Тарқамай жастық базары,
Дүниенің қызық сайраны.
Сөз қадірін кім ұғар.
Тазармай көңіл назары.
Мұсылман болып туады,
Адам боп жанып шырағы.
Екі жүзді мұнафық,
Болғанмен мұсылман атауы.
Екі жүзді қазақ ұрпағы,
Дәстүрін артқа тастады.
Екі есті болған білімді,
Кісіліктің артып бағасы.
Мүміндік момын болмағы,
Дін ісі- шариғат базары.
Тазартып жүкті көңілден,
Табады қырназарды.
Сөзге де болып сараңды,
Сауаппен барлық амалы.
Иілгіштік қасиет,
Сүйекке алмай таңбаны.
Қайыстай болып қайсарлы,
Сөз астарын ұғады.
Жеті өнерді меңгермек,
Мүміндік өңеш тазасы.
Алмақ пен салмақ таразы,
Ақылмен өлшеп араны.
Өтірік шынды салмақтар,
Иманы жарық болмағы.
Қадірін сөздің бағамы,
Сөз ойын санмен бағады.
Пірліктің сырын меңгерген,
Мүміндік әулие ұрпағы.
Мұнафық кімдер болмағы?
Сөзінен танып алмағы.
Тілімен орақ орғанмен,
Амалы басқа алмағы.
Үш байлықтың қорғаны,
Ар-ұяттан аз алғаны.
Жаулықсыз қыз, қатындар,
Еркекте бөрік қалмады.
Ауру мен қыспақ жауабы,
Алланың сынын алмағы.
Жылына бір-екі сыналса
Мұнафық пенде болғаны.
Қазақтың көп молдасы,
Мүмін деп өзін атады.
Білімді үлкен және бар,
Аталған қазақ данасы.
Бөріксіз баста жаласы,
Тазартпас жыннан қараны.
Білімін кітап арқалап,
Жапарқұл мырза атағы.
Құдайсыз амал қылғаны,
Иманы шатақ болғаны.
Атақ пен даңқты іздеген,
Пенденің жаны азады.
Дін масһаб көңіл назары,
Бес парыз тура аталды.
Жүрексіз, жансыз жаннатқа,
Тозақтан өтпей бармағы?
Көңілде ібіліс қарасы,
Адамзаттың бұл наданы.
Өлісін риза қыла алмай,
Алланың түспес назары.
Жана алмай қаннан шайтаны,
Қыз-қатынның азбағы.
Көңілде тоқтық бола алмай,
Шайтаннан жын болмағы.
Бүгінгі заман қазағы,
Кәпірге тегі айналды.
Ар, ұят, ынсап, ұждандық,
Сөз ұғымы жоғалды.
Тәні мен сезім бағады,
Кәпірге артық жалғаны.
Жеңіл тұрмыс, сайранды,
Бағым деп, алған ұғады.
Алланың түспей назары,
Ғылымсыз көңіл азбағы.
Хайуанша оттап күн көрген,
Болмаған есті адамы.
Алмақпен сөздің салмағы,
Өтірікпен шынның арасы.
Үнімен ібіліс жалғанып,
Көңілден кетіп таразы.
Таза ақылдан хабарды,
Ғалым мен дінші алмады.
Заманның өткен жақсысын,
Ақыл деп білімін алғаны.
Пір болмақ жинап қолдарды,
Алламен бардай саудасы.
Көңілін жұрттың аулаған,
Аюдай болып салмағы.
Биліктің бүгін назары,
Дүниесі байлық бағалы.
Жерге тәңір болуға,
Зайырлы болып аталды.
Екі күнін тартып алғаны,
Жете мен сана назары.
Ар-ұятпен ұждансыз
Алланың болмас жамалы.
Өзіңді-өзің сынашы,
Күн әлде апта жұмасы.
Өлілер риза болатын,
Бар ма ісің қазақ баласы?
**** ****
Мүміннің көп мысалы,
Қазақтың әулие данасы.
Баладай болып көңілі,
Риясыз таза болмағы.
Тәмсілмен үлгі қылғаны,
Ағаштан болып қаламы.
Жерге түрлі өрнек сап,
Ойнаған жолда баланы.
Бір әйел сұрақ қояды,
Бұл не жазу деген болады.
Жанаттан жерді сатамын,
Баланың болды жауабы.
Қанша деп жерің сұрады,
Екі мың теңге тұрады.
Ақшасын төлеп жаннатқа,
Қуантты әйел баланы.
Түсінде көріп аянды,
Оқиға қызық болады.
Жанатта жүрген қыдырып,
Қуанып әйел оянды.
Естіген күйеуі сауданы,
Тексермек болып барады.
Отырған ойнап балаға,
Қанша деп жерің сұрады.
Мың триллион деген тұрады,
Қалайша қымбат бағасы,
Әйеліме жерді сатыпсың,
Екі-ақ мың теңге болғаны.
Баланың болған жауабы,
Көңілімді әйелің аулады.
Жанатты сатып алуға,
Бермеген еді параны.
Адамзаттың болмақ саудасы,
Иманды сұрап алмағы.
Өлісін өткен өмірден,
Ризалығымен көңіл алады.
Көңілге көкпен жалғауды,
Алатын бізден хабарды.
Періште көңіл кімде бар,
Алланың түскен назары?
Ата-анаң жаннат барғаны,
Көңілден ұждан туғаны.
Періште бала ұжданды,
Жанаттан сатып алмағы.
Рұқ болған сөздің жалғасы,
Алланың нұры парасы.
Әруақ боп шындық бейнесі,
Кітабы ғылым алмағы.
Көңілден қолға алмағы,
Қол бала әруақ болмағы.
Дәуіттің отыз ұлындай,
Құранның кітап парасы.
Жаннаттың қымбат бағасы,
Көңілмен сауда қылады.
Жаннатқа қалай бармақшы
Көңілге түспей Алла назары?
*** ****
Қазақтың көп данасы,
Алланың түскен назары.
Шәкәрім әулие астарлап,
Ғылымын жанның жазғаны.
Бір елде хан болғанды,
Кеудесіне жара шыққанды.
Кеңесін емші бергенді,
Келіскен қазы, молдасы.
Емделер тапса баланы,
Маңдайда үш мең таңбасы.
Он бес жасар баланың,
Қанынан шипа болады.
Алланың түскен назары,
Кедейден сатып алады…
Алланың түсіп назары,
Өсірген періште баланы.
Тура ұқпай бұл мысалды,
Естілер сөзді бағады.
Екі жүзділік мінезден,
Ақталудың жолы намазы.
Ғылым шындық тұрағы,
Менімен менікі жан бағы.
Рұқ-мал, жан бақшаңнан,
Әруағың бала болмағы.
Ғисадан өсиет қалғаны,
Адамда екі ұл болады.
Жұмбақтың сыры
Ар, ұят пен ұждан болғаны.
Табан мен адам маңдайы,
Жер мен көкке жалғайды.
Үшінші белгі алақан,
Тағдырың мұнсыз болмайды.
Он бес жүк шайтан салмағы,
Мың күнәмен болып жалғауы.
Еркекке оны әйел бес,
Тазартып періште болмағы.
Ғылымын Абай жазғаны,
Түсінер қазақ болмады.
72 рет түсер назарды,
Меңгерер үлкен қалмады.
Терістеп дінші назарды,
Жындарды мазақ қылғаны.
Ақыл мен жанды қоса алмай,
Ғұлама ғалым аталды.
Жердің бұл кіндік қағбасы,
Көңілде жанның сарайы.
Бірі көк, бір жерменен,
Алланың түскен назары.
Жер ұйық іздеп шарлады,
Алладан түскен назарды.
Жаннатын жердің атаған,
Асан Қайғы білсең атаңды.
Қазақта дәстүр болғанды,
Табынып іздер назарды.
Мирасқа алған құлдарын,
Ұлықтап салып мазарды!
(Тамыз айы 2017 жыл)
*** ****