Жұмбақ сырлар

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 54

Үлкен үйдің бар егіз ұл мен қызы,

Ол екеуін біледі дүние жүзі.

Ұлы түнде ұйықтайды, қызы күндіз,

Білінбейді басқанда жүрген ізі.

Әлемнің  үйінің ұлы күн болады,

Күндіз ұйықтар қызы ай болады.

Айда егіз, және ұл мен қыз да егіз,

Бұл сырды оқып құран кім табады?

Жыл деген аузын ашқан абжылан ғой,

Аяғы бар он екімен қозғалған ғой.

Әр аяқта отыздан бармағы боп,

Адамзат та жыланнан да жаралған ғой.

Біреудің арқаны бар қазығы жоқ,

Біреудің қазаны бар азығы жоқ.

Біреуге ақыл беріп, бақ бермеген,

Біреулерді айыптаймыз жазығы жоқ.

Арқаның- салтың, дәстүр- қазық,

Қазығы болмаса елің кетер азып.

Қатын — қазан, азығы ерден келіп,

Байсыз қатын қазандай тұрар қаңсып.

Біреуге ақыл беріп бақ бермесе,

Тағдыр ол, бақ қонады, бабын білсе.

Бақ шаба ма, бап шаба ма деген нақыл,

Тағдыр қалай бақ болар, дін білмесе.

Біреуге дәулетті үйіп бергенімен,

Бақ болмас тағдырын меңгермеген.

Тағдырдың сындары бар жасырылған,

Дәстүрді меңгерумен болады тең.

Таңертең төрт аяқты сәби едім,

Тал түсте екі аяқпен жүрген едім.

Кеш кіріп, күн батуға таянғанда,

Таяқ ұстап, үш аяқпен жүріп келем.

Патша болдым үй салып, ақыл жимай,

Қайғы берді, сынады ақыры құдай.

Өз үйіме кіре алмай қалдым неге,

Алдым кірсе, арт жағым қалды сыймай.

Замандас кілтін алып болдың патша,

Дүниенің есігі ашық, ерікті беріп басқа.

Ақыл жимай, құйрық майды жақпай,

Бас сиса артың сыймай, қалып жүрме азапқа.

Сен де бір ағаш жеп, бұлт құсатын,

От жанған сандық тектес пеш сияқтысың.

Жеп жүрсің ағаш орнына тезек, қиды,

Пеш болып, от орнына түтін құсатын.

Тозақтың түбі терең, дейді аузы кеміш,

Тозақ деген пеште жанған отың емес.

Алдына барып бар адамзат кідіретін,

Айна ғой бар қылығың болған елес.

Хайуан мен жәндіктерді байқап көрші,

Он екі мүшелердің сипатын ізін білші.

Адамзатта бар хайуанның нұсқасы бар,

Нанбасаң құран оқып, аңдап білші.

Бар хайуан түйеден тарайды екен,

Түйе деген от жалын тозақ білсең.

Он екі айуандардың басын құрап,

Түйенің он екі мүшесінде табар тұрақ.

Жәндіктерде сезім бар таңғажайып,

Шөптен өскен жәндіктер сезім алып.

Кейбірінде аз, кейбірінде тобы болып,

Адамзат жәндіктен сезім өсер алып.

Жүректердің сипаты болар қоян,

Ит мініп, есек артып, түйе айдаған.

Мінезің жетелеген ешкің болар,

Қылығың ысқырып жүріп ешкі айдаған.

Күндіз шаршап, түн өліп тірілетін,

Жаның бар жаннат кезіп іс көретін.

Жүрегіңнің құлағы егер жабық болса,

Жарқанат болмайсың ба түн кезетін.

Әйел жаны сезімге болар ерек,

Нәзіктігін сақтамаса кім елемек.

Қызықшыл, сауықшыл қуып ермек,

Отқа ұмтылған емес пе жынды көбелек.

Нәзіктер шалбар киген арбаң-арбаң,

Шаянға ұқсайды қарап тұрсаң.

Кесіртке боп өз құйрығын өзі кескен,

Қыз жәндік киіз қазығы күйіп жоғалған.

Жиіркенішті естіге қолтығы жалаңаштан,

Қол бала аруағың болмақ тазармаған.

Жыланды көрсең суық сумаңдаған,

Қара қатын сол болар қолына у жинаған.

Тауық туып жұмыртқасын қақылдайды,

Мақтанып бұл ісін неге жариялайды.

Дүние қуып,бала тумай, байсыз өткен

Бес әйелді бір қораз мыжғылайды.

Көрінген әйелдің қойнынан  иісін алған,

Еркектер ұқсамай ма теке болған.

Шыбыштай әйелдер көп сүйкенетін,

Құдайым бұларды да бізге үлгі қылған.

Сауықшыл қыздар да көп мысық болған,

Мысықтай төбелесіп, бірін-бірі жұлған.

Ит  мінезді ұл мысыққа құштар болып,

Талай  шаңырақ құлап жатыр арсыздықтан.

Балықтар суда еркін күнде ойнайды,

Ойнағанмен құмары бір қанбайды.

Сауықшыл сайраншыл қызды білсең,

Басы балық боп тозақта біл қайнайды.

Уы бар құйрығында тілінде емес,

Ызылынан қандай ер дірілдемес.

Араға ұқсаған әйелдер көп,

Ерге жар, қой бақтырып, құйрық жемес.

Құсқа ұқсап, ызыңдайды ән салады,

Есті адам бұған қарап, зар болады.

Масадай өзгелерді ығыр қылар,

Жәндікке ұқсатамын жұлдыздарды.

Жүнің-шөп, етің- топырақ, жатыр-жер,

Шөбін өртеп, егін салған саналы ер,

Еті- нан, қаны-шарап болар асыл әйел,

Аялап, баптап рухынан таза киімін бер.

Арлы әйел еті таза, ұннан майда,

Илейді қамырын әйел үш жағдайда.

Ерінен майын алып, тандырда отын жағып,

Нұр жарық шығады адамзатқа болып пайда.

Сөз иісі жұпар болып, бастан шығар,

Ақ жаулық қорған болып, жауып тұрар.

Байлығы есіл ердің сана ашатын,

Қанында бұл иістен шарап болар.

Әйелдің қаны адал, еті егер болса таза,

Бақшадан бал жинаған мұндай ара.

Балтырынан балы, аналық сүті емес пе?

Ал уы қанында ем және ерге пайда.

Жол нұсқап қулығы бар жұрттан асқан,

Дінші әлде ғалым, би ел басқарған.

Түлкідей аппақ қарда із қалдырған,

Талайды алдап билер жүр заң шығартқан.

Басында әсемдеп ораған сәлдесі бар,

Дегенін қылмағанмен араз болар.

Басатын аяғын мас адамша балпаң-балпаң,

Қоразға ұқсайды дінші намазхандар.

Тынбайды өзінен үлкен жүк көтерген,

Қайқаңдап, ойды-қырды тынбай кезген.

Жұмсамай, зекет, садақаға және қимай,

Құмырсқаға айналар ел бар білсең.

Қорған сап өзгелерден тасалап бой,

Арамдығы көп, қуылықпен ойлаған ой.

Маңына жолағандар өлім құшқан,

Ерлер көп ел билеген қара құрт қой.

Бұған сенбей есті болсаң жалған деме,

Айнаң жүр көлеңке боп, ерген дене.

Мінез-қылық адамзатта қандай болса,

Көлеңке аруағың емес пе болған бейне.

Жүрсең жүріп, тұрсаң бірге тұрған,

Серігің бар арлы болсаң дейді имам.

Өмірде мың өліп мың тірілетін,

Теріңнен ол жарық және қуат болған.

Жан қуат адамдықты бастан алған,

Рухың бар бейнеленіп қызмет қылған.

Таза ақыл азығы боп, жан қуаттың,

Жаннан-жан бөлініп, бас боп қайта туған.

Жанды баспен жіберген ешкім білмес,

Қайдан келді домалап, болып көмес.

Басыңа беру азаттықты сынақ болған,

Ғисадай пайғамбардан еді сүннет.

Алпыс екі бастың бар салалары,

Он екі мүше бағынған қалалары.

Мидан хабар ұжданнан қабыл алып,

Мақұл көрсе оны жүрек таратады.

Бастан қадір кетсе білген қазақ,

Киімсіз басты деген аңға ұқсат.

Жал- уы бар, аң бас деген ондайларды

Суық ми, бесті алмай жынды болмақ.

(қаңтар 2014 жыл)

***   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *