіншіден: Білектен, алақаннан, сұқ саусақтардың қара қуаттармен өрістелу арқылы кіреді. Үшіншіден; Судың толық жанбаған қалдықтарынан пайда болатын құрттар арқылы пайда болады.» Енді қан азуының негізгі бір белгісі көтеу ауруы болып және әйелдерде құйрық сан, аяқ еттерінің жаратылыстан суықтық болып үнемі суық көздерден, сұқталудан сақтануға, зейнет сызықтары да білінбейтіндей киімдермен жабық болуы шартты болса, ал қазіргі таңда қыздарымыз керісінше жалаң сандарын суықтауына, сұқталуға, арсыздыққа жарысатыны да үкімет заңымен қорғалды. Қандай да арсыз әрекеттерге мемлекет, медицина тарапынан тыйым салған арнаулы заң болмаса, онда заңмен мүддесі қорғалады деген ұғым пайда болады. Демек осындай нәзік жандылардың арсыздыққа, шайтанның азғыруына түсуге, тұқымымыздың тозуына барлығымыз да мүдделіміз. Және ұйқы безінің бастан, табаннан кіретін қара қуаттардың әсерінен де бұзылып, қанның азуын туындататыны жоғарыдағы Раббымыздан түскен аяттардан жадыңызға тоқыған болсаңыз, енді оның әсерінен  бүйрек қызметінің де әлсіздігін туындатып, негізінен әйел жанының қуаты болған судың толық жанбауынан пайда болатын және жала болып еркек жынысы арқылы қанына өтетін өрістік құрттардың (сүлік тәрізді) еркектің қанының азғындауына, санасының жабылуына апарып соқтырары да сөзсіз. Ал егер әйел затының тақуалығы болып, қара қуаттардан үнемі сақтанып тазару шараларын тақуалығын меңгерсе, онда еркеке беретін імүндік ақ уыз (креоцоген) жыныстық қуатының шарап дәріге, су буы зейнетке киімге, жанның қорғанына айналатынын да естен шығармаған жөн. Раббымыздан сұрақ: Некесіз тұрмыс салттарынан (гражданский брак) және көз, сөз, тіл жыныс арқылы да зина жасаудан тәндегі жездің көбеюінен (әйелдер жезөкшелігі) қандай ауру түрлері пайда болады. Жауап; Шат, балтыр тамырлары түйіледі (варикозное расширение) қаны іриді, (сұйылады, ақ қандық) бүйрек көк тамырлары ісінеді.(бүйректің төмен түсіп, қуаты әлсіреп жұмысын да тоқтады) деген әйел, еркекке ортақ арсыздыққа түсуден пайда болған белгімен де бүйректің әлсіздігінен, зәріңіздің тазармауынан сол зәріңіз «У»-ға айналып, бастағы сары судың әсерінен ойдың жындылығын, адам баласының мастығын туындататын, қазіргі таңдағы көшедегі небір жындылық, шайтан-мастықтың барлық түрі кездесетін кейінгі арсыз жаңа  қазақтық, мәңгүрттік еліктегіш сипатымызды, бейнемізді де қалыптастырады.

Бұндай жағдайға түсуге себеп болатын некелі қатындарымыздың да басын жапса дуылдатып қышытып, етегін жапса ыңғайсыз, өз қатарынан қысылып жерге кірердей болатын надандық ұятын былай қойғанда, соңына ерген жын-шайтаны етегіне сүріндіріп, ақыры шешкіздіріп немесе білегін қолтыққа дейін жалаңаш және төс аналық безін көрсетпесе, көштен қалғандай әсер беретін шайтанның ықпалына түсіп, қол аруақ, қанатты періштелігін қалыптастырмай алақандарға, сұқ саусағына аңдыған жауы еріне әйелдеріміз арқылы азықтанатын шайтан өз үйлерін салумен ғана тыныш қоятыны сөзсіз. Сонымен өзіңіз иман келтіріп, «намазхан» аталып, немесе тарихат және басқалай сопылық жолға түстім дегеніңізбен, осындай сипаттағы жұбайыңыздың бір ғана шариғатқа теріс арсыздығының қарапайым түрімен яғни; Екіншіден: Білектен, алақаннан, сұқ саусақтардың қара қуаттармен өрістелу арқылы кіреді деген Раббымыздың ескертуі жүзеге асып, қатыныңыздың білегіне жиналған, өзіңізден барған ұрығыңыздың майларының теріге өтіп, сұқ саусақтарына ұясын салуымен және қатыныңыздың жалаңаш тәніне көшедегі еркектердің арсыздық көз зинасынан жиналған қара қуат, құсықтардың әйеліңіздің жыныстық қуатына айналып, сізді де байқатпай ішіңізге түлендерін ендірумен өз жамағатына айналдырып алары даусыз. Ал енді мұндай ақылы кеміс жарыңыздың қолынан тамақ ішпей немесе төсекте қалдырып қойсаңыз не болар екен?

Онда бойыңызға, бүйрегіңізге жиналған жыныс қуаты, бойыңыздағы қара дақтарыңыз өртеніп, мазаңыз жаман май ішкендей болып, нәпсіңіз, жыныңыз келіп бәрібір сізді өзгенің қорасына сүйкенуге мәжбүрлеп, болмаса ұйқы кезінде танымайтын қара қатынмен жаныңызды зина жасауға мәжбүрлейтіні де даусыз. Сондықтан бұдан құтылу амалын  таба алмай, тақуалық жасайтын тоқал да ала алмай, жан жарыңызды төсекте тастап та қалдыра алмай, өзіңіздің бақсылық қамшыны меңгерген қабілет, тазартушы бекіген қасиетіңіз болмаса, амал жоқ, онда «тақым қағар» дегендей еркектік қабілетіңіз бас бермей, ондай шалбарланған, жалаң бас жарыңыздың қойнына бара қалсаңыз, бәрібір мүшкірік болған және жан рухымен зинашы болған жұбайыңыздан «шөмішінен» шайтан енді түленнен де жоғары жынымен қосылған «У» болып еніп, бәрібір қаныңызды жаулап, санаңызды жауып, өз ырқына көндірері де даусыз.

Енді Ақ ұлымыздың жағдайы бұдан бөлек, мықты тағдырмен және сынақпен белгілі бір мерзім белгіленіп, осындай кедергілерді жеңуге жаратқаннан арнаулы нұрымен қорғалып, мөр мұғжизасын қазақ еліне кең таратуға міндеттелген еді. Бұл міндетті, парызын 9 жылда атқарып, енді 10-шы жылдан бастап, көкке рухани сезім қуаттарының тікелей періштелігі арқылы жалғануға ұлықсат түсумен ерекшеленген еді. Және бастапқы тағдырмен берілген аманат, әулие аруағының жаны өз мекеніне жаннатқа кірумен, аманатты тапсыру, қауіпті өлім арыстанмен тікелей кездесудің үшінші  кезеңі де келіп жеткен еді.

Шамалы шегініс жасап, бұл халге сырттай баға беріп көрейік; Осындай жағдай алдын-ала сынақтармен біздерге де аянмен және батамен ескертіліп, біраз тәжірибе де жинаған уақыттарда, негізінен бір жерлерге қонаққа немесе басқалай жағдаймен барғанда, күмәнді тамақ болса, мейлі ет, мейлі сорпа дегендей аталардың арнаулы беретін белгісі болды. Кейде бұл белгілерге мән бермей, нәпсінің қалауын орындасақ, онда асқазанға тас түскендей ауырып уланумен немесе бар ішкен-жегенді қайта құсумен аяқталатын еді. Осындай жағдайларға бойдың үйренуімен, тіпті енді қандай бір аққу болсын, тәні жабық дәреті толық болсын, егер арнаулы қамшымен тазару сатыларынан өтпеген болса, онда жұпар иісі де қалыптаспай, қолынан ас ішу де қауіпті бола бастады. Сонымен тек өзің қадағалап, үнемі қамшы арқылы тазалап отырумен, қасыңнан тастамайтын жарыңның ғана және өзіңе ғана арналған арнаулы ыдыспен ғана тамақтануға дейін жеттік. Бір хикметтен де мысал бере кетсек; Бірде осындай арнаулы тазарудан өткен, бәрі де осындай дәрежеге жеткендей болған аққу сұңқарларымызбен құдайы тамақта отырып, маған берілген шайдың, екінші кеседе дәмін өзгергенін байқап, үшіншісін басқа жағынан алып көргенде, тағы басқаша дәм болғанына таң қалып, енді өз жарымның тікелей қолынан алсам, шәйдің бастапқы дәмін сездім. Сонымен арамызда әлі толық тазарып жетілмеген, кейіннен келген аққулардың отырғанын байқап, бұдан былай мүлде сенуді, өзге қолдан су татуды да тыйып, амал жоқ үнемі жылдап ораза ұстап, бір мезгіл ғана тамақ ішуді үйренуге тура келді.

Сонымен осындай жағдайды әбден жетік меңгергеннен кейін, бірде Қарасай батыр бабамыздың басына керуенмен шығып, арамызда жолдан қосылған тазармаған өзге ордалардан да зияратшылар болған және көтеріліп жүрген бір жас жігіт болды. Сонан жолда жұбайымның маған арнаулы дайындап әкелетін, бір мезгілдік шайына да «ішпе!» деген белгі түсіп, тек су және нанмен ған азықтанып, шектеліп, бір жерде шәй ішуге тоқтап, дастархан дайындаған аққуларды қашықтан бақылап отырғанмын. Сонан шәйнегін ұмытқан әйелдеріміз, орнына үлкен бір шыны ыдысты демдеуіш қылып пайдаланып жүргенін білетімін. Әлгі көтерілген ауру жігіт жан-жағына қарап, ұрланып басып, ыдыс-аяқ тұрған жерге келіп, ыдыстарды ақтарып, әлгі негізгі ыдысты тауып алып, оған су құйып, аузын батырып тұрып,  шамалы ішкендей болды да, қайтадан суын төгіп тастап тайып тұрды. Артынша бір аққуымыз келіп, сол ыдысты алып, көпшілікке арнап шай демдеп жатты. Міне жыннан шерік қосылудан құдайдың мені сақтаған құдіреті деп және 15-ғасырда Өтеубойдақ атамызды Жиренше шешен ханға апарып таныстырғанда; Жәңгір ханның қандай датың бар дегенде: «Қазіргі жастар қыздардың бетінен зорлап сүйеді де, еріндері былғанып «пұшық», яғни иіс ауруына ұшырайды, сонан ыдыс арқылы халыққа тарайды, сонан тыюға жарлық берсеңіз екен» деп өтініш айтқанда, Жәңгір ханның дереу хатшыларын шақырып сол мезгілде; «Бүгіннен бастап қыздардың бетінен сүйген жігіттер қатаң жазаға тартылсын! Және жеті атаға толмай үйленуге де қатаң тыйым салынсын» деп екінші өтінішіне де арнаулы жарлық беріп, нағыз рухани жетілген хан екенін, ар білімін барлық нәрседен жоғары қоя білгенін көрсеткен, мұндай арсыздықтан пайда болатын аурулардың бар екені де сол замандарда-ақ біліп және дұрыс амалдар жасай білген екен. Енді қазіргі таңда көшеде, көгілдір арналарда бір-бірінің ашық жалаңаш тәндерін сүйгендерін былай қойғанда, тамақтанатын орындағы мыңдаған осындай түрлі аурулардың ерні тиген ыдыстардан, тамақтанғаннан да қандай індеттердің тарап жатқанын былай қойғанда, сананың да жабылуын туындатынын біле бермейміз. Ал оны және кімдер дайындайтынын өрістік тазалығын, қолынан шығатын жаман иістерін кім қалай тексере де алады?

Енді біздің қазіргі жағдайдағы ел басшыларының кемеңгерлігі, білімділігі халыққа жаны ашып болашақты болжап іс қылатынын сынау үшін, алтыншы басылымда арсыздықтың, шерік қосылудың ғылыми білімін көрсеткен 9 түрлі мысалын жазып және онымен ел басшымыз да танысқанын аруақтар хабар берді. Бірақ бұл жағдайдан әлі ешқандай қозғалыс, қарекеттің, ең болмаса теле арна жүзінен ашық болып жатқан арсыздықтарға да тыйым түгіл, бұл жағдайдың керісінше ел басшының қатысуымен болған спортшыларға арналған ойын-сауық қойылымында қыздарымыздың арсыздық киіммен билегенін өзіне де ашық көрсетіліп жатқанын да көрдім. Және ол басылымды жоғарғы хазірет мырзалардың да алдына апарғызып бергіздім. Осындай ғылымнан хабар берген еңбекті оқыған арлы дін ғалымы болса, ата жолының шерік қосушы емес, керісінше бұзықтықтан түзетуші болғанын білімімен салыстырып, өздерінен әлдеқайда жетілген дін көрінісі екенін мойындап, сол күні-ақ тәубеге келіп, Алладан кешірім сұрап, баспасөз беттерінде де ашық мойындауы керек еді. Демек әлі екіжүзді тәубенің шеңберінен шыға алмай, тақуалығы түгіл, қарапайым ар білімі жетілмегендіктен оларда сөзге, мінезге, іске жомарттық қайдан болсын? Және аталарымыз меңгерген дін  тақуалығын былай қойғанда. 

Ал сөзге мәрт, жомарттықты меңгерген, осындай ата дәстүр дінімізбен тақуалық қылған аталарымыз бұрынғы замандарда нәзік жандылардың ашық-шашық арсыздықтарына жол беру түгіл, ешқандай ашық дәлелсіз, білімсіз-ақ сөз астарын, бір сөзбен түсінумен амал жасай білгені де хақ. Бұрынғы әулие, би болған аталарымыз қандай бір ауылға келіп түстенетін болса, әуелі тамақ дайындайтын әйелдің жеңінің сәл ашық тұрған жеріне, қолына қарап, егер күміс білезігі болмаса, ол үйге түспей, басқа үй іздеп кетеді екен. Енді сол кездерде-ақ неке төсегі арқылы қандай да бір әйелдің күйеуінен ұрық арқылы келген білімнің сәуле, май түрінде білекке жазылып, егер күміс білезікпен байлап қоймаса: «Екіншіден: Білектен, алақаннан, сұқ саусақтардың қара қуаттармен өрістелуі арқылы кіреді» деген жоғарыдағы Раббымыздың аятын сол замандарда-ақ  меңгеріп, қорғану шаралары да белгілі болған екен. Яғни, орыс халқының «Муж и жена одна сатана» деген мақалының егер де өзіңіз де арлылық біліміне, тазалық, тақуалыққа мән бермейтін болсаңыз, онда шайтанмен күнде дастархандас болған Абай атамыздың: « жас тоқал, дастарханмен мақтансаң бай, мүйіз шығар өзіңе» деп астарлы ескерткен жағдайда жүргеніңіз болды. Ондай жағдайда қандай азған қатынның да қолынан, көшедегі барлық мастардан  да жиіркенбей шеріктермен де әл-қуаттана аласыз, яғни егер дінші, «намазхан», сопылық жолдағы, тура жолдағы дін ғалымы болып атансаңыз да, мұндай дәм, иіс сезімдеріңіз жетіліп, күмәнді асқа асқазанның да қарсылығы пайда болмаса, қарапайым шариғаттық дәрежедегі рухани жетілу жағынан тән тақуалығын да меңгере алмағаныңыз да хақтық. Ал еліміздегі «халал стандарт» дегеннің өзі Аллаға қарсылық, аяттарына ортақ қосу болып саналды.

Кезінде бір пайғамбарымыз Қызыр Ілиясты қонаққа шақырып, алдына ас қойғанда; «Бұл тамақты мен жей алмаймын» деп бас тартыпты. «Неге?» деп сұрағанда, «Бұл тамақта әйеліңнің ашуы тұр, ашуланып жүріп істеген тамақта қолының уы болады» деп жауап беріпті. Сол сияқты қандай «халал» болса да, сөреде тұрған барлық азық пенделер көзімен де сұқтанудан, сол орындарда болатын шеріктер өрісімен де былғанады. Оны тек тақуа әйелдің алақан жылуы арқылы ғана тазартып, дайындап бергенін жегенде ғана адал болып есептеледі. Пайғамбарымыздың қандай да бір сапарға шықса да бір жұбайын үнемі тастамай жүруі де осындай себептерден туындаған. Жас кезімізді әжелеріміз пісірген тамақ, қазанға жапқан нандары, жайған құрттары өз аналарымыздың дайындағанынан әлде қайда тәтті болып, үйдегі тұрған асты жемей кемпірлердің жайған құрттарын ұлықсатысыз алып қашқанда; «Ой көбейгір!» деп қана ұрысатын еді. Сондай әжелеріміздің тән, мінез түгіл тіл, сөз жөнінде де тақуалық қылғанын енді ғана түсінген жағдайымыз бар. Сол сияқты шала тілді немесе ұрысқақ және ана тілін дұрыс сөйлей білмейтіндердің де мейлі қасиетті аққу болсын, білімді қажы аталсын, қолынан ас ішуден, қойнына жатудан да еркектің тақуалығы жетілмейтіні де даусыз.

Енді осындай белгілерден насихат алумен негізгі тақырыпқа қайта оралсақ; Жоғарыда ескерткендей Ақ ұлға бұрын мүмкін болған қарапайымдылыққа тыйым салынып, көпшілікпен бірге тамақтанбауға ескерткенімен, оның қатарында мұндай хикметке жолыққан және аянды дұрыс жорып меңгергендер болмағандықтан, оған келіп тұрған, аңдып жүрген шеріктерді, қауіп-қатерді қорғаушы болғандар тарапынан ескертілмеді. Мүмкін ескертілген де шығар, бірақ жоғарыда ескерткендей, басылымдарда жіберген қарапайым аяндарды жори алмағандар, қайдан ондай құпия ескертулерді түсініп жори да алады? Сондықтан да ақ жолдың алғашқы кезіндей Ақ ұлдың кімді де болса бауырына тартып, бірге құдайы тамақтарда отырып, сұхбат құруымен жалғаса берді де, сонымен тамақ арқылы да байқатпай енген шеріктердің, тазармаған адам өнімі болған қара қуаттардың енуімен, ішектердің, асқазанның да уланып құрттауы еселеп артып, түрлі жағдайда емханаға түскен кездері де болды. Және олардың арасында құран арқылы жалғанған Раббымыздан сұрап, сырқат  белгісін көрсетуімен, Раббымыздың нұсқауымен аруақтар арқылы екінші дәрежелі рухани емшіліктің, шипалық әдістерін де меңгерген аққулар және ақ бақсылықты меңгерген сұңқарлар жоғары топтың арасында мүлде болған жоқ және мүндай ақ бақсылықты меңгерген Ақ ұлдың өзі де қамшысыз мөр ашумен физикалық түрде енетін қара өрістермен қолдың да улануы еселеп арта берді. Олай болса қол былғанса аруақ та әлсірейді.

Бұл жағдайда жаратқаннан тағайындалған күзетшіліктің де қараңғыланып, әлсіреуінен ақ ұлға келетін уахи да құпия ақпараттар да тоқтап, аруақтың екі айтпайтын үкімі де жүретін еді. Себебі ол топтың Раббымыздан берілген дәрежесі де биік болып, сондықтан құпия аянмен ескертілумен ғана, ал алғашқы жылдардағы қарапайым түрде батамен қайта-қайта ескертетін, сақтандыратын ақпараттар да мүлде тоқтаған еді. Енді тек бар үміт жұбайлар арқылы жандық, әйелдік жіңішке жыныстық таза қуаттармен зейнеттелу арқылы тазарып, мөрдің қуатын қалайда сақтау да керек болды. Бірақ, жоғарыда жазылғандай мұндай әрекеттерден де, қажылықтардан да нәтиже аз болды. Мысалға егер жан жарыңыздың тән тақуалығы бекіген болса, онда сізден неке төсегі арқылы барған қандай да ақпараттық жағдайдағы оқиғалар, рухани егініңіз өсіп, түсіне кіріп ескертілумен сізді де алдағы тұрған қауіптен, аурулардан сақтандырумен бірге, оған қарсы імүндік жыныстық қуаттың төсек арқылы өзіңізге шарап болып беріліп, сізді сол нәрседен қаныңызды тазарта да алуы сөзсіз. Сондықтан Раббымыз; «Әйелдерің егіндіктерің және бір-бірлеріңнің киіміңсіңдер, өзара бір-бірлеріңнен алатын үлестерің бар» деп ашық ескерткен. Ал ақ ұлымыз керісінше неке төсегі арқылы өзінен төмен дәрежедегі, қасиеттері жетілмеген, тәндері тазарып тақуалықтары қалыптаспаған некелі қатындардан шайтандық әрекеттерден үлесін сол кезеңдерде байқамай алғаны да даусыз.

Сонымен бұл сынаққа ата жолының бәрінің өз міндеттерін дұрыс атқара алмауымен, менің де осындай және ем шипалық, ақ бақсылық тәжірибелерден де өткен жан тазалығының ғылым-білімін тығып, үйде жатып алуыма да себеп болғаны және үкімет тарапынан енді мұндай жолдың хикметі әлсіреген жағдайда мөр мұғжизасына ашық шабуыл жасалып, Раббымыздың негізгі ашық дәлелін тікелей мазақтаумен, қазақ еліне мыңдаған адамдардың немесе бүкіл Алматы қаласының астан-кестеңі шығатын қауіптің төнгені де хақ. Және аянмен көптеген қасиетті құлдарына қамданыңдар, жалбарыныңдар деген ескертуі беріліп, ақыры Ақ ұлдың өлімімен, бүкіл біздердің күнәлі болмысымыз қайта құдай алдына сотқа тартылып, енді үкімі түсіп, қайта арпалыстың басталуы да, көптеген пенделердің ажал қақпанына түсіп жатуы және еселеп артуы да хақ. Тағы да осы жағдайды шындықпен, хикметтермен дәлел келтіре кетсек; Сонымен Ақ ұлдың қазасымен ата жолының да негізгі істері тоқтап, алдыңғы топтағылар негізінен барлық жүрек мөрі ашылған аққу, сұңқарлардың жетекшісі болғандықтан, ордаларды бөлек-бөлек бөліп алып мекемелер құрып, енді нағыз халықтың садақасымен күн көріп, жүктермен артық жүктелуге жарыса кірісіп, ата жолының зияраттағы хикметтері де олар үшін де, ар сауытын меңгеруге негізделген тазару, емшілік істерінің де меңгермей, қалай болса солай зияраттағандар үшін де мүлде тоқтағаны да даусыз. Және Ақ ұлдың өлімін әркім әрқалай жорып, біріне-бірі көрген уақыттарда да мен де, себебін білмекке неге деген күмәнді ойлардың, аруаққа қойған сұрақтардың да пайда болғаны рас. Бірақ оның шешімін де таба алмай, естіген қауесеттерге де сене алмай іштей толғаныста жүріп,  Ақ ұлдың бір жылы толуымен ордадағы шыраққа батаға келіп:; « …Аққуың алдыңа ақ табақпен тартқанда менің жағдайымды білерсің» дегендей астарлы мағынадағы батаны алып, негізінен тамақтан, рухани азықтан болған сынақ екенін түсіндім. Бірақ пенделік оймен, іштей ондай қателіктен енді біз өттік, ешқандай бөтен аққудың қолынан тамақ ішпейтін шығармын және тылсымнан міндеттелген тоқал алудан, аруақтардың көрсетуімен уақытша тыйылумен көптеген сынақтық жағдайлардан өткеніме, көп қатыннан бір қатынды бақылау да оңай және алдағы уақыттарда тек аянмен ғана шешім қабылдауды меңгердім деген пікірде болғаным да рас. Сонымен жуық арада кенеттен асқазанның тынышсыздануына аруақтан келген дем, белгі шығар деп мән бермей, ал біраз уақыт өте ішектің құрттап, тамақ ішкен сайын мазасыз жағдайға түсетін ауру пайда болып, зерттеп шешімін таба алмай мүлде тамақтан тыйылып, ашығып көрейін деп ниеттенген уақытта, бір аққуымызға аян беріп, күйеуіне жорытып, менің үйімдегі аяқ-табақтың ластанғанынан хабар келді. Сонымен мұқият тексерсем өзімнің жазып, жұртқа уағыз қылып, аталарымыздың тақуалығынан өнеге айтып жүрген білезіктен басталған және аяқ-табақтарға да өзге әйел заттарының араласуымен болған жағдай болып шықты. Қанша дәретпен жүріп тазалық сақтағанмен, жас келіндерді үнемі жасынан қалыптаспаған қылықтарды үнемі шайтан ұмыттырып, ыдыс-аяққа білезіксіз білек сыбанып араласумен және өз жұбайымның оның үстіне қосымша білезігі де жоғалып, орнына алған білезігі  білегін қышыта бергесін, шайтан жүрегіне қорқыныш салып, шешіп тастағанын мен байқамаған екенмін. Сонымен өзімнен барған және ыдыс-аяқтан келген қара қуаттар білезік арқылы тазармай сұқ саусаққа келген теріс сәулелердің әсерінен менің осындай халге түсуіме себеп болыпты. Ал қалай бұл қателіктерді орнына қойып жабылып түзеттік, тазаландық, ауру да жазылып, аңдушы шеріктер де өз жөніне кетті. Сонда ғана Ақ ұлдың екі жыл бұрын батамен ескерткенін, тылсымның адам ақылынан жоғары тұратын және болашақта алдыңа келетін қауіптерді келтіре де алатын немесе қорғап болдырмайтынын да аруақтар арқылы орындалатын құдірет хикметін және өзімнің ескертуге мән бермей, біліміме мардамсыған екіжүзді тәубенің жетегінде кеткенімді түсіндім. Және оның алдында түсімде Арыстанмен тікелей кездесіп, алдынан өтіп аузына түспей қасымдағы біреулерді ертіп, зорға өтіп қиналып оянғаным да есіме түсті. Өлім сынағынан өтудің және оның тек аруақтардың қолдауымен ғана атқарылып, болмаса ажалға айналуы пайғамбарымыздың: «99 өлім себебінен өткен мүмін ғана өз ажалымен өледі» деген өсиетінің бір хикметті бейнесі деп білгеніңіз де абзал. Және көптеген сопылық жолдамыз деп екінші әйелді тақуалығына, тылсымнан көрсетуіне де қарамай,  сынақтан сүрініп жатқан дін қандастарымыз да жеткілікті.

Мұндай сынақтардан өту әрбір жолға келген адам баласына міндетті және айналып өту де мүмкін емес. Сондықтан ондай кісілікті меңгерген еркектің тазартушы екінші жары бола білуі де әйел затының да сынағы, әрі болашағы, тағдыры, өмірге мықты ұрпақ әкелуге, сонымен жаннатқа көтерілер оңай жолы да десе де болғандай. Ал осындай кісілік, мықты тағдырмен келіп, ол жанның сағаты толып, тәнмен қоштасатын жұлдыз болып қайта туылатын мезгілі жетісімен, пендесінің тәні дайын болмай орнына келетін жан болып бейнеленетін рухтың қуат әсерінен жүрегі тоқтап немесе басқалай апаттармен шейт болып, ажал құшып жатқан ер азаматтардың әйел затының азғындыққа түсуі басты себеп болып жатқанын түсінетін мезгіл де туар деген арман да жоқ емес.

Енді арамызға өтірікпен жала қоятын пенде жоқ, сондықтан Ақ ұлмен жиі кездесіп, сұхбаттасып, тылсымнан батамен, нұсқаулармен және құпия аян сырларын да жиі алып тұрамын. Бірде өзі арықтың ар жағында біздер бергі жағында отырған едік, бізге қарай өтейін десе алдынан бір үлкен жасы келген әйел заты; «Бері өтсең  басың ауырады» деп кес-кестеп, біздерге қарай жібермей тұр екен. Бірақ бір кезде Ақ ұл амалын тауып, бізге келіп қосылып еді, арамыздын бір үлкен әйел; «Басыңды мен емдеп жаза аламын» деп қолымен дем салып жатқанда оянып кеттім. Сонымен бұдан қандай гүл терер едіңіз оқушым? Түсібесеңіз әрі қарай тыңдаңыз. Көп жағдайда аянмен кейбір ел, көш басында жүргендердің, ел басымыздан бастап ақиреттік жағдайларын көрсетіп отырады.  Мүмкін ақирет білімін жетілдіру үшін шығар деп ойлап, көп астарына үңіле де бермеймін. Бірде осындай ел ағасы болған, жазушы қадірлі кісінің өмірден өтіп, бір бөлмеге есігін таспен қалап тастап, тек су ағатын шүмек қана шығып тұр екен және қара жамылдырып суретін үлкен қылып іліп қойып, алдында шашын жайған, жалаңбас, шалбарланған әйел заты отырғанын, тағы да христиандық жерлеу тәсілдеріне ұқсас жағдайды көрдім. Сонан таныстарымнан сұрастырсам, ол кісі әлі тірі екен де: «Өмір жасы ұзақ болар деп жақсылыққа жори салдым.» Бірақ 7-8 ай өтісімен әлгі кісі қайтыс болып, жерлеуін орыстар құсатып табытқа салып, гүлмен безеп, әйелінің, жақындарының кейпі де басына тапқаны бір шүберек орай салған, ал таппағаны мүлде жалаңбас, жаназа құранмен, үнсіз саптағы куәлікпен ғана шектелетін ислам шартының  орнына, әлі жамбасы жерге тимеген, сұрақ жауаптан Құдайдың сотынан өтпеген өлікке өздері құдай болып мадақ айтылған дабыра, даңғаза христиандық қоштасу рәсімін көріп, өткендегі аяндағы ескерткен: «Туыстары, жұбайы ислам дінінен шығарып, тозаққа салып есігін бекітіп қамап қояды, тек су болып артында жазған сөзі ғана қалады.» деп Раббымыздың алдын-ала көрсеткен білімі, хикметі екенін түсіндім. Сонымен бұрынғы өліктерді қадірлеу, ғұрпымызда өлген адамның соңынан жұбайы өзін еркек көзіне көп түсірмей, тазалық ұстап, ойын-тойға бармай, үйден шықпай аруақтың басы көтерілгенше үнемі құран оқытып, орнын да, пайдаланған мүліктерін де ерекше қастерлеп күтім жасайтын еді. Және киімін де аманатталған адамдар киіп, тоздыру, иісін қайта өз иісімен қосып беру де парыз еді. Құранда да кенеттен қаза болғандардың жұбайлары өзін сақтап «4-ай 10 күн күтсін» деген ескертуі де, еркек ұрығының әйел затының сезім қуатына араласып, одан қашан қол арқылы аруақтық қуаттарға, бойдан көлеңке, ар шуағы болып бөлінгенше ақиреттен жарының күтетін және көтерілетін басына қуат, жанына шипа болатынын, жұбайынан міндетті түрде алатын көлеңке үлесі бар екенін де білмейміз.

Қазіргі таңдағы әйелдеріміз құдай қосқан қосағының өмірден өтісімен, керісінше құтылдым ба дегендей шалбарланып, жалаңбас, дәретсіз, ойына келгенін істейтін қылықтарынан керісінше еркек қуатына шеріктерін, өз шайтанын қосып, ақиретке сәлемдеме қылып артынан жіберумен, жұбайының аруағының азапталуына, одан әрі тозақтың қараңғылығына тұншығуына ғана жәрдем жасап, әсіресе осындай жағдайды еркіндік заңы қылып алған бүткіл ел ағаларының өлімнен кейінгі жағдайлары не болар екенін де және соңындағы ұрпақтарына ондай аруақтарының қосымша жүк болып, тұқымдары бордай тозатынын да көз алдыңызға келтіріп көріңіз. Сондықтан да Ақ ұлдың осындай жағдайға байланысты берген аян-аяты, ата жолдық барлық шәкірттері мен мүмкін соңында қалған жұбайларына да ескерту болып, менің де берген пәтуа дәлеліме нүкте қойып; «Ештен кеш жақсы, оянайық ағайын» дегім келеді.

Ақ ұлдың алғашқы кезде тылсымнан хабар беріп, жазғандарыңды апар деп, мүмкін түсініп, түзеліп, туралыққа келер деген аманаттарын; тірі кезіндегі жақын, жолдас және жан ұяларына да жылдар өтті, біреулер арқылы жеткізіп беріп, кейімен тікелей сөйлесіп те, ұрысып та ескерткен де едім, бірақ өкінішке қарай ешқандай алға қарай қозғалғанын, Ақ ұлдың рухына жәрдемге тұрып, тылсымнан ақталуына қол созып, ата жолының рухани тазалығын қалыптастыруға, мөр мұғжизасының тазаруына, ар білімінің қалыптасуына септігін тигізгендерін әзірге байқағаным жоқ. Тек ондайлардың елді жалаңаш, дәретсіз, ордаларда емшілік істермен тазартып, шариғатын қалыптастырмай-ақ зияраттатып ақша жинаумен, бойларын түзеумен ғана айналысып кетті. Ал зияраттау тазалығы түгіл орда істерінде, қасиеттерді меңгеру жолындағы негізгі кедергі тақуалықтарды меңгеру түгіл, ата жолының әлі сыры ашылмаған қаншама халыққа беймәлім хикметті ғылымда да, дінде де әлемде үлгі алдыңғы жоғарғы орынға шығаратын шаруаларды кім атқарып, кім дәлелдеп, Ақ ұлдың ісін жарыққа шығарып, хақиқатын көрсетіп халық және әлемдер діндері алдында да ақтауға тиіс? Сондықтан да амал жоқ, осындай жолмен, өзіміздің де қателіктерімізді қосып, ашық баяндап, арттағы киелі мықты тағдырмен келіп, болашақ қазақтық дінін, ата жолын әлемге үлгі қылып дәріптейтін  ұрпақтарымызға, біздердей өзге жұрттың рухани құлдығына түскен, біздердей тәкәппар, басына қонған бағын тепкен надан қауымнан сабақ болсын деп, алда баяндайтын бұдан да зор зұлымдықтарымыз да, ел басшыларымыздан бастап жабылып құдай ісіне ашықтай қарсы болып жатқан баяндалатын ақирет білімдері де бар екенін білгеніңіз жөн.

Енді жуықта қазақ еліне келіп тұрған көптеген қайғы-қасіреттердің үкімін де, ажалдың ойран салатынын да көрдім. Сондықтан жалпы аруақ деген ұғым, жалпы тозақтан шығып, бастары көтеріліп, Раббымыздың алдында қызметке, сапқа тұрған жағдайда негізінен көп түрлі нәсілдер белгісінен, ұлттардан құралған; жері, шекарасы ортақ, біртұтас адамдар тобын белгілейтін, ақиреттік өмірдегі «халық» деген ұғымды белгілейді. «Хал»- жағдай, ахуал, ден саулық, жай, күй болса, ал «ЫҚ»-оңаша орын, тас көрінбейтін жер, көлеңке, немесе өмір ағысымен «ық» қозғал, қозғалыс себебі дегенді білдіреді. Сондықтан негізгі әртүрлі нәсілден құралып, бір тілді қазақ деген ұлтқа айналған халқымыздың негізгі бөлігі ақирет өмірінде тіршілік етіп жатқанын ұмытпаған жөн.

Ертеректе біздің ел басшымыз сияқты өз халқын жетістіктерге жеткізіп; көреген, кемеңгер аталған патшаның ақылды, білімді, дін істерін жетік меңгерген абыз уәзірі де болған екен. Сонан атақты, бір күшті мемлекеттен елшілер келіп, ханымыз өз уәзірін шақырып алып, олардың мысын әуелі білімді, біліктіліктермен басып алмақ болып, өз уәзіріне қарап сұрақ қойыпты; «Сен осы бәрін білесің ғой?» депті. Сонда уәзірі «Жоқ, мен ештеңе білмеймін» депті. Сонда елшілер алдында мұндай мазаққа жер болған патша, сөз таба алмай, «Сонда кім білгіш?» деп сұрақ қойыпты. Уәзірі; « Мен емес, халық білгіш» деп жауап берген екен. Астанада той жасап, өзімізді-өзіміз білгіш, кемеңгер деп мақтап, аталарымыздың, аналарымыздың мүсіндерін жалаңаштап көше бұрышына қойып, дінімізді мазаққа айналдырып, гүл шоқтарын қойған ел басшыларымыздың екінші рәсімінен кейін, төбеден әуелі жаңбырмен, сосын дауылмен, адам өлімімен ескертіп, бұндай екіжүзділік әдеттеріңді қоймасаңдар суға ағызып, төбелеріңді тесіп азап жіберемін деген хикметті белгі түсті. Және ел таңбамызды спортшыларымыз әлем алдында биік абыройға көтеруімен марапаттап, бәріне сыйлық беріп, осымен енді рухани жетіліп кететіндей өте-мөте халқымыз жабылып, қолымызды шапалақтап, ысқырып, қышқырып қатты қуанғанымыз да рас. Бірақ әрбір шектен шыққан қуаныштың да, дәл сондай қышқыртатын қайғысын жіберетінін ескертіп және алдыңғы белгілерге мән бермеген ел басшыларына, Астана маңында болып жатқан көптеген адам өлімдері де, жолдан адастыңдар деген жол апаттары да сабақ болар емес. Тіптен құдаймен ерегісіп жеңетіндей, өз райларынан қайтып, ата жолын соттаған заңын қайтып алуға тәубеге әлі де келетін түрі де жоқ. Яғни, енді ажалдың құрығы көп ұзамай өздерінің жанұяларына да түсе бастайтыны да даусыз және бүкіл халықтың жаны түршігетіндей сынақтар да басталатыны да хақ.

Осындай жағдайларды ескерткен аяндарды да, батадағы белгілерді де жазып жүру міндетті болғанына 8 жылдай уақыт болды. « 97 күнде хикмет түседі, абай бол!» деген жазуды кітапшамнан оқып, ол күні аянмен ондай хикмет көре алмадым, мүмкін «Жамандықты жақсылық тілегендей тілемеңдер» деген аяттың шешімімен түсетінін сынақты алып тастаған шығар деп ойладым. Бірақ сол күні күндіз өмірі Алматы қаласында болмаған жағдаймен шаң басып қалғанын естіп, 97 күн бұрын аруақтардың батамен ескерткен хикметіне, тылсым құдіретіне шүкірлік қылдым. Бірақ бұл жағдайдың ғылымдық сырына мән берілмеді. Яғни, қандай шаң? Бірде-бір пенде түшкірмей, киімді былғамай және өсімдік жапырақтары да қабылдамайтын? Аятта; «Қиямет мезгілінде отсыз түтін, түтінсіз от жіберемін, құтыла алмайсыңдар» деген жүздеген ашық белгілерге де иман келтірмеген мемлекет басшыларының, біздің салықтан жинаған ақшамыздан жұмсап, шет жұрттан да сатып алып, уақытша ғана жындық қуатымызды білдірген абырой беделге және мемлекеттен сыйақы, жалақы төлейтін болса, онда ата жолының осы уақытқа дейін ел басшыларына айтпай, халықтан садақа жинаумен, жандарын ақирет өмірінен шипа алып, ұйқы бездерін емдеп, он мыңдаған адамдарды өліммен, ақиретпен кездестіру арқылы қазынадан бөлінетін миллиондаған қаржыны үнемдеу түгіл, әлемнің бар сыйлықтарын да жеңіп алатын адамдық қуаттың негізі мағрипат біліміне жол салған Ақ ұлымызға әлі де өкпелері қара қазандай болып жүрген; ел, дін басшыларымыз жеткілікті арамызда. Сондықтан Ақ ұлдың жеке ел басшысынан бастап, бүкіл мемлекет тұрғындарына қарызы қанша болса, жүздеген есемен қайтарып беріп, осы әңгімені енді қайталамайтын жағдайға жетіп, Ақ ұлымыздың рухын халық алдында ақтап алуды жөн көрдік.

Жоғарыдағы ауру туралы деректердің, Раббымыздан берілген аяттардың әлі де талай жалғасы болып және оның енді жан, рух арқылы да тәндік сипаттағы да емдік қағидалары бар екенін мәлім қыла отыра; мемлекетімізден әуелі ата жолымен шартқа отыратын,  дін істері мекемесі тарапынан сауда-саттық бөлімі ашылса деп сұраймыз. Оған әуелі болашақта есігін  ашып көрсететін қазына сарайының, яғни әлемдегі бағасы жетпес құндылықтың бүкіл әлемнің қазақ жерін аға тұтып, зиярат орнына айналатын: «Отырар кітапханасының» және алтын еркек сауыты киім мен Інжілде ескертілген алтын дін тәжінің және негізгі сақтаулы тұрған Адам атадан бергі шежіре дін тарихы да теріге жазылған құран-шежіре кітабы мен аспан құпия мүліктерінің сырын ашқан кітаптың да бар екеніне кепілдік береміз.  Және де көптеген әлем халқының негізгі мұрағаттары да сол сарайда бар екенін есепке алып, оны да ашып көрсететін ата жолына қанша сыйақы, жалақы тиісті екенін алдын ала есептеп шығарсаңыздар екен. Әрине хақиқатты дәлелсіз ақшаны алдап алу ойымызда жоқ. Оған дейін әлемді билеген Алаш қаһан, Алтай Жүрсін, Бабыралы Бақанас т.б. бабаларымыз бен Мәлік сыдық, Ыбырайым, Ысқақ, Жақып, Дәуіт пайғамбарларымыз сияқты және көптеген асыл текті аналарымыздың да басынан шығатын мұрағаттарды тауып беріп, оған бір тиын да алмайтынымызға уәде береміз. Және көптеген хикметтер арқылы; Үш ұйықтаса да түсінде өліммен кездесіп, хақиқатын сұрап ала алмайтын еліміздің хазірет, дін ғалымдары және ел басшыларын да осындай нақты белгілермен сендіру арқылы ғана Ғиса пайғамбарымыз бен анасының және сахабаларының да қазақ жеріндегі зиярат орындарын тауып берумен, бүкіл әлем жұртының қазақ еліне зияраттауға, мемлекетімізден «квота» сұрайтын жағдайға келтіруміз де сөзсіз. Және мұның бәрін мемлекет қазынасынан бірде-бір тиын шығынсыз-ақ атқаратынымыз да даусыз. Себебі, осы кісілерге өзіміз зияраттап, әлем халқын да тартумен олардың мемлекетімізге құятын қаражатынан ғана пайыздық үлесті ата жолына беруге уәде берсеңіздер болды.

Уәдеден тайған жағдайда, көп халқымыздың арасынан бұрынғы жауға жалғыз шаба беретін, тоналған жүкті де мақтан іздеп, ақы алмай-ақ көтере салатын хас батырларымыздан және сондай бабаларымызға жар бола білген ұжданды аналарымыздан жәрдем сұрап, қораларыңызға аянмен «рэкет» жібере алатын, бермегенін жолынан алатын мүкіндігіміз де бар екенін ұмытпасаңыздар болды. Бұдан да басқа түрлі жағдайдағы сынақтармен, енді мемлекеттің үш әріпті бізді мазақтап қудаланғандардың «Арқанкерген», «Алматы тау шатқалында» болған сияқты түрлі сынақтармен, болашақта әлі әлем халқы алдында өздері әлі талай мазақ болатын қулықты да жаратушы, сынақты да салушы құдайдың қаһарынан арашалауға аруақтардан қолдау сұрап, үйде отырып-ақ қылмыстарды  ашуға да жәрдем де бере аламыз. Сол сияқты әрбір ел басшыларына алдында тұрған сынақтан да ордамызға келіп басын исе, аруақтардың жетелеп, көрсетіп отыратынын, бірақ енді оны ата жолының есеп шотына шамасына қарай ақша құю арқылы ғана атқарсаңыздар екен.

Осы сияқты енді діннен өздеріңізді бөлек деп және өздеріңіз бастап, діндеріңді  саудаға салғаннан кейін, біз де дінімізді саудалап көретін әлі мыңдаған ұсыныстарымыз да бар. Әзірге осы шағын ақпараттармен ғана тоқталсақ болар. Ал бұл ақшаны қайда жұмсайсыңдар?- деп сұраңыздар. Осы ақшаның енді жартысын Ақ ұлдың сіздердің тәңірлік дәрежедегі ұлықсаттарыңсыз, Құдайдың өзі бергенін алған, ел игілігіне де жұмсаған қаражаттың төлеуі болып, қайда пайдаланам десеңіздер де өздеріңіздің патша көңілдеріңізге беріп, оны мүмкін саяхат және ойын-сауық орындарын жасап, ата жолымен бәсекеге түсіп көрсеңіздер екен және шетелдік халықты қазақ еліне сапарға қай жағымыз көп тартар екенбіз және халық та біліп отыратын болсын. Негізінен бәрібір ел, халықтың ортақ қазынасын толтырады емес пе? Ал енді өзімізде қалған жартысын, жоғарыдағыдай ем-шипасын және жаңадан дәрісін де шығаратын мекемелерді де ашумен, шет ел ғалымдарынан жәрдем сұрап, мейлі қанша сыйлық алса ақысын төлеп, әлем ғылымына жаңалықты, қазақ әулиелерінің меңгерген дінін, ар білімін дәлелдеп көрсетумен және негізгі ақпараттардың Раббымыздан түскен аяттардың мұрагер егесі, қазақтың аруақтары болып, әлем алдында ақ шапандарын кигізіп, қазақта діннің де, тура жолдың да болғанын және араптардан бұрын ақиқатты білген бабаларымыздың атын дәріптеп, бабаларымыздың да ар намысты, ғылымды, білімді, дінде сауатты болғанын дәлелдесек  деген ойымыз бар.

Тіптен спид ауруының да қазақ әулиелері шапағатымен емделіп, оған қажетті дәрісін шығаратын мүмкіндігіміз де бар. Сонымен бірге құдай қаласа, бір олимпиадалық бес жылдықтың ішінде-ақ халықтың қазынасын босқа шашпай-ақ, қазақ туын әлемнің алдында аруақтар туымен бірге мыңдаған жылға жан ғылымының туы қылып, бір-ақ көтеріп, қазақтық ар-намысты, абыройды, ғылым беделін де біржолата асқақтатсақ деп едік. Енді сіздердің жазатайым мұндай жағдайда әдетке айналған  көре алмастық іштарлықтарыңыз ұстап қалмай,  сый ақымызға алған ақшамыз ауысып жатса, құрметті Нұрсұлтан мырзаның да осы уақытқа дейін тылсымнан түрткілеп, ақыл беріп, түсінде жанын бөлек алып кетіп, үйретіп, Астана қаласын салдырып, шаруашылықты өркендеткен халықтың бір білімді өкілі, негізі аманат жанының, аруағының басына да керуен кіргізіп, жолын да дұрыстау ойымызда бар.

Әйтеуір өлмейтін жан жоқ, кейін ажалдан аман қалғандарымызға тылсымнан көзіңіз жетіп, түсімізге кіріп рахмет айта саларсыз ата жолына. Енді қалған тиын- тебендер мен халықтан жиналған садақалар болса, ауылдық жерде отырған ата жолына оң қарайтын дін имамдарымызға да жалақысын төлеп отыруға да жәрдем бергіміз келеді. Енді бұған да келіспесеңіздер, онда басқалай да амалымыз бар екенін, алдағы 7-басылыммен қандай жағдайға түсіп, әлем алдында мазақ болатындарыңызға көз жеткізгенше шыдай тұрайық.  Айтпақшы, өздерің немен күн көресіңдер де сұрауды да ұмытпаңыздар. Біздің мүфтияттық имамдардан немесе басқалай дін топтағылардан ерекшелігіміз еңбек ету, масыл болмау, тылсымнан аруақтар тарапынан батамен үнемі ескертіліп отыруымен бірге, сіздер басқарып отырған мемелекеттің барлық саласында жұмыс істеп, тек ордаларда, зиярат орындарда ғана дәрежеміз тең. Арасында түк жұмыс істемейтін де, болашақ қарттық келсе де сіздерден зейнетақы, біздерше жасаған еңбегіне  өтем ақы  да талап етпейтін мына мен сияқтыларымыз да бар ата жолында.

 Біздің жалақымыз жаратушымыздан болып, жақында түрлі шипасымен әлем халқын да қазақ еліне шақыратын, ашылатын жеке бұлақтарымыз және өзге де  халықтың жалақыны өз еріктерімен төлейтін, шөбере, шөпшектерге де жететін құпия жалақымыз да бар. Бірақ сіздердің мұндай астарлы сөздерді түсіне алатындарыңызға да күмән болып, енді биылғы жылғы астықтың шықпауы, ендігі жылы да қайталануы да мүмкін екенін және шегіртке деген тойымсыз жебірлердің де аяқ астынан шыға келуді де әулиелер арқылы басқарылатынын білу сіздерге әлі ертек. Бірақ ендігі жылдың астығы мол болып, халық та малдарымыз да мөлшерлі  жаңбырмен қарық болсын десеңіздер және түрлі су, от апатынан да аман қалуға жаратқанмен, әулие-әмбилер аруақтарымен арада сақтандыру қорын ашуға ұсыныс берсек қалай қабылдар екенсіздер? Және жуырда Алматы қаласында тау шатқалында болған өртті миллиондап қаржы жұмсамай-ақ, Қажы баба басына ата жолдық сұңқарларды, аққуларды жинап сіздер тарапынан бөлінген аз ғана қаражатпен құрбандық шалып, сіздер үшін Алладан кешірім сұрап, жаңбыр сұрап, жүздеген пенделерді отқа қақталып, түтінге тұншығып, ұшақтармен су тасып әуре болмай-ақ Құдайымызды еске алып, тамақ ішіп отырып-ақ сөндіріп беретін мүмкіндігіміз де бар екенін ұмытпаңыздар.

Мұса пайғамбарымыздың ілімді, білімді Пірғауын ел басшыларымен болған осындай Раббымыздың атынан дін саудасына, Ата жолының ақ бақсылықты меңгерген сұңқарлары, бақсы аталарымыздың кезінде көрсеткен барлық хикметті белгісіне де ел басшыларының нақты қоятын шарты болса біздер де әулие-әмбилерімізден жәрдем сұрап, құлшылығымызды да жетілдіріп дайын болар едік. Әй қайдам, бұндай сөзіміздің жүрекке жетуіне де сол Раббымыздың өзінің шапағаты да керек. Оны бірақ енді кешірерсіздер, біздердің сендерге ондай иманды сұрап алып беру қолдан келмейді. Сондықтан мұндай екіжүзділікке түскендердің діні өздеріне, біздің дініміз өзімізге, бәрібір біздің құлшылық қылғандарымызға сендер құлшылық қылушы емессіңдер. Сондықтан сендердің табынған дүние қызығына, жалған тәңір ақша байлығы мен тозған білімдеріңе, өтірікке құрылған білімсіз тәпсірлеріңе де біз де табына алмаймыз. Бірақ араларыңызда тектіліктен қалған асылдың сынықтарына сөзіміз ауыр болып жатса кешірім сұрап, айыппұл төлеуге дайынбыз. Бірақ оны да төлейтін қазына егелері де өздеріңізбен ортақ Құдай патшалығының дастарханында. Сондықтан егер ниеттеніп кірсеңіздер, біздердей сөз жүзінде тентек қылғандарымыз үшін де әулие-әмбилеріміз есептесетіні де хақ. Енді негізгі тақырыпқа ар біліміне қайта тоқтап, тобықтай түйіндеп осы басылымды әзірше тамамдап кетейік.

One thought on “Тән және рух тазалығына байланысты ата жолының хикметтерінен ғибадаттар.

  1. «Сонымен жуық арада кенеттен асқазанның тынышсыздануына аруақтан келген дем, белгі шығар деп мән бермей, ал біраз уақыт өте ішектің құрттап, тамақ ішкен сайын мазасыз жағдайға түсетін ауру пайда болып, зерттеп шешімін таба алмай мүлде тамақтан тыйылып, ашығып көрейін деп ниеттенген уақытта, бір аққуымызға аян беріп, күйеуіне жорытып, менің үйімдегі аяқ-табақтың ластанғанынан хабар келді. Сонымен мұқият тексерсем өзімнің жазып, жұртқа уағыз қылып, аталарымыздың тақуалығынан өнеге айтып жүрген білезіктен басталған және аяқ-табақтарға да өзге әйел заттарының араласуымен болған жағдай болып шықты. Қанша дәретпен жүріп тазалық сақтағанмен, жас келіндерді үнемі жасынан қалыптаспаған қылықтарды үнемі шайтан ұмыттырып, ыдыс-аяққа білезіксіз білек сыбанып араласумен және өз жұбайымның оның үстіне қосымша білезігі де жоғалып, орнына алған білезігі білегін қышыта бергесін, шайтан жүрегіне қорқыныш салып, шешіп тастағанын мен байқамаған екенмін. Сонымен өзімнен барған және ыдыс-аяқтан келген қара қуаттар білезік арқылы тазармай сұқ саусаққа келген теріс сәулелердің әсерінен менің осындай халге түсуіме себеп болыпты. Ал қалай бұл қателіктерді орнына қойып жабылып түзеттік, тазаландық, ауру да жазылып, аңдушы шеріктер де өз жөніне кетті. Сонда ғана Ақ ұлдың екі жыл бұрын батамен ескерткенін, тылсымның адам ақылынан жоғары тұратын және болашақта алдыңа келетін қауіптерді келтіре де алатын немесе қорғап болдырмайтынын да аруақтар арқылы орындалатын құдірет хикметін және өзімнің ескертуге мән бермей, біліміме мардамсыған екіжүзді тәубенің жетегінде кеткенімді түсіндім. Және оның алдында түсімде Арыстанмен тікелей кездесіп, алдынан өтіп аузына түспей қасымдағы біреулерді ертіп, зорға өтіп қиналып оянғаным да есіме түсті. Өлім сынағынан өтудің және оның тек аруақтардың қолдауымен ғана атқарылып, болмаса ажалға айналуы пайғамбарымыздың: «99 өлім себебінен өткен мүмін ғана өз ажалымен өледі» деген өсиетінің бір хикметті бейнесі деп білгеніңіз де абзал. Және көптеген сопылық жолдамыз деп екінші әйелді тақуалығына, тылсымнан көрсетуіне де қарамай, сынақтан сүрініп жатқан дін қандастарымыз да жеткілікті.

    Мұндай сынақтардан өту әрбір жолға келген адам баласына міндетті және айналып өту де мүмкін емес. Сондықтан ондай кісілікті меңгерген еркектің тазартушы екінші жары бола білуі де әйел затының да сынағы, әрі болашағы, тағдыры, өмірге мықты ұрпақ әкелуге, сонымен жаннатқа көтерілер оңай жолы да десе де болғандай.»
    Осы жолдарға қатысты «Ерінің әулиелігі әйелінің тазалығынан» деген мақала есіме түсіп отыр.
    еңгі баба буаз сиырдың бұзауының түр-түсін тумай жатып дәл айтатын көріпкел, әулие болыпты. Жары Әнуар ана да тегін адам болмапты. Ол Зеңгі бабаның ас-ауқатын дайындап, адал қызмет етіпті. Тамақ әзірлегенде ғұсыл дәретпен пісіреді екен.

    Бірде ас дайындап жатып, басындағы жаулығын түземек болады. Сол сәтте орамалынан тамаққа лас заттың бір қиқымы ұшып түсіп кеткендей болады. Әнуар «қап» деп, қазанды қанша шайқаса да, еш нәрсе таба алмайды. Тіпті «осы арада болар» деп шамалап, тамақтан бір-екі ожау төгіп тастайды. Бірақ көңіліндегі секем кетпей қояды.

    Түс мезгілі болғанда сиыр бағып жүрген Зеңгі бабамызға ас апарып береді. Баба ауқаттанып алады. Күмәнін тексермек болған Әнуар анамыз сүт пісірімдей уақыттан соң, Зеңгі бабаға:

    – Анау буаз сиырдың бұзауы қандай болады? – деп сұрайды. Баба:

    – Түсі қызыл, маңдайы қасқа бұзау, – деп жауап береді. Әнуар анамыз жымиып:

    – Құйрығының ұшы ақ, қызыл бұзау, – дейді. Зеңгі оған бір қарап ойланып қалады.

    Уақыты жеткенде буаз сиыр Әнуар анамыз сипаттағандай бұзау туады. Зеңгі болжамының қате шыққанына таңқалып:

    – Неден жаңылдым? – деп ойланады. Сол кезде Әнуар анамыз:

    – Өткен күні ас дайындап жатып, тамаққа бір нәрсе түсіріп алдым. Қанша іздесем де, таба алмадым. Мүмкін көзіме елестеген шығар деген де ойлар болды. Сол құрғыр аспен бірге асқазаныңызға барып, жанға әсер қылған. Жүрек көзіңізге болмашы перде боп тұтылған екен. Жатырдағы бұзаудың құйрығы маңдайын жауып жатқан. Соны жете көре алмадыңыз. Мені кешіріңіз, – дейді. Зеңгі баба Әнуардың маңдайынан иіскеп:

    – Менің әулиелік қасиетім сенің қылаусыз таза қызметіңмен байланысты екен. Сенің ас-ауқатың адал болса, менің де рухым ширай түседі, – депті.

  2. Былшылдапсыз, аузынызга не келсе соны оттап отырған ға ұялмайсыз ба?

    1. Рахмет! Басқа бәле тілден деген ал енді көре ғой артының қалй болғанын! Мұндайға жолықпасаң түсінер ме едің? Бала-шағаң, байыңнан ғана аулақ қылсын әйтеуір өз басыңа ғана түсіп Құдайдың сынымен иман берсін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *