Жердің бар киесі  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 1

Киесі жердің рұқың бар,

Жүрегің оған жалғанар.

Жаратқан жерді Алланың,

Меншігін Ол басқарар.

Меншікке жерді алғандар,

Алданып босқа мәз болар.

Тарихта ізі қалған жоқ,

Меншіктеп жерді алғандар.

Жер иесіз деген бар,

Меншікке сатпақ болғандар.

Қасиетін дала киесін,

Жоғалтып ділден алғандар.

Бос жатқан көп далаң бар,

Жәндік пен құсың хайуандар.

Перзенті жердің өсімдік,

Жаныңа қуат қосылар.

Жүректе ұждан көзі бар,

Қазақта ақыл сана бар.

Арам деп шөбін атамас,

Әруақтан онда белгі бар.

Гүл мен шөпті жұлмаңдар,

Өліден өткен киең бар.

Далаңның қасиетін ұқпасаң,

Алатын түбі жазаң бар.

Ұрпағың нәсіл жерде бар,

Бос жер деп оны сатпаңдар.

Қазаққа берген бұл байлық,

Рұқыңды өлі тазартар.

Есіңді жи надандар,

Ар-ұят деген шамаң бар.

Көздерде дүние шалаң бар,

Өлімнің барын ойлаңдар!

Қазақтың жерінің киесі бар,

Құдай деген киенің иесі бар.

Аруақ деген Құдай қолы,

Ататын лағнетпен жүйесі бар.

(Наурыз 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.