Қазақтың сөзі Құдайдың буы,
Жаратқан мені рухани әкем.
Жерімнің рухы, елімнің тілі,
Анадан сүтім бұл — жетем.
Сөз табар ойды,
Ар болған ол сауыт
Қуатпен бойды сақтайтын,
Сөзді айтсаң дінін сен тауып.
Ақылын бабаң алғайсың,
Таза ақылға жанды жалғайтын.
Тылсымнан уахи, аянмен
Аманатын алып ақтайсың.
Мынау имам сөзі деп,
Мынау араптан келді деп
Ойдан, қырға секектеп,
Жүрме ақылды бөлшектеп.
Боқ жеп жүрген бұлбұлдай,
Азғырма дос пен құрбыңды-ай.
Махаббатпен адамзатқа,
Қызмет қыл туысыңдай.
Құранды ал атаңнан.
Кім бөлінсе сол надан.
Діннен ісім бөлек деп,
Сөз алма ауызға арамнан.
Атадан сөз алмаған,
Анадан үн болмаған
Сүйегін сатып, сындырған,
Сырты қазақ, іші арам.
Текті тілмен жөндеген,
Атасын ат қып түзеген.
Басына аруақ мін деген,
Арсыз болма жын мінген.
Кісінің атын алып кісі болмас,
Сұңқар мен қарға жолдас болмас.
Қанатсыз атың мен қанатты есім,
Қосқаннан тегің азып, кие қонбас.
Діні ол, киесі еді ата-бабаң,
Киесін қатындар жүр жалғап алған.
Сөз киесін араммен былғап алсаң,
Болашақтан не үміт күтер адам?!
(Желтоқсан 2013 ж)