Ата жолсыз рухани кім жаңғырған?!

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 47

Надандар ата жолын жамандаған,

Айша ананың ақ туын қолға алмаған.

Ақ ұлды сынағымен Құдай өзі,

Қазаққа бақ жолы қып, жолын салған.

Қазақта тектімін деп аталған,

Шайтанның азғыруынан шыға алмаған.

Қазақша ат қойдым деп ата, әкесін,

Атына тозақтыққа жалғап алған.

Арсыздар көп, дүниемен бағалаған,

Кедей боп қалады деп садақадан.

Пайғамбардың берген антын мазақ қылып,

Масһабшы дінші, тілші, ғалымдардан.

Көреалмас жынды қауым қудалаған,

Ғылымы болмады тылсым сараланған.

Ақ ұлдың жүрек ашу мұғжизасы

Зерттелмеді түсірген құдай бағы болған.

Ібіліске қызмет қылған ұрпағынан,

Жүрек ашпақ болып жатыр өңкей надан.

Ақ ұлға ерген шәкірт жақын туыс,

Сатып кетті аққу, сұңқар ата жолдан.

Жазбасы ата жолдың жеті үн құранынан,

Жаздырған талай жылдар тылсымынан.

Аққу, сұңқар оқымай тастап қойды,

Батаның ақ үнінен білімсіз ажыраған.

Тақуалығын ата жолдың ұстанбаған,

Қысқа етек, шолақ жең, кеудесі жалаңаштан.

Бойдан өріс ардан сауыт кие алмай,

Табаннан бата үнінен ажыраған.

Жалғанның түйсік, сезім айнасынан,

Елді алдап, бата беріп жын-шайтаннан.

Кейбірі ішін арамнан тазарта алмай,

Жалғанған үніне әруақтың қарасынан.

Ақ ұлмен бірге хикметі ата жолдан,

Тоқтады жүрегімен бірге соққан.

Түсінер мұны пенде таба алмадым,

Шырылдаған аманатын жазып аруақтардан.

Ақ ұлмен Құдай өзі жалғандырған,

Сақтарсың деп ақ мөрімді туар заман.

Жеті ерді тақуалықпен дайындарсың,

Ата жолын ақ туын Айша қолға алған.

Құранның үнін сақтап талай жылдан,

Талайлар сырттан әңгіме күлкі қылған.

Жалғыз жорытып тылсымның сырын көріп,

Дәуріш болдым құраннан үн таратқан.

Тегін берді, тегін алса деген арман,

Түсінбейтін тобырлар текті аталған.

Зікірдің ата жолда құпиясы бар,

Құс жолына маңдай көзбен жалғандырған.

Япырмай қазақ қашан мұндай болған,

Сана түгіл жетесін де ала алмаған.

Ел басшысы жолдауын таныстырған,

Ата жолын Ақ ұл ісі ұмыт қалған.

Құдайда бұл жолдауын қаламаған,

Білімділер мәз болып қолға алған.

Ата-баба аруақты риза қылар,

Тоғыз жылдық сынағы бар ата жолдан.

Ата жолын меңгермесе жолда қалған,

Дінші, ғалым, философ кітап жазған.

Қияметтің таразысы алдында тұр,

Ел билік пен арсыздарға жапа қылған!

(Маусым айы 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *