Өтпелі заман-жалғасқан аян

Бөлім: Өмір баспаладақтары-Қ.М. Тарыбаев 65

Заман да өткен өтпелі,

Аңыз боп бізге жеткені.

Аңыз да болар кешегі,

Шындықтың ақ шекпені.

Шындықтың аңыз-таяғы,

Аңыздың шындық-аяғы.

Болар аңыз бүгінде,

Шындығың аңыз баяғы.

Ұрпақтар жалғас бабадан,

Болашақ үміт баладан.

Аяқсыз қалған аян бар,

Майқы би баба данадын.

Жолбарыс жүрген жерінде,

Қасқырдың еніп кейпіне.

Өзгерген қасқыр түлкіге,

Түлкіден қоян түрпіне.

Шошынып баба оянған,

Секірген қорқақ қояннан.

Көргенбаба сезіпті,

Ертеңін ұрпақ аянмен.

Тарихтан ізгі жетіпті,

Жолбарыс заман өтіпті.

Бабалар қилы заманда,

Қасқыр болып көрініпті.

Жалтақ та болып күн көрдік,

Түлкі де заман өткердік.

Айламен жақтық басқаға,

Айдаһар аузын ашқанда.

Қоянда заман көз көрдік,

Көжектер бірлік көздеді.

Намысын жыртып елмінің,

«Желтоқсан желін» өткерді.

Ұрпаққа жалғас боларын,

Аяның соңы бабаның.

Сезген де болар ұлылар,

Замандас, ұрпақ ұғынар.

Балапан бүркіт қоянан,

Тілеуі болды сұраған.

Алладан бүгін нұр алған,

Халқың да ел де қуанған.

Қанатта қатар уақытпен,

Шарықтар қыран биіктен.

Иманды елге-берек,

Алланың жолы биіктер.

Аяның баба жалғасыт,

Тілеуің бекер болмапты.

Мақтаныш тұтар өзің де,

Ұрпақтар шықты салмақты.

Көк байрақ биік көтеріп,

Ұрпағың келеді көгеріп.

Қыран боп ұшып самғасын,

Аруақ баба қолдасын.

(Қыдырәлі. Тарыбаев 15-қаңтар. 2001 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *