Махаббат сыйлай білдің бе?

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 48

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

Ел едік еш қамсыз текті өскен,

Табиғатын аялап бектік еткен.

Гүлді өссін деп аялап өз қызындай,

Жұлмаған, мал жаймаған еркін өскен.

 

Шет елдің азғын салтына құмарландық,

Гүлді өсіріп, сыйлауға оны жұлып алдық.

Сен де осындай гүлдей сол деген ырым,

Ғашықтықтың белгісі деп тұмарландық.

 

Өлсе ата-анаң басына шөп қоясың,

Аманатын мазақ қылып мәз боласың.

Аруағың мал болды деген ұғым,

Сенің енді ризығың осы деп қоясың.

 

Қыздар нәзік болады гүлге құмар,

Нәзіктердің ақыл қысқа сезім қуар.

Алдайсың баладай гүл ұсынып,

Ғашықтығың болсын деп гүлдей солар.

 

Махаббат қазағымда армен өлшенген-ді,

Ар жаннан қымбат деп ескерген-ді.

Махаббатын ар киімінен зейнет беріп,

Ата-ана ұлтының арын өсіргенді.

 

Ақ жаулық ар сыйлығы нәзіктерден,

Махаббаттың үйі бар етек деген.

Он саулық көктен келер махаббатың,

Жанаттан аналардан өніп келген.

 

Денсауық байлық басы бұл өлшемі,

Ата-ана махаббаты, ақ сүтін емізгені.

Жаралып махаббаттан кереметсің,

Ал өзіңде бар ма махаббаттың өнімдері?

(наурыз 2014 жыл)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *