Екі сөйлеп хан тұрмас!

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 89

Датымды ел басшыға жалғастырсам,

Жолдауын елге айтып талқылатқан.

Тарихтың тереңінен сыр тартыңдар,

Шарты деп рухани кодын тапқан!

Ерді де екі сөйлер, құдай атқан,

Сөзге тұр, шегінбессің ей, Нұрсұлтан!

Қазақтың коды тегін тарқатқанды,

Аруақтан батаменен тылсым жақтан.

Ата жолы, рухани ел жаңғыртқан,

Көңілі соқыр ғана көрмес болған.

Заң шығарт, енді артқа шегібессің,

Онсызда қателік көп рұқ пен жаннан.

Қазақты талай жылдар тұралатқан,

Мал табарлық ісің болды, дүние тапқан.

Кезек келмей жиырма бес жыл,

Ата-бабаң аруағы тұр күтіп жатқан.

Хан екі айтпайды, арлы болсаң,

Ар-ұяттың кілті ұлттың ділін тапқан.

Ақ жаулықты алдымен қайтарасың,

Тіліңнен ұстап тұрмыз артқа қайтсаң.

Ел билікті құдайсыз кім жаңғыртқан,

Жұртты жүр жаңғыртпаққа қолын соққан.

Қаражатты жұмсауға құлшынып жүр,

Рұқ пен жан, ақылдан қасиет қашқан!

Өсіп-өнсін десең енді бала-шағаң,

Қарғысын жеңілтсең тағдырға алған.

Қолыңнан бере алмадың, бұл жолыңнан,

Екі күнін түбінде ел тартып алған!

Ата жолынсыз, аруақсыз бағын тапқан,

Атаң анаң болмағанды қазақтықтан.

Халықтың өзіне бер босқа ұстамай,

Ендігі уақытың да жоқ сылтауратқан!

Дат дегенді тыңдамас хан болмаған,

Хандық қасиет неге жоқ, ел басқарсаң?

Талай жыл сынағаным құдай сөзі,

Хабарымен аруағың ед қорғап тұрған!

Соңғы дат бұл болсын, шындық айтқан,

Тыңдалмаса, дұғамыз бар қолды жайған.

Қарғысыңды жібере көр деп тілейміз,

Ар-ұятын еліңе енді қайтармасаң!

Артыңнан сөз еріп деген «тиран»,

Халық айтса қалып айтпас, неге қалған.

Құдайдың өзі жар боп қорғап алар,

Тарихта жақсы атың қалсын деп ойласаң.

(Маусым айы 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *