Ғаламды адам сақтаған

Сұлулықтың бұл сыры,

Жаратқан құдай тылсымды.

Шуылдаған шайтандар,

Жақсы көрер жыртыңды.

 

Адам деген тазалық,

Адамнан шықты жаралып,

Сұлулықтың символы,

Хау ана деп аталып.

 

Адамға емес жат ғалам,

Ақылмен мұны болжаған.

Бұлақ көрсең көзін аш,

Аманатын баба қалдырған.

 

Гүлдерді қазақ жұлмаған,

Мал жаймай оны сақтаған.

Табиғатты аялап

Қазақ еді дәстүр ақтаған.

 

Сөзден бастап жаралған,

Тілменен өсіп таралған.

Жандылар басы адамзат,

Бәрінен артық жаралған.

 

Адам жаны зор болған,

Жанына адам таңылған.

Ғаламдық бар жаралыс,

Атаңнан Адам нәр алған.

 

Хау ана таза үн болған,

Жеті үні құран сақталған.

Нәзіктер жарық әлемге,

Сұлулыққа пір болған.

 

Сезімді таза ұстаған,

Ар сауыты деп атаған.

Ой мен тілді бірге ұстап,

Сөз қадірін сақтаған.

***  **

Comments

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *