Махаббаттың теоремасы

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 100

Махаббат деген  қазақта ұғымың бар,

Ғашықтық деп ақындар жырға қосар.

Махаббатпен жаратқан деп адамзатты,

Абай атаң бұл сөздің астарлапты.

Құлшылықты сен қыл адамзатқа,

Махабаттың сырын ұқпай қапы қалма.

Махаббат тұрады екі жүз ғашықтықтан,

Есейген әйел еркекке бұл жарасқан.

Махаббат ақ жүрек, адал ниеттен боп,

Жан мен жан қосылмақ бүтіндік боп.

Ермен әйел некеленіп, қан алмасып,

Махаббат келер құдайлық нұры боп.

Адамзатты жаратқан күнә қуаттардан,

Жын-шайтанды ата-анаңа  жүк қып артқан.

Адамзаттың ақыл-ойсыз хайуаннан аз айырмасы

Махаббатпен хайуаннан және ажыратқан.

Ғашық болдым мен жарыма жас кезінен,

Сүйдік, күйдік жалын атқан нәпсіменен.

Отау құрып махаббат бұл деп ойладық,

Қызғанып қорғаумен бір-бірімізді өзгелерден.

Жас келді ер жасына артымды бақылаймын,

Ал енді мен бұл сырларды несіне жасырайын.

Жарыма қызғаныш пен қуанышты қатар беріп,

Өртеппін қанындағы құрттарын мен әрдайым.

Енді жарым  ақ жаулықты кемпір болды,

Қызғаныш орнына қайта маған кеңес берді.

Досым болып риясыз ашық сырласатын,

Кұпия сырымды да болдым мен айтатын.

Шын досты таптым көптеген қиындықпен,

Бұл жайды түсінер бұл ізбен жүріп көрген.

Ғашық болып бірімен-бірі жандары қосылмаған,

Махаббат емес ол құдайым сыйға берген.

Білемін мен сырын табуда енді махаббаттың,

Тоқал алып, қанын басқаша тазартпақпын.

Қызғанту жастардай ендігі менің қолым емес,

Жолы бар өзгеше бабалар жолы аманаттың.

Бір еркек төрт әйел жанын қоса білген,

Болған аналар қазақта текті өсірген.

Жан деген қуат- жарық рухтан нәр алатын,

Ұлтыңның қазынасы ген-ділді тазартатын.

Әзілдеп талай айттым сөз жас жесірлерге,

Тиесің бе дегендей мендей шал кесір ерге.

Кәрісің деп жасын айтып қатындар бұлданады,

Аңғармай әйел мен еркек қуаттары әлде тең бе?

Қалайша қуаты қайтпай әйел тұра алады,

Қанын тазартпай жанға жан қоса алады.

Тез есейіп еріне адал қызмет қылмай

Текті ұрпақсыз махаббат қалай құралады?

Мейлі қанша жас болғанмен қартаяды,

Сонда қалай тоқсанбайды менен туа алады?!

(қаңтар 2014 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *