Мақтанбайтын бүгінде пенде бар ма?
Дінші, тілші, жазушы, ақындар да.
Мақтанның буы бүгін білім болып,
Ел құтқармақ мақтанмен сөз жазарға.
Ішті, жеді таусылады сен де қалма,
Құрту керек ел билікті, мені тыңда
Бақ қонады байлықты тығып жесек,
Ар, ұятпен жалғанға жан сатарға.
Қияметтің азабымен ісі бар ма,
От пен судың азабын тоқтатарға.
Ел билігі мақтанмен есі шығып,
Жығылып жүр шайтанның аяғына.
Алланың мүлкіне қол саларға,
Жерді сатып ел басшы оңалар ма?
Лағнетін құдайдың шақыруға,
Арсыздықтың түрі көп мал табарға.
Рұқ пен жаның қуатына жалғанарға,
Ұждан керек елге ақыл жол саларға.
Ұждан түгіл жанына қайырымы жоқ,
Төре, қожа тегіңнен пайда бар ма?
Үш тіліңмен ғылымды мен боларға,
Азғындығын ерте жаста дос қыларға.
Мәңгүрт қазақ ібілістің бұл арманы,
Ұлттық арман болып тұр Нұрсұлтанға.
Мақтанасың қалаңмен Астанаға,
Әдепсіздік ошағымен бас қалаға.
Көше толы көт ашқан қыз, қатының,
Еркек сұғын жинаған масқараға.
Ібілістің жолы оңай басқарарға,
Ақсақалды тең қылып жас балаға.
Есі шығып жаңа көрсе жабысасың,
Оңай жүйе адамдықты атқарар ма?
Арсыздықты заң шығарып тоқтатар ма,
Адамдықтың үлгісі жоқ басшыларда.
Ұятының ары кем қатын басшы,
Ынсап пен ұжданға ақыл тоқтатар ма?
Куә болар болашақ бұл масқараға,
Үлгі қалар бүгінгі ұрпақтарға.
Жер тәңірісі болған біздей қауым,
Ұқсамай ма тозақтық шошқаларға.
(Сәуір айы. 2016 жыл)
** ***