XXVIII-Ойға түрткі, ақылға дем       Жындылық пен ынсаптылық және  адамдық  ұждан, ар текті  меңгеру

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 72

        Адамзаттың жаратылысында ібілістік, адамдық болмыс қатар болып, қай жағына қарай ықыласымыз ауса, соның ұрпағы болып, аттылы-еркек, жаяу-әйел сипатты үш байлығымызды түгелдей алмай, меңгерген білімімізге мастанып, жұртты құтқармақ болып, дүние байлығымен мәңгілік ел болмақ болып, ол үшін де жындық топтарға бөлініп алып өзара дауласумен, меңгерген  керемет өнерімізді «жұлдыз» болдық деп мақтанумен, өмірдің бар бақыттылығы осы деп әлемге де жар салып жатырмыз.

Ал шынында ел басшымыздан бастап ар қуатымызды жоғалтқан, әлемдік түнек күштерінің ыпалына түсіп, ақша, байлық деген ібілістің ең күшті қиратушы, бүлдіруші қаруын алып, әлемдік теңдікті қиратуға өз үлесімізді артығымен қосып жатқан арсыз ел болып саналамыз. «Ауру адам қиратуға бейім тұрады. Дені сау адам ғана жасампаздыққа, біртұтастыққа бейім жақын болады.» деген даналар. Қазақтың ұғымында; Дені сау адам баласы есті, арлы болуы шарт. Ал ар қуатының бір ақылмен аяғы жүрек, басы мидан пайда болатын жүректің өнімі пенденің көлеңке ақыл, естілігінің айнасы бой жарығымен бейнеленетінін де жадыңызға тоқып алыңыз.

Адамзаттың жақсылық, жамандық қылықтары да, жан, рұқ өнімдері де тәннің барлық қауымдық, періштелік қуаттарының ақылмен жанға жүйленуі де жүректің әрекетімен пайда болады. Ал жүректің тазалығының көрінісін армен өлшеген қазақ дәстүрінде. Абай атамызға жүгінсек; «Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі – асыл тас, Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас. Жүректен қызу-қызба кете қалса, Өзге тәннен еш қызық іс табылмас. Достық, қастық, бар қызық-жүрек ісі, Ар, ұятың бір ақыл-күзетшісі. Ар мен ұят сынбаса, өзге қылық, Арын, алқын-бұл күннің мәртебесі. Қартаң тартқан адамнан от азаймақ, От азайса, әр істің бәрі тайғақ. Шаруаң үшін көрінген ақыл айтып, Жолың тайғақ, аяғың тартар маймақ.»

    Абай атамыз қартаюмен бірге жастық жігердің оты жанып арға айналуын, ал ардың жүректің де қуатымен аяқты аңдап басатын сабырмен, дүниелік шаруадан жалығумен байланысты екенін ескертеді. Олай болса арлы адам баласы екі дүниені де қатар ойлай білетін, бар ісін құдайдың еркімен ғана орындауға бел буған, жастық қызбалықтан, дүние ісіне намыстанудан аулақ болуы керек екен. Мұндай жағдайда құдайға тәуекел қылып жолға түскен адам баласының жолы өте тайғақ, қателесуден, қате сөйлеуден де сақтанып, әр қадамын аңдап басуы да хақ. Қазіргі таңда ар туралы әңгімені қозғағанмен жоғарғы ел басшымыздан бастап мұны жүрегімен ұғынуға тиісті үлкендерді табу неге қиын деп ойлайсыз? Әрине төрге шығатын рухани елдің жағдайын ойлайтындар, дін имамдар ар-ұждансыз жастардан сайланып, жалпы бүгінгі ел басқару саясатында діннің ешқандай маңызы болмай қалуымен де байланысты. Яғни саясатшы, партияшы қауымдар түгелдей арсыздық жолына түсіп алғаны хақ.

Мұндай арсыздыққа маталған бүгінгі саясатымызды, ел қылығын және арлы адамның сипатын Абай атамыздан; «Асау той, тентек жиын, опыр-топыр, Ішінде түсі суық, бір жан отыр. Алысты тұманданған ол ойлайды, Өзге жұрт ойды нетсін, өңкей соқыр. Ішкен-жеген, таласқан, ойнап-күлген, Кезек жоқ, келісім жоқ, сөйлей берген. Даурыққан, күліскен, өлеңдеткен Қайғысызға қайғырып, жиіркенген...Ойынға ойсыз надан бәрі құмар, Дүние істеп өз жұмысын жатқан шығар. Елемесең, елетер, бір танытар, Қайда айдаса, барасың, кім тартынар?..» (М.Ю. Лермонтовтан).  Дүние ісін, шаруасын қамдайтын ақылды, білімділер болғанымен, дүние қызығына түсіп алып ойлау қабілетінен айырылады, сонымен бірге ар қуаты да жоғалуы хақ.

Ал енді ойлы, ар-ұятты ұятсыздықтың қандайда бір түрінен жиіркенеді, ар-ынсапты дүние ісінде қанағатшыл болады, ар-ұжданды екі дүниенің де нығметін тең ұстай біледі. Ар-намысты, парасатты болып; «…Қайғысызға қайғырып, жиіркенген..» Раббысының ризалығын ғана іздеуші, «Өлі риза болмай тірі байымас» деген ата дәстүрін берік ұстаушылардан, мүмін, тура жолды тапқандар болады.

Қандайда бір мұндай пәтуамыздың құран аяттарымен сандық жүйе өлшемімен дерегі Раббымыздың заманға қарай түсіретін белгісі, шындығы және іске айналған хақиқаты болуы шарт. Аятта; «Раббыларының ризалығын іздеп, сабыр еткендер, намазды толық орындап (бес парыздық оқу ғана емес), өздеріне берген несібемізден көрнеу, көмес пайдаланғандар және жақсылық арқылы жамандықты кетіргендер, міне ақирет жұртының табысы солардікі.» (13-22) Сонымен «берген несібемізден» яғни біртұтас адамдар жүйесі біздерден, жанаттықтардан алған көлеңке нұрларды, кісілік жарықтарды «көрнеу, көмес» тұрғыда пайдаланумен, қарсылық қуаттарды жүктеп алумен, емшілік, тазартушылық амалдармен «жақсылық арқылы жамандықты» кетірумен ғана «ақирет жұртының табысы» болған имандық, рұқтық, жандық қуаттардың бір қуаттық сипаты, денесі ар кісілігін, арыстық кітаптарына жалғана аламыз да, ақылымызды ақиреттік жұртқа жалғап, таза ақыл, оймен нәрлендіріп қана толық арлы аталамыз.

Әлемдегі болып жатқан бүлікшіліктің, апаттар мен түрлі жазылмайтын ауру індеттердің де қазақ елін тұмшалап, тұман болып тұншықтырып, азапқа салып жатқаны да хақ. Әрине бұл жандық күміс жіптің үзілуімен, жан өсіретін ар білімін ұмытумен байланысты болып және ешқандай елді, кенттерді ескертушісіз азап бермеймін деген Раббымыз. Қазақ еліне Алла тағаланың нығметімен құран арқылы шипасы, рахметі түсіріліп, Ақ ұлдың (Момбай ұлы Қыдырәлі) бастауымен, Айша ананың ақ туымен, бес арыстық белгінің хикметтері ата жолында бес атамен бейнеленіп, 3 жүздік, 3 арыстық бірлікті меңгеруге, тылсымның ар үніне жер ұйықтары арқылы (ойпатты, киелі жерлер) жер ана рұқына табан арқылы жалғанумен, аруақтардың сөзін, насихатын жеткізе білетін, әлемдік тұрғыда да аққу, сұңқарларды дайындау мектебі қазақ елінің еншісінде ғана болуға тиісті еді.

Алла тағаланың түсірген нығметі, хикметті мұғжизасы яғни пайғамбармыздың 7 мөрмен жабылған сыр сандықтан уахиды оқушы 47 санды ерекше қасиеттілігі енді қазақ елінен пайда болып, Ақ ұлдың жүрек құлағын ашуымен, жер анамен жалғанған 7 мың 600 аққу, сұңқарлардың жүрек құлақ мөрлері ашылып, құс іліміне жалғанып ар-ұжданды болып қалыптасып, ақылды, білімді аталған қауымның ұждандарын меңгеріп, парасатты қауымның жетіліп өркендеуіне көпір болуы керек еді.  Бірақ көреалмастық пен надандықтың, жындылықтың ел билеуші зиялы қауымның арсыздық әрекетімен білімді, дінші қауымдармен ата жолын, Раббымыздың хақиқатын, ішкі зайырын зерттеліп, насихатталып дұрыс жолға түсіруге, білімін меңгеруге жәрдем берудің орнына ел басымыздан бастап қарсы қол қойып, заң шығарып, енді бүгінгі таңда бұл құдай патшалығы ісінің, жеті мөр сыр сандығының екі мөрін ғана аша алған аз ғана топтың қалғаны да растық. Сол ашылған екі мөр сыр сандығының қасиеттілігі де енді ібілістің ықпалында кеткені де сөзсіз.

Сонымен тәураттық, інжілдік жазбалардан арлы, есті бері адамзаттың  арманы болған жеті сыр сандықтың мөрін ашатын ел болып, олардың тұрған жері құдай патшалығы орнаған жер ұйық болатынын ежелден білген еді. Қазақ жерінің жер ұйықтық белгісі барын Асан Қайғы атамыз да аралап сипаттап өзі Қызылорда облысы Шиелі жерінде орын тапқан еді. Қандайда бір құдайдың нығметіне Ібілістің де өз әскерін ақыл, біліммен қаруландырып, дайындап мұндай қауымға қарсы соғыс ашуы да заңдылық.  Себебі әлемнің жеті сыр сандығының мөрлері ашылса, ар білімнің үстемдігі орнап бұзықтық мүлде жойылады, шайтаннан болған жындар жеңіліске ұшырайды. Сонымен қазақтың өз ұлтының ішінен ібілістің ұрпағы ел басшы, зиялы қауым, шайтан жамағаты діншілердің өзі болып шыққаны да хақтық.

Алайда қазіргі таңдағы дүние жетістігінің өзі; көктен жұлдыздардан несібе болып түсіріліп, жер анамыздан түрлі қуаттар мен азық, байлық болып өндіріп беріп жатқан, жер бетінің ісінің атқарушылары, пайғамбарымыздың артынан сапқа тұрған әулие-әмбилеріміздің, даналарымыздың қасық қаны қалғанша ел, жерді қорғаған батырлардың, ұлттың ділін, жанын сақтап көбейте білген аналардың жаратушымыздың алдында біздерге тілеп алып беріп жатқан несібесін, дұрыс орнына жұмсамақ түгіл олардың өзін тонап, тозақтағыларын онан әрі азап шегуге мәжбүрлейтін арсыз ұрпақтарға айналып алғанымыз да хақ. Сондықтан да түрлі аурулармен, азаптармен, табиғат апаттарымен алды-ала хабарын беріп, құдайдың хақиқатын түсіріп жатқанмен мойындайтын арлы үлкендердің азы ғана.

Ал мойындамайтындарға, ел билік діннен бөлек дейтіндерге, өз аруағынан теріс айналғандарға, арсыз ғалымдарға, дүниеге ғана мас болған жалпы халыққа; «Сұм дүние тонап жатыр, ісің бара ма? Баяғы күш, баяғы түсің бар ма? Алды үміт, арты өкініш алдамшы өмір, Желігіп жерге тықпас кісің бар ма?! Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма? Бір бес күннің орны жоқ аптығарға. Қай қызығы татиды қу өмірдің Татуды араз, жақынды жат қыларға?» (Абай атадан).  «Абайдың мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.» (Нұрсұлтан Назарбаев).

Ал енді ел басшымыздың тілмен айтып, оның мағынасын түсініп, әрекет қылуға арлылығы жетпей, керісінше ар біліміне қарсылық қылумен және  соңына ерген биліктің істері неге ұлттың дәстүріне, құдайдың ашық түсіріп жатқан белгі хақиқатына қарсылық білдіріп, жаппай ел болып білген, меңгерген білімімізді мақтанға алып, білгіштікпен құдаймен арпалысып, соғысып кетуге мәжбүрлеп жатқанына да растық. Ал бұған келіспейтіндер болса; «Баяғы күш, баяғы түсің бар ма? Алды үміт, арты өкініш алдамшы өмір, Желігіп жерге тықпас кісің бар ма?!». Ұлттың жобасы – түсі, аяны, кітабы менде бар деп қай ел билеуші, дін ғалымы, зиялылар айта алады? Немесе иман жолдасым жынсыз, сондықтан желіктірмес, жерге тықпас құлдайдың уәдесін, пайғамбардың батасын алдым деген дін басшы, ғалымдар бара ма?

Айта алмаймыз бәріміз де, себебі; «Ет жүрексіз ерінің айтпа сөзін, Тіл үйренген нәпсінің қу мінезін. Тілде сүйек, ерінде жиек барма, Шымылдық боп көрсетпес шынның жүзін.» деп ескертіпті Абай атамыз. Ал еркек бөріксіз,  қатын жаулықсыз болғанның өзінде ғана жүректің сөзін сөйлеу мүмкін емес, себебі ар-ұждан болмайды. Сондықтан сөз жүзінде ел басшыларымыз Абайын дәріптеп, ал оның ісін жалғастырған Шәкәрім атамыздың ғибраттарын меңгеру түгіл түсінуден қашып, нәтижесінде Абайдай данасына іс жүзінде қарсылық пен арсыздық саясатын ұстанады.  Олай бола әулие, дана атаған ел басшымыздан бастап бәріміз жынды, арсыз халық болып саналамыз. Себебі; «Қашан оларға: «Алдағы және арттарыңдағы жағдайлардан сақтаныңдар. Әрине мархаметке бөленесіңдер» делінсе; (45) Сондай-ақ оларға Раббыларының белгілерінен бір белгі келсе-ақ олар одан жалтарады.» (36-46)

Заманның білімне, өркениетіне қарай алдағы-арттағы жағдайларды Раббымыздың көрсетуін яғни көріпкелдік, болжампаздықты, ұждандық, парасаттылықты меңгеруден бас тартқызуға масһабтық дін муфтиятымыз ашық қарсылықпен,  күнде халықты теріс уағыздауға жол берудің өзі ел билеушілердің, ел басшымыздың ойсыздығына, ақылдарының нәрсіздігіне, арсыздығына дәлел емес пе? Енді арлы болуға тиісті жамандықты жақсылық арқылы кетіруге, қасиеттілікті меңгерген деген қауымдардың да ар білімін тергеп көрейік. Қазақ жерінде жер ұйықтарының ашылуына, тылсымның жеті сыр сандығының мөрінің қандай қасиеттілікпен байланысты ашылуын алда баяндап түсіндіру үшін де зұлымдықты меңгеріп, арлы болудың жолын, жан, ақыл бейнесі-«аффектілерін», көлеңке бейнесін, ақиреттік жұртты жетік білу керек.

Жындық болмыс қуаттық жүйенің есту, көру, ойлау қабілетімен басқарылатын және анықтаушы, алушы, жаратушы сипаттағы нәпсілік қуаттық жүйе болып, әрбір пенденің өмірлік, тіршіліктік қуаты болып табылады. Және арға қарсылық, зұлымдық арсыздық осы жүйеден пайда болады. Абай атамыз 43-ші сөзінде; «Ақыл туа бітті болмаса да, талап-туа бітті қасиет. Талап берген адам ақылды тапты, талабы жоқ кісі таба алмады»,-дейді. О да бекер. Талап балада да бар, оған талас қылуға болмайды..». Аналарымыз; «Баланың өзін тусам да мінезін тумадым» деп айтатын еді. Яғни әрбір пендеге  іште жатқан кезінде-ақ жындық, шайтандық қуаттардың мінез, нәпсілік бейнесі, кісілігі ақылдың талабы болып тағдырмен беріледі. Барлық қозғалыстың негізі көру, есту, ойлау сезімдік қасиетпен байланысты жүрек болып бейнеленуге негізделген. Жүрек барлық ақпараттардың бейнелену орны, жадылық денесі «матрица» болып табылады.

Сонымен жүректің қуаттық жүйемен үш түрлі сипатты ақиреттік өмірде бейнесі болады. Негізінде адамзаттың жүрегі жер қыртысындағы нәсілдік дәнмен пайда болады. Ал дәннің негізі 7 көктік қуаттардың жиынтық нұр жүйесімен жер ана рұқының дәнімен қосылып ақ топырақтық сипаты болып қалыптасады. Яғни ақ жүректің негізі киелі ойпатты жерлерде болады. Ал енді адамзат жүрегінің қуаттық бейнесі сандық белгімен 103; 107; 7 сандық жүйемен бейнеленіп; 103 санды қол қуаты, яғни тарам-тарам болып жерге қарай бағытталған нұрлық яғни әйелдің тарқатқан шашы сияқты, Шәкәрім атамыз жардың шашы деп атаған. Қазақта қолқанат деген ұғым бар. Енді  107 санды жүйелік қуат көздің  бейнесімен, ал  7 санды қуаттық жүйе орақ тәрізді туылған айдың, қабір басындағы, мешіттерде қойылатын зейнеттік таңбаның сипатында, бой өрісімен, ай нұрымен байланысты болады. «Айың тусын оңынан» деген бата бар қазақта.

Жүректің ғана жұмысымен барлық қауымдық қуаттардың үш түрлі жүйелік сипатқа бейнеленуі болып, қолдан аруақтық бейненің, адамзаттық тағдырлық қылықтық кітабының, Лат – сол, Ғұзза – оң сипатты екі періштелігі, қанаты пайда болады. Бұл қозғалыстық қуаттық жүйенің 103 белгі әулиелермен, киелі орындармен тұрақты жалғану қазақ жерде ғана бары хақ. Сонымен аруақтық жүйенің табиғаттағы төрт мезгілмен, уақыттың қозғалысымен байланысты Раббымыздың басқаруында, қанатының астында болады. Аруақтық қол қанаттық жүйенің; Қыста боранмен, жазда ыстықпен, аптаппен, күзде қураумен, жеміс берумен байланысты болмақ. Ал адамзаттың тәнінде жүректің ырғағына тікелей жалғанған, оң табан өкшемен байланысты тамырдың, жер ананың тербелісімен жалғанып жүректің соғысына қуат беріп тұрады.

Қандайда бір пенденің жүрек соғысы қол ісі әрекеттерімен, тағдырымен байланысты болуы да сөзсіз. Ал енді қол тағдырының ісі бітумен жер анадан да бұл жіптің, жүрек қанатының ажырап жүректің тоқтауына, ажалға себеп болады. Енді 107 санды жүректік қуаттық жүйенің; көздермен, маңдай, көңіл көзімен, арттағы сегіз көз орнымен  де байланысты болып; жүректің тазартушылық, ағартушылық, жан берушілік, жан үрлеушілік сипаттарына ие болуымен және ғаламды тану қасиеттілік  сипатымен байланысты болады. Яғни төрткүл дүниені танумен, табиғат күштерін де тануға көздік қуаттық жүйесі, бейнесі ие болады.

Енді 7 санды белгімен туылған айдың, нұрдың сипатында болған жүректік қуаттық жүйенің екі сипаты болып, сөйлеушілік, үгіттеушілік қабілетімен қайғырушылық қасиетімен белгілі болады. Және екінші сипаты сызбалық бейнесі Маңғыстау өңірінде, зияраттың басында таста бейнеленген, яғни қабірден тамырын алған ағаштың басы күнге тіреліп тұрған сипатында, күнге жалғанған, ғалам сырын таныған, нұр шашушы, Алланы танушы жүрек болып, бұл пайғамбарларға, елшілеріне, жоғарғы дәрежедегі әулие-әмбилерге ғана тән болмақ. Және жер ұйық деген де осындай орындармен белгілі болады.

Сонымен мейлі қандай аң, құс, жануарлар болсын, жүректерінде өмірден өткен адамзаттың белгілі бір тағдырлық ақпараттары кітабы болып саналады. Барлық жанды нәрселер адамзаттың жанының, жүрегінің өнімімен ғана басқаруда болатынын, жер анамен жалғанып тұратынын естен шығармаған жөн. Екі жүрек жаратылмаған әлемде, бір ғана жүректік, қуаттық жүйенің барын ескертеді Раббымыз. Сондықтан да тылсымдық  тұрғысында жанымыздың көбеюіне біздер дайын бейнеленген жаратылыс әлемінен, ата-бабаларымыздың жүректерімен, аң, құс, жан-жануарлардың тылсымдық көместік жүректік бейнелері арқылы ғана  жалғанмыз. Қазақта мейлі аң, құс, жануарлар болсын шектен тыс азаптауға, зорлық қылуға, өлтіруге тыйым салып, киесі, аруағы бар деп ескерткен. Ал қолдағы малды «шіркін жандық» немесе «жан-жануар» деп атаудың да осындай тылсымдық сыры жатыр.

Енді осы жазбаларда баяндағандай жанның бес қуатының 3-ші қуаты аян болып; өткен өмір қуатына, ата-бабаларымыздың шежіре ағашына аян арқылы жалғануды «Өмір қуаты» деп атаймыз. Ал жолымыз байланып, жанымыз өсіп-өнбей жоғалмас үшін тағдырға аян алу яғни ақылдың талап қуаты хайуандар әлемімен байланысты болып, арқаулық қуаттың негізінде адамзаттың артынан еріп алмасып тазарып отыратын жүректің қуаттық жүйелермен, есту қасиетімен байланысты болады. Және арқалық қуаттың ену есігі «Ғыфырмен» байланысты жалғанып тұрады.

Қазақта арқадан қаққызбау, арқасын жалаңаштамаудың сыры да осы ғыфырлық есікті қорғаумен, оған бой өрісінсіз хайуандық, қара жындық, малдық қуаттың еніп кетпеуінен сақтанудан пайда болған. Ал арқасын, кеуде, иық төсін жалаңаштауды сәнге айналдырған қатындардың азғындаудың, ібілістің  жолына түсіп алғанын білдіреді. Ондай әйелзатында жаны өлі деп біліңіз.

Сонымен сезімнің есту қасиеттілігі жындық, хайуандық болмыспен, жүректермен жалғанса, ал көру сезімдік қасиеті жандық тұрғыда шайтандық қуатпен байланысты, өсімдіктер әлемімен, жәндіктермен жалғанып тұрады. Ойлау қасиетіміз ібілістік теріс ой қуатымен және құдайлық нұр таза ақылмен жалғанып, яғни ақ пен қараның қарсылығында пенденің басы ағзаларын қалай таза ұстауымен байланысты басымдылықта болады. Әр пенденің жаратылысында сегіз жындық қуаттың болуымен бір ақылдың басқаруында ғана талаптың мақсатты болуымен көрінісін береді. Мұндай жындық қуаттың жаратылыспен байланыста болып; 1. Хайуандық; 2. Ағаштық; 3.Жәндіктік, құрт-құмырсқа әлемімен; 4. Жерді тесіп шыққан су көздермен; 6.Тегістеуші салқын нұрмен; 7. Жер дүниені аралайтын желдің сипатымен; 8.Қызыл теңіз түбінде жатқан нұрмен байланысты жүйе болады. Негізінде бұл қылыш бейнесінде болып; «Керейхан қызыл теңізге қылышын тастаған» деген де сөз бар тарихта….(жалғасы бар Сәуір айы 2016 жыл) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;  http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *