Ұлттың тегі — жүзім бағы.

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 55

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

(Пайғамбарлар жазбасынан

философиялық жан сыры)

 

Досымның жүзімдігі құнары асқан,

Қыраттың беткейіне орналасқан

Досым оның қопсытып топырағын

Тазартқан жерде жатқан тастарынан.

Ең таңдаулы отырғызып сабақтарды,

Күзетуге мұнарасын тұрғызған-ды.

Арнаған сығуға жүзім шырынына,

Астауын әк тасынан қашаған-ды.

Жақсы жеміс шығар деген бақшасынан,

Тұқым азып өнімі болды жабайыдан.

Досым сонда мынаны баяндады,

«Ал кәне, Иерусалим тұрғындары,

Сондай ақ Яһуданың ұрпақтары.

Бақша мен Өзімнің арамыздағы,

Дау туды төрелік айтыңдаршы.

Бақшаға Мен істемеген не қалған-ды,

Мен күткен үміт неге ақталмады?

Сендерде білдіремін жүзімдікке,

Мен істейтін бір ісі бар келешекте.

Қоршаған шарбағын шауып тастаймын

Тас дуалын қиратып талқандаймын.

Мал мен аңдарға бақшаны таптатамын,

Жүзімдікті жермен жексен етемін де

Осылай өз бақшамды ойрандаймын!

Енді қайтып сабақтарын қысқартпаймын,

Топырағын өңдеп қопсытпаймын.

Тікенді бұталар, жантақ ошағандар,

Қаптап шығып жерін түгел басып қалар.

Еш уақытта жаңбырды жауғызбаймын

Бұлттарға осылай деп бұйрықтаймын.

 

Әлемнің Иесінің бұл жүзім бағы

Исраилден шыққан бұл үрім-бұтағы.

Әрі Яһуда елінің арамдары

Қуана еккен жүзім жүзім сабақтары!

 

Ал міне, олар жазықсыз қанды төкті!

Иеміз де олардан адалдық күткен еді.

Ал енді жапа шеккендер жан айқайы,

Құдайдың құлағына жеткен еді.

****   ****

Ишая пайғамбардың бұл жазбасы,

Тарихта орындалған оқиғасы.

Құранда да жаратқанның бар уәдесі,

Әлемге айналар жаңбырдай сын сағаты.

 

Қазақ ұлты бұл да бір жүзім бағы,

Талай ұлттан жалғанған сабақтары.

Дәстүрмен суғарылмай ұлт бақшасы,

Ұлттық нәсіл тектілік азғындады.

 

Қызық думан қуғандар, дүние арманы,

Егіндігі өнім бермей бос қалады.

Жарысқандар зәулім сарай, дүние жинап,

Сарайлары көпке бармай қиратылады.

 

Жинаған жүзімдерден шырыны азды,

Арсыз қыз, қатындардан сүт жоғалды.

Егіп егін ерлері азығын ала алмай,

Бедеулік, ит аурумен көбейді ауырғаны.

 

Ел билік ұлт бақшасын баптай алмай,

Жүзімдіктер арамданып тұқымы азды-ай.

Арам шөп, ошағандар қаптап шығып,

Ендігі жемісі бақшаның улы жыландай.

 

 Бұл дәуір Назарбаев билігі аталады,

Қазақта қызыл қырғын болмақ әрі.

Ата жолын дәстүрін тартып алған,

Шежіреде ұлттың қасіреті боп жазылады.

 

Есіңді жи, оян қазақ тегі болсаң,

Ештен кеш жақсы, бақшаңды күте алсаң.

Тарихта  ұлтының бақшасын құтқарған көп,

Әулие болып Құдай ісін атқара алған.

 

Біз сабағы ата-баба тамыры бақшамыздың,

Суғаруға ата жолы дәстүрінен жобамыздың.

Батамен көгереді ұлтымыздың бақшалары,

Көктен жаңбыр, жерден өнім рухымыздың.

(наурыз 2014 жыл)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *