Махаббат сыйлай алдың ба?

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 223

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

Менде бар Алланың жүзі, махаббаты,

Қанынан ана, белінен әке сый болыпты.

Ақ сүтінен анамның белгі алып,

Бір сипаты махаббаттан із қалыпты.

 

Жас та болдым, мас та болдым өмірімде,

Жындылықтың ісін, сөзін меңгердім де.

Қырықтан асып ақыл толып уайым басты,

Жоғалтқан жанның жұбын іздедім бе?

 

Ар, иман жұбы болған махаббаттың,

Ата жол дәстүрінен іздеп таптым.

Талай жыл ата-баба сынақ салып,

Бір сүрініп, бір тұрып нәпсі жақтым.

 

Киелі рух қасиеті қонды маған,

Түрлі өнер адамдыққа себеп болған.

Дертіне сырқаттардың шипа беріп,

Махаббаттың қуатын сыйлай алам.

 

Ғашықпын махаббатың мен Жарына!

Таусылмас махаббатын сұраймын да.

Үлестіруші болып махаббат пен жақсылықты,

Құлшылығым махаббатпен ағайынға.

 

Жеті үні бар құранның махаббаттан,

Талай дана бұл үндерден кітап алған.

Насихатын жанның сырын талай дана,

Өз үнімен мақам қылып жырын жазған.

 

Шапағаты пайғамбардың қасиеті махаббаттан,

Жалғанған кітабына әулиелер мағрипаттан.

Тарихтың көлі кәусардан өтіп мен де,

Расулден көп жұмбақтың сырын алғам.

 

Ясауидей дананың білімін мағрипаттан,

Жеті үніне құранның кітабы ол жалғанған.

Ата жолы білімін жеті үнінен,

Жазғанмын  Абай, Шәкәрім даналардан.

 

Қазақтың тегінде бар мұндай білім,

Жаныңмен бірге келген бұл бір ділің.

Нәзік жаны екі қанатты періште боп,

Аққу жанды нәзіктер білген үнін.

 

Оқыдым бір нәзіктің жазған хатын,

Ғашық болдым жазбаны оқып білмей затын.

Дегенді мен жүрегімді сыйлар едім,

Алсаңыз жар болуға мен деп дайын.

 

Қорқыттай абыз да жеті үнді әуез қылған,

Аянмен естіп үнді қырық қыз ғашық болған.

Тауып алып мұндай ерге жар болмаққа,

Жолға шығып ақсақ қыз ана жете алған.

 

Келіңдер нәзік жанды үн іздеген,

Махаббат үнін құдайдың білсем деген.

Махаббаттың сарайына жол сілтеймін,

Есті ғашық боларсың үн киесін меңгерсең.

 

Мен бір жан махаббатқа жол көрсеткен,

Ғашықпын бар нәзікке арды білген.

Қолыңды соз үн  сарайына ертіп барам,

Онда талай жүрек бар үн меңгерген.

(наурыз 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *