Азғындық сезіммен бірге жүрген,
Шайтанның үнін алып білім білген.
Қазақ надандығы қала ма бос,
Ауысып талай заман нәсіл өнген.
Дұшпаннан да текті қазақ үлгі көрген,
Бақылап адамдығын ала білген.
Алқабына рұқтың дәнін сеуіп,
Егінін тектіліктің күте білген.
Сөз алып бар әлемнен сіңіргеннен,
Қазақты рұқы күшті жаны өнген.
Орыстан да талай сөздің құнын біліп,
Ыбырай атаң таңбаны үнмен өрнектеген.
Адамдықтың бірлігін жүйе деген,
Ныпсың бар ұқсастыққа бейне берген.
Ов, Евамен орысқа ұқсадың деп
Қазақтан надан шықты кәпір деген.
Құранның аятына қарсы келген
Өзге елді жамандама деп үкім берген.
Әр елдің артық кемі болғанымен,
Несібеде адамзат бірдей деген.
Орыстан білім алып өркендеген,
Менделеев, Лермонтов, Буниндерден.
Толстойдың тырнағына татымайсың,
Неге айтты әулие бабаң құран білген.
Шайтаннан теріс үннен білім келген,
Құдайға қарсы қылып кесірленген.
Әке, атаның есімін ат қып мініп,
Тозаққа асыл басын сүйреп жүрген.
Құдайдың бұл жобасы сыны берген,
Мазақтап ата текке кесір келген.
Атаның баласы боп адамдыққа,
Қарсы шыққан кәпірсің дінсіз өңшең!
Құдайсыз қурай сынбас сөзге келсең,
Сөйлетуші Алла сөзі Менің іштен.
Кәпірлер аузымен нұрын өшіргенмен,
Алла берік уәдесін аяқтап жаза берген.
Тауысуға асыққан нұрын өнген,
Қазақтың надандары кесірленген.
Артындағы ұрпақтарын жолын жауып,
Жоғалтуға елу жылда қаннан тегін.
**** ****
Етек асты еркектің түрін білсең,
Сезімге ақылдың еркін берген.
Әке, атамен құрдастай аталғанға,
Ұлттың рұқын көтердім деп есірген.
Япырмау надандар ғой түсінбеген,
Ат өзгертіп рұқ жанды өсті деген.
Әке түгіл үлкенді атамайтын,
Ар-ұяты, дәстүріне түкіргенін.
Рух, рұқ, рұх, ұрықтың сырын білсең,
Ішіңдегі Мен нұрыңның тегіне ерсең.
Өзіңді өзің тәңір ғып кәпір болмай,
Мастығыңнан айығар ең дінге келсең!
Әр нәрсенің сипатын дінмен білген,
Жанды жансыз аталар ішін көрсең.
Ата, әкеңе жан берген «Ов пен Евті»
Қысқарып жын атыңа мінгестірген.
Ұрықтан атын алып өсіп өнген,
Нұрымен Құдай өзі жанды өсірген.
Қазақтың жаны әлемнен бөлек пе еді,
Кәпірлік қайдан шықты діннен безген?
Атын атап сүйек сындыруға міндеттенген,
Шайтанның жамағаты осы білсең.
Ібілістің ұрпақтары басшылар жүр
Иманыңды жоғалтуға қызмет еткен.
(Наурыз 2017 жыл)