Ұнауға пенделерге тырыспаймын

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 4

Тегіміз бір ұлтымыз болған қазақ,

Тектен иман көп жұртта болған шатақ.

Өзін-өзі көтерген, жерге тәңірсініп,

Адамдықтың өлшемі  шен мен атақ.

 

Өз ұлтыма ұнамаймын тұрсам қарап,

Арсыздыққа қарсы болып жүрген сынап.

Ақындардың бірі боп аталар ем,

Сезімменен қатын өлең, жазсам мадақ.

Тілші мен жазушыға қалай қоспақ,

Түсіне алмас, сөзім көп ақылға тұзақ.

Жалаңбаспен бірге және жүре алмаймын,

Қадірсіз бас, кәпірлер салтын ұстап.

Ел басшыға сөзім жоқ, жүрген ұнап,

Данышпан деп мадақ қылман елге ұқсап.

Әулиелігін терістеп сынап жүрсем,

Бөріксіз хан, сөз киесін қалай ұқпақ?

Қатын-қыздар ұнатпайды бар ма сұрақ,

Жалаңашты ұната алман иман қашад.

Ұнататын әурет жапқан қыз, әйелдер,

Түсінбейтін сөз айттың дейді ақымақ.

Абайдың жалғыздығын алған қалап,

Дауа бар ма, бұл дертіме болар қуат.

Қатын, туыс, ағайындар жек көреді,

Бұ не жолың, дін ұстанбай кісіге ұқсап.

Кісілікпен дін масһабшы ғалым болмақ,

Ұқсамадым кісілігін ескіліктен алған жинап.

Сөзін қарап, кісілігін таңдап жүрген,

Шәкәрімдей, молдаларға болған мазақ.

Кісілігім түнде жалғыз жүрер жұтап,

Кеңшіліктен жардың нұрын іздеп бармақ.

Анадан төртеу туа алмай әлі жүрмін,

Рұқтан алты алғаныммен таппай тұрақ.

Егін салар қатын бар ма, болар номад,

Ұлт бақшасын өсіруге алмақ сынақ.

Аққу, сұңқар ата жолдан қисық кеткен,

Ұнатпайды қателігін айтсам сынап.

Кешір деймін, көп шәкіртке болған жолдас,

Ерте алмадым, тәлім беріп, мінез шатақ.

Ере алмадың деп айтпаймын мен сендерге,

Орта солай, қызық думан қайда қалад?!

Шақырғанмен пенделерді қолды бұлғап,

Үйреткенін аруақтардың мені сынап.

Міндетсініп кінә артады жақын тартсаң,

Нәсілі өзге болғанмен сырты қазақ.

Жалғыздықтың сырын біліп дәуріш сипат,

Ренжи алман ұнатпады деп, бүгін қазақ.

Қазақтың текті жұрты арғы беттен,

Ортамызға бір келерсің деп тұрған қарап.

Бастықтарым пірлерім, тұр бақылап,

Әрбір ісім, сөздеріме беріп жауап.

Ақиретпен екі ортада өмір сүрген,

Ата тектің номад нәсіл жолын ұстап.

Кешір елім, тегіміз бір, ділің қазақ,

Нәсілдікте орыс, жоңғар, әлде қалмақ.

Ағылшынға айналдырмақ ел басшының,

Семіретін білім жинап, шошқа құсап.

Кездемесін жайып қойған мен бір қазақ,

Саудагермін, Абай ісін жүрген жалғап.

Айдалада жүрген біреу елден жырақ,

Өлшеп қойып, санмен сөздің ойын қарап.

Айта көрме, түсінбесең бұл не сандырақ,

Жаманнан да жақсы туар деген қазақ.

Тегіңдегі иманыңды жинап кетсең,

Артымыздан саналы боп келер ұрпақ.

Жақсыдан жаман деген қалай тумақ,

Тек аздырып, иманыңды қылсаң шатақ.

Біліміңе мас болып, жар саласың.

Жақсы болсаң Құдай өзі иман қосад.

Ұнатпайсың білімді қауым, болмас сұрақ,

Ғалым, ақын, ғұлама даңқ пен атақ.

Кісілігің адамдықтан озып тұрған,

Жан өсірмей, жын көбейткен малдық қуат.

Махаббатың адамзатқа қалай болмақ,

Ата дәстүр ата жолдан болмай сұрақ.

Нұрлы ақылдан санаға қуат қосар,

Өліге иман, тірішілікке ризық алмақ.

(Тамыз айы 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.