XIII- Жын-шайтан қолы және адамзат тегі мен шын, шындық ұғымдарының философиялық түсініктері

Бөлім: Жын-шайтан және перілік 62

( Жалғасы, басы1;- 12;-ші бөлімдерінде)

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Алдыңғы бөлімде баяндалғандай шындық пен шынның ара жігіне тағы бір шолу жасай кетейік.

Шындық негізінен  философиялық астарлы сөз, оймен көрінісін табады. Ал шын – логикалық  біліммен байланысты. Сондықтан Құран да, барлық діндер кітабы да шындық түрінде түсіріліп елшілерге, пайғамбарларға оқылған. Сонымен бірге пайғамбарларға берілген кітаптардың бәрі де шындық түрінде баяндалып, оны өздері тірі кезінде қаншалықты амалдарын намазға айналдырды, ал қаншалығы философиялық шындық түрінде ашылмай да қалды. Міне, әрбір заман талабына қарай қоғамның білімді, дарынды өкілдері осы ашылмаған шындықты шынға айналдырумен алдыңғы замандағы орындалған көптеген шын, логикалық білімдер ескіріп маңызын да жояды. Қазақта «Дәстүрдің де озығы бар, тозығы бар» деген нақыл қалған. Біздердің көп жағдайда бұрынғы аталарымызды түрлі себептік амалдарын, құлшылықтарын жаңылған, адасқан надан болған деген сияқты айыптаулар да осындай өзіміздің білімсіздігімізден, философиялық ойлау қабілетіміздің әлсіздігінен, заманға күйлеген құр логикаға ғана жүгінуден пайда болатыны да даусыз.

Енді біздің аталарымыз масһаб дінін ұстанып, тура жолда болды деген ұғым да осындай философиялық надандықтан пайда болғаны да хақ. Рас, Масһаб білімі ол замандарда дін ұстанымындағы логиканың жетістігі болғаны сөзсіз. Бірақ ойшылдықтың, философия ілімінің жоғарғы деңгейін қамтыды деген надандық болады. Себебі, философияның шегін адамзат бір ғана дәуірлік біліммен қамтып, қиямет-қайымға дейінгі оқиғаларды, ілімді  меңгеру мүмкін емес. Ол тек Құдайдың ғана еркіндегі ілім. Енді философия ғылымы ілімдік сипаты, ал логикалық ғылым болса білімдік сипатта болу шартты. Бірақ қазіргі қоғамдағы жалпы әлемдегі философиялық ғылым саласы мүлде тұралап, логикамен шатасып артынан теология ілімі де өз маңызын жоғалтып алған. Мұндай ойшылдықтың жоғалуынан, әлсіреуінен логика білімі билікке жетіп, адамзат тек білімге, көзбен көргенге, дәлелдік ғылымға ғана сүйеніп шындықтан қашықтаған сайын «экстремизмдік» түсініктің дамуына, тажалдық білімнің пайда болуымен артынан әлемдік бүлік, соғыстың пайда болуымен бірге табиғи апаттарды, түрлі рухани сынақтарды да туындатады. Енді мұның негізгі себебі де біздің жаратылыс туралы біліміміз тек логикамен, дәлелдік біліммен ғана шектеліп, ал философиялық шындық туралы білім дін ғалымдарының өзі меңгеруге шарасыздық танытуынан пайда боламақ.

Абай атамыздың «Дін ісін Құдай ісінен айыра алмас» деген ескертуі, әулиелігі толық шынға айналды. Сонымен шынды меңгеру арқылы шындықты іздеу ғылымын – философия, ілім, діни сауаттылық деп те атауымыз керек. Бұл жерде «САУ+АТ» ұғымы «Сөз ұғымы философиясы» деген тақырыпта баяндалғандай, адамзаттың рухани денсаулығына байланысты қуаттардың тазалығынан хабар береді. Сондықтан «діни сауатты» деп тақуалықты, бақсылық, емшілік істерін, яғни құдай ісін меңгерген, құлшылығы түзу  адам баласын айтуға болады. Сондықтан дін білімі мен діни сауаттың да айырмашылығын ескеріп өз орнымен де пайдаланған естілікті меңгеруге де дұрыс болар.

Сонымен Шәкәрім атамыз; «Бұрын шын бар, бүгін шын, Ертең шын бар – үш бөлек.

Керегі жоқ бұлардың, Бұзылмайтын шын керек!» деген философиялық пайымдауында үш түрлі шынды уақиғаларды да меңгеруге ақ-қарасын ажыратуға бұзылмайтын шын – ол  «шын Құдай», яғни шындық екенін ескертеді. Енді Құдайдан түскен шындықтардың кітап жүзінде жазылған пайғамабарлардан қалған өсиеттерден бастап құран, інжіл, тәурат, забур жазбаларының қаншалықты аяттары шынға айналды? Ал, осы уақытқа дейін шындық түрінде құпия болған, қаншалықты аяттарының шындығы шынға айналып көрінді, бейнеленді? Міне, осы тұрғыда даналардан қалған ойшылдық, философиялық нақылдармен бірге оның да ақ-қарасын ажырату үшін заманға қарай оқылатын құдайдан кітап аяндар жүйесін, шындығын да меңгеру керек. Осындай шындыққа жетуге байланысты кімнің немесе қандай дін тобының дұрыс бағытта немесе адасқандығын қарапайым логикалық тұрғыда анықтауға болады.

Біздің заманда осы жағдайға қазақ елінде құдай өз хақиқатына айқара есік ашып қойғаны да хақ. Бірақ, бұған қарсы тажалдық білімнің үстемдігі пайда болып, бүгінгі рухани  ахуалымыз халықты қырғынға ұшыратуға себеп болған да өздерін зиялы деп атайтын қауым және билік өкілдері болып табылады.

Енді бұл жағдайға да басты себепші қазақ халқының ұзақ жылдар орыс империясымен бірігіп, ақырында өзге елдің салтын бойымызға сіңіруден, әсіресе қазіргі кезде ақсақалдық, үлкендік жасқа жетіп кітаптары ашылған қауым өкілдерінің керісінше жындылықтан, мастықтан шыға алмай, бұл ақпараттық кеңістікті әлі 40-қа келіп ақылы толмаған және ердің жасына келіп, тақуалықты меңгеріп, жын-шайтанынан тазарта  алмаған білімді пенделердің жайғасып алып билік айтуынан пайда болды десек жалған емес. Бұдан қазақта ақасақалдар немесе текті, көргенді азаматтар мүлде жоқ деуден аулақпыз, бар, бірақ қазіргі биліктің рухани жетілмей жастарша ойлануынан, философиялық мектептің білімі болмағандықтан, осындай рухани құрдымға құлауға ғана себеп болды.

Ондай шындықты айтып шырылдап жүргендерге дүниеге, жансыз білімге мас болған, ел басқарып, ақпараттық жүйе басында отырған басқарушы  тобырлардың  қарсы болуынан, ондай естілер жалғыздың үні шықпас болып, жындылар сияқты көпшілік алдында сөздері қабылдануы да екіталай. Бұған жағдайды қалыптастыруға да бірден-бір себепші ел басшыларының ішіндегі қанша көреген әулиелігі болса да, өзге елдің әдебі мен қылығына, саясатына еліктеумен «мемлекет діннен бөлек» деген ұғыммен өздерін-өздері шайтан қолына байлап қойған. Бұл заманның көреген басшысы болған Нұрсұлтан мырза да тажалдардың қақпанынан құтыла алған жоқ.

Сондықтан бұл жағдай негізінен шайтан жамағаты болып табылатын түрлі саяси ұйымдар құрып, халықты бақытқа жеткізуге тек билік керек деген тобыр өкілдеріне де, қазіргі билік басында жүрген олардың қолдаушысына да елді іштен бөлшектеп тек заңға, жансыз білімге, өзге елдің саясатына шоқындырып, үлгісін алуға да қолайлы екені сөзсіз. Бірақ «Әр елдің салты басқа, иттері ала қасқа» деген бұл жындық қуаттың, халықтың рухани ерекшелігі болып, бір елдің қылықтық мінезі екінші елге келмейтінін де, Құдайдың лағнетіне ұшырауын да қазақ даналары түрлі нақылдармен ескертіп кеткені де хақ.

«Атаңа не істесең алдыңа сол келеді» дегендей бүгінгі бірін-бірі етегінен тартып түрлі партия құрып, халықты соңынан ерітуге азғырушылар да, бүгінгі заңның артына тығылып өздерін-өзі мақтап тағынан қалайда айырылмаудың жағдайын қарастырушылар да мұндай екіжүзді «шайтан қолының» ықпалынан шыға алмаса, түбінде қайғы-қасіретпен жеке бастарының да тарихта өз орнын қалдыруы да, ұрпақ жалғасуы да мүмкін емес.

Құранда жаратушы иеміз; «Сендерге отсыз түтін, түтінсіз от жіберемін, құтыла алмайсыңдар» деген аятпен үкім түсірген. Шын тұрғысында, яғни бүгінгі логика білімінде бұл бір ертегі. Ал негізінен құранның әрбір сөзі шындықпен байланысты. Сондықтан бұл шындықты құдайдың өзі хақиқатымен әлдеқашан шынға айналдырып жатқанын білеміз бе? Әрине жоқ. Сондықтан бұл шындықты логикалық тұрғыда шын екенін дәлелдеу үшінде қайтадан таза ақылға – шындыққа, яғни құдайдың заманға қарай көрсетіп жатқан аяндарына, оқылып жатқан уахи кітабына, аруақтық батаға жүгіну арқылы бұл шындық аяттың шынын ашып көрейік.

Менің өз басыма көрсетіп ескерткендей; «Шайтан қолы» натрий өнімінің негізінен құрылатын, әйелдер қанына және азған еркек қанына байланысты сұр түстес кеңістікте түрлі нәрселік сипаттарға бейнеленген 11 түрлі қуаттық өлшемнен тұратын жаратылыс болмақ. Қазіргі аспан әлемін зерттеу ғылымында қандай қалада, мекенде жер сілкінетін болса, алдымен осындай түсті бұлттардың пайда болатыны байқалғаны жазылған дерек те бар. Еліміздігі жануарлардың жаппай қырылуы да, түрлі аураулардың пайда болуы да осы «шайтан қолының» әсері және мұны «отсыз түтін» деп атаған. Отсыз түтін-салқындық, әрбір адам баласының суық тиюі, киімсіз жалаңаш немесе дәретсіз жүруінен шығатын, бөлінген иістердің кеңістікте өзінің ұқсастарына қосылуымен қайтадан пенденің бойына араласумен тәнге өтетін түрлі иістермен, тағаммен де, арақ, шарап ішумен де қосыла алатын «Шеріктер» тобына жатады. Дін білімінде «Шерік қосу» деген ұғым да осы жағдайдан пайда болады. Бұл – Алланың құдіретті қолының азап болып түсіретін себебі де болмақ. Сонымен «шайтан қолы» жан өнімі болып, тазармаған күнәлі рухпен араласып, ертеден келе жатқан нәсілдердің де бейнесінде болатын түрлері де бар. Түрлі құбыжықтар кейпінде де кейбір пенделерге көріне де алады. Жан негізі болғандықтан судың буы да болып қара мен ақ аралас болғандықтан аталарымыз «алалық» деп атаған да; «Ала жіпті аттаған оңбас» деп шайтанмен жолдас болуды, шектен шығуды, «шерік қосуды» ескерткен. Қазақ дәстүрі де негізінен «ала жіптен» аттамауға байланысты қалыптасқан.

Жаратылыстың барлық нәрселерінің жұбы және пары болу міндетті болғандықтан, енді отсыз түтінге жұбы болған «түтінсіз от» сипатына келсек; Бұл ескерусіз, қараусыз қалған рухани адамзат өнімдері болып, қара көлеңке түстес «жын-пері», албасты деген сияқты адам бейнесіндегі қозғалыстық қуаттар болып табылады. Бұл қуаттармен де байланысқа түсуден, қосылудан адам баласының арақ ішкендей мас болуы да және түрлі қылықтармен жындануы қазіргі әлем халқының да, намаз оқушы болған арап елдерінің жынданып бірін-бірі аяусыз қыруына да, украина, америка, азия  елдеріндегі халқының көшеге шығып, билікті төңкермек боған әрекеттерінің бәрі осындай отсыз түтін мен түтінсіз отты араларына жіберген жаратушының сынағынан пайда болғаны да хақ.

Қырғыз еліндегі жағдай да осындай себептен пайда болды. Енді адамзат шайтан қолымен, яғни отсыз түтінмен жүктеліп, артынан оған түтінсіз отты жіберіп, тұмаудан бастап барлық дерттердің пайда болуы апаттардың, азаптардың орындалуы да адамзаттың өз еркімен бұл қуаттарды дін арқылы тазартып отырмауынан болады. Сондықтан бұларды өзара от, су апаттары, жер сілкінумен, жерге жұтқызумен өзара араластырып әлемдік жаратылыс қозғалыстары теңдігін сақтау – бұл жер әлемінің қирап, мүлде құлдырауға түспеуіне жаратушы тарапынан түсіретін нығмет десе де жалған емес. Себебі, бұларды өзара әрекеттестіруге Алланың нұры ғана, яғни құдайдың түп негізі – жарықтың  араласуынан ғана жаратылыс нәрселері өлімнен жаңа өмірге жолдама алады. Сонымен енді шайтан қолының әсерін әлде де қазып көрсек.

«Шайтан қолы» санамен, қан өнімдерімен байланысты болғандықтан еркектің қанында 11жұлдыз, әйел қанында 11 жұлдыз және екі аралық осындай мәндегі аруақтық қуаттармен байланысты болып, тақуалық 11 санды таспих осы қуаттарды тазарту құлшылығын көрсетеді. Сонымен 33 санды таспихты меңгерумен және «шайтан қолынан» шамасына қарай  жүк алумен 44 санды «Төртеу түгелдігі» пайда болады. Бұл 11 түрлі ақпараттық жағдайды да меңгеру үшін 4 түрлі; «көру, есту, ойлау» және  ақыл, білім арқылы меңгеруге болатынын, сонымен 15 түрлі адамзаттың негізгі сынағы – көңіл қуаты болатынын да білгеніңіз жөн. Бұл салада қазақ даналарының еңбегі де жеткілікті, олардың бәрін қамтып баяндау мүмкін емес. Абай атамыз 15-ші қара сөзінде; «…Әрбір мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін байлап, төңіректі қорушылардың (шайтан көзін) көзін ашып, «ананы-мынаны» дегізіп, бойды сынататұғын (арды) нәрсе….Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал!..» (15-ші сөз) Және 15-ші өлеңінде;

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек,

Ашуың-ашыған у, ойың – кермек.

Мұңдасарға кісі жоқ сөз ұғарлық,

Кім көңілді көтеріп, болады ермек…

Яғни, қазіргі кездегідей өздері үлкендікке жеткенмен ашуы ашымай, ойы кермек тартпай, шайтандық қуаттарынан тазара алмай жүргендердің сөз ұғымын түсіну қабілеті жоғалатынын да ескерткен.

Жамандар  қыла алмай жүр адал еңбек

Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек.

Арамдық пен жамандық көрмей қалмас,

Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек…

..Наданға арам-ақылды құлаққа ілмек,

Бұл сөздің ертеңі тез үйренбек.

Рас сөздің кім білер қасиетін,

Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек…

…Сыртсынбақ, қусынбақ, өршіленбек,

Сыбырмен топ жасап бөлек-бөлек.

Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ,

Өзімен-өзі бір күн болмай әлек?

Қолдан келсе бере ме жұрт меңгермек,

Адалдық, арамдықты кім теңгермек?

Мақтан үшін қайратсыз болыс болмақ,

Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек.

Абай атамыз философиялық, шындық тұрғысынан қазіргі кездегі «шайтан қолымен» жүктеліп, тажалдық білім соңына түскен ел билеуші мен қарапайым арсыз пенделердің рухани жағдайын, бүгінгі заман оқиғасын ашық суреттеп берген.

Енді «Сабыр түбі – сары алтын» атты бірінші кітапта берілген насихаттан үзінді беріп кетейік. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазақтың шариғатының ертеден қалыптасқанынан және 15 санды «шайтан қолын» меңгеруден, «алалықтан», «ала жіпті аттамау» аманатынан ғибратнама жазып кетіпті. «Сұңқардай биік шыңды мекен қылмай, Шақылдап көзге түстім сауысқандай. Түлкінің қызылдығы өзіне сор, Болғандай, болдың маған өнер-білім!. Бір нақыл, жұртқа таңсық, жәдігер сөз, Хазірет Ғайса рухолла пайғамбардан;.. Базарға жұрт жиналған келе жатқан, Лағына (шайтан) жол үстінде ұшырапты кез..Ол малғұн келеді екен жолмен айдап, Он қашыр, бес есекке жүгін артып. –Жаныңа шын сөйлесең пайда,-дейді. Дінің қатты, құр тілің майда,-дейді. Сұрады тақсыр Ғайса тұра қалып; «Барасың,-Лағынға айтты,-қайда?»- дейді. –*Сен шықтың тура жолдан асып,-дейді. Біздерге жол қисығы нәсіп,-дейді. «Жалпақ жұрт бара жатқан ду базарға, Барамын мен де қыла кәсіп»,-дейді. -Топыраққа бас ұрмаймын деп қылып ар, Бұрынғы дәуреніңе (періштелік) сен болдың зар. Басқа жұрт тері-терсек, жүн сатады, Сататын, малғұн, сенің, не пұлың бар? –*Жүгім бар көрмеймісің он бес көлік, Келемін айуанға артып екі түлік. Жұртта тыныштық, бүтінін ойламаймын, Саламын көп бас қосқан жерге бүлік. –Қашырды есекпенен танып тұрмын, Өтірікті шындай қылдың, нанып тұрмын. Біле алмай артқан жүгің не екенін, Тамаша айран-асыр қалып тұрмын. -*Артқаным бір есекке ылғи жалған, Жалғанда өтірік жоқ мұнан қалған. Нанбасаң еріп бірге көр көзіңмен, Базарға қызығымды қалай салған. Күншілдік-бір есекке тиеп артқан, Жібек, кендір арқанмен буып тартқан. Базарға бұрын көп барғанмын. Жерім жоқ бұл саудамнан залал тартқан. Артқаным бір есекке өңкей зорлық, Есепсіз мал табамын қылмай ұрлық. Мен алмай, оның малын кім алады, Иттер бар көріп жүрген малдан қорлық. Пайдасыз бос орынға жүрмейміз тек, Көрінген бір жерім жоқ ешкімге тек. Мастанып артқандықтан-тәкаппарлық, Жүре алмай бара жатыр мынау есек. Естумен тақсыр Ғайса таң қалады, Көзбен көріп, көңілмен аңғарады; -Киер киім, ішер ас, тамақ емес. Керек қып бұларыңды кім алады? -*Базарға айдап барып салам қатар, Алдымен жетіп келер алып сатар. Түк қоймай өтірігімді талап алып, Ол да алдар көрінгенді, дәмін татар. Көтерме өтірікпен менен алған, Олар да бар әлінше сөйлер жалған. Кім болса бұл заманда сол әкетер, қор болып қашан өтірік жерде қалған. Білмейді ешкім менің қулығымды, Майлықпен көріп бірдей сулығымды, Қатынның ең жаманы ит ап кетер, Талау мен мікір-хайла, (қулық-айла, ит мінездік) қылығымды. Закон (ата заң) жоқ жерде мұны қалдыруға, Бұларға өзім ерікті алдыруға. Білмеймін дәнемені жаман ұстар, Мікірмен (ұятсыздық) алдар бойын нандыруға. Базарға алып барса не қалады, Қараумен әр нәрсеге көз талады. Білетін күншілдіктің қадір құнын, Оқыған көп оқуды молда алады. Шаршарсың базар барсаң, басың қатып, Сөйлеп тұр өз білгенін әркім шатып. Жұрт билейтін ұлықтар таласумен (партия құрып), Алады зорлығымды пұлға сатып. Неге болыс болады малын шашып, Қашан болып шыққанша жанталасып? Текке тиын біреуге кім береді, Зорлықпен алдамаса үкімі асып. Қарсы келсе бетіне басын шайнар, Құнсыз, бұлсыз кедейдің соры қайнар. Өзі апарып ұлыққа тығар малын, Ішпес, жемес, шық бермес Шығайбайлар. Біреу ұн, біреу пұттап май алады, Біреу қой, біреу тайынша, тай алады. Тәкаппарлық, жүгімді қалтасы мол, Жетілген надандыққа бай алады. Томпайтып қалтасына жүрген сыймай, Беруге ешбір жанға көзі қимай, Алған соң тәкаппарлық сатып менен, Дүрдиер өз үйіне өзі сыймай. Бай біткен болғандықтан қара бауыр, Арқасы ер салмастан болар жауыр. Не айтып, не қойғанын білмес өзі, Тырнадай өзіне-өзі болып ауыр. Сиырдай қатып жүрер дәл болған құрт, Көмейде жоқ, бос сөзбен толтырып ұрт. Желбірер ентігумен екі танау, Семіз деп құр көрумен айтсын деп жұрт. Жүргенін білмес өзі батпақ саздап, Үлкендік айтып қояр аздап-аздап, Арлан тазы бұтындай бұлтиюмен, Едірейіп екі көз шыға жаздап. Ғайса айтты: -тоқта, малғұн, болды,-деді, Айтқан сөзің құлаққа қонды, -деді.-Апарып оны қайда өткізесің, Он қашыр тиеп артқан пұлды?-деді. Бұл күнде тіліңді алған жас пен кәрі, Азған жұртқа тура сен ем, дәрі. Жүгің не он қашырға артып алған, Немен толып жатқан соның бәрі. -*Ол бір жүк шиыр емес, соны-деді, Бұлардан он есе артық құны,-деді. Бұл жерде алушы жоқ шаршамаймын, Өткізіп қайтқанда айтам оны,-деді. Мұнымен шайтан-дағы базар барды, Он бес көлік жүкпенен топты жарды. Лезде апа-сапа қылды бәрін, Ұйқы-тұйқы көбейтіп дауды-шарды. Алдынан алушылар даяр жетті, Қолдан-қолға түсірмей талап кетті. Қайтқанда тағы ұшырады рухоллаға, Мән жайын саудасының баян етті. -*Бес есек өзді-өзінің орнына өтті, Жүк еді он қашырда бір ретті, Артқаным бәріне де тамин (дәме, тілемсектік) еді, Біреуін тілеушілер (намазхандар) талап кетті. Иініне ала қоржын салған алды, Қайыр сұрап жұрт тынышын алған алды. Пірге қол берген сопы, бірәдарлар, Жұрттан пұл жинап, қажыға барған алды. Бір қашыр жүк бәріне түгел жетті, Тоғызы өтпей біраз тентіретті. Қожа, молда, ишандар елді жеген, Дағдарып тұрған шақта солар жетті. Ақсақал, қажы, қожа саттым шалға, Бейнетпен мал таппаған жүріп жалға. Қожа, молда көтеріп алды бәрін, Еңбексіз тапқан жұрттан тегін малға. «Біз үйде қалай шыдап жатамыз,-деп, Мұны алсақ, қарық олжаға батамыз,-деп, Шайтаннан көтерме алған бұл тамтиғы (дәмесі) Қыдырып үйден-үйге сатамыз»,-деп. Бұл пұлмен бірі мешіт салмақ болды, Бірі мүлгіп ишан боп қалмақ болды. Біреуді шай, біреуді ет қайнаттырып, Жұрттан пайда шығарып алмақ болды. Олардың және айтайын қылған ісін, Бұлдайды кейбіреуі көн терісін. Бас-басына бір мисуақ омырауында, Егер өткір қылуға тамиғ (дәме) тісін. Басына дағарадай сәлде салды, Жұрт қоршап, «ой, тақсыр» деп ортаға алды. Түлкінің құйрығындай бұлғаңдатып, Құйрығымен сәлденің тапты малды. Тәпсіні жыбыр-жыбыр серпіп тастап, Надандық қисық-қыңыр жолға бастап, Онысы-жерге шашқан бидай, тары, Торғайды келу үшін торғай бастап. Бұлардың қылған ісін қылмайды ұры, Құйылған кеудесіне шайтан қоры. Мол қылып жайнамазда жайып салып, Алғуам, кәл һауымға (көршілікке, шәкіртікке) жайған торы… Тамиғтың (дәменің) тырнауышы болсын деп сол, Қажы барып алып келген сақал тарақ. Қапшығын қайыршылық тоқып алған, Өнер жоқ (мақтан, дәреже) бұлар білмей қапы қалған. Жұрттан зекет алуды дұрыстауға, (заңгер, қаржыгер) Байлар бала оқытты жиып жалған… Жүзі қараның айтам деп арсыздығын, Қылмайын ақ қағаздың жүзін қара. Шайтаннан қылды сауда көтерме алып, Орнына бұлар жүрді, шайтан қалып. Басында — бақ, үйінде — дүние мол, Алдына жүздеп, мыңдап малын салып. Байқамай жазып өттім бес-алты жол, Еркіме қоймаған соң қызығып қол.. Дін қайда осы күні, ғылым қайда, Тұрған жоқ анық көңілім бір құдайда. Лақ (шайтанмен) пен тоқты (сабыр қуаты) алам  деп жүрген жаннан, Ойлайсың тиеді деп кімге пайда. Айт, тауып жастанайын босағасын, Молданы бала оқытқан Құдай үшін… Айтсаң тіліңді алмайды қатын, бала, Енді мұны айтамын кімге ғана? Өзіңді «жынды» дейді, «шайтан» дейді, Не қылсаң өзің қылдың хақ тағала… Хақлықта (нақтылық, шындық), туралықта тұрамын деп, Жалғанда жалғыз қалдым жанға жақпай… Махұрым ете көрме Раббым қадыр, Рахмет қазынаңнан құр қалдырып, Дүниенің фитнәсіне шырмалдырып, Кірлетпе абыройымды тілеймін көп…Дариядай кемімейді аққан бұлақ, (дін ғылымы)  Бір күні миллион шелек төккенменен. Бергені бір құдайдың нық болмаса, Болама құр көбікше көпкенменен…».

 Бұл ғибраттан ұққанымыз шайтан адам баласын аздыру үшін 15 түрлі жүкпен жүректі кірлетеді екен. Оның төртеуі надандық, есектік мінез болып; жалғандық, күншілдік, тәкаппарлық, зорлық болып, ал бесіншісі – қатындық  қулық-айла, сатқындық, қазіргі таңдағы еркектерге де тән иттік мінез екен. Шайтан жүгінің екі түлікке бөлінуінің өзі бірі  — надандық, білімсіздік, ал екіншісі  — көп оқып артын тексермеген, дәреже қуған, мақтанға айналдырып, халықты аздырған пайдасыз іліммен байланысты. Сондықтан он қашырлық жүк; жаратылыста ақ пен қараның 10 ғана жұбы болып, осы ақ пен қараның өлшемін жоғалтқан, ала жіпті аттаудан пайда болатын; тектік, гендік азудың ұлт болмысын, жыныстық, кәсіптік жоғалтуға бағытталған адамның жалған білімінен және ой жорудан пайда болған дәмелендіру, билікке құмарлық, өзге елдің әдетіне, жылтырына еліктеушілік, «жұлдыздық», мақтаншақтық жүктер екен. Оның бірін надандар тобы, яғни қол жайып тілегіштікті «намазхандар», пірәдарлар, бел ауыртып жұмыс істемей, жұрттың есебінен күн көретін, ауырдың асты, жеңілдің үстімен  жүруге құмарлар және атақ дәреже арқылы қызметке құмарлар мен түрлі дәрежедегі ет ауыртып жұмыс істемейтін, тек дайынға құмар сыпайы қайыршылар алады екен.

Осы бес түрлі жаман қылықтан арылу үшін де Абай атамыз; « Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол!» деп сақтану жолын да көрсеткен. Және шайтанның саудасын ел болып жабылып жүргізетін заманның келе жатқанын болжап; «Шошимын кейінгі жас балалардан. Терін сатпай, телміріп, көзін сатып, Теп-тегіс жұрттың бәрі  болды аларман.» «Саудасы-ар мен иманы, Қайрат жоқ бойын тыйғалы. Еңбекпен етті ауыртпай, Құр тілмен жиғаны (намазхан, әнші)… Сиырша, тойса-мас болып, Өреге келіп сүйкенер. Күлмеңдеп келер көздері, Қалжыңбас келер өздері. Кекектеп, секек етем деп, Шошқа туар сөздері.» деп, еңбектің қадірі кетіп дәме мен тіленшілік дертінің жастарды меңдеп келе жатқанын ескерте отыра; «Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек, Періште (рух) төменшіктеп, қайғы жемек, Өзімнің иттігімнен болды демей, Жеңді ғой деп шайтанға болды көмек. Сыртсынбақ, қусынбақ, өршілденбек, Сыбырмен топ жасап бөлек-бөлек. Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ, Өзімен-өзі бір күн болмай әлек?». Өзін түземей ел түзегіш топтарға бөлінген діншілдер, партияшыл, түрлі гендіршілдерді де осы шайтанның қызметшілері дейді атамыз. Осындай қоғам дертінің асқынып; «Уайым аз, үміт көп, Ет ауырмас бейнетке, Бүгін-ертең жетем деп Көңілге алған дәулетке… Құйрығы шаян, беті адам, Байқамай сенбе құрбыға! Жылманы сыртта, іші арам Кез болар қайда сорлыға» деп адамзаттың дәме, босқа үміт, мастық дертінің белең алуымен, үлкендердің де әсіресе әйел затының шайтанға айналған кейпі – құйрыққа май жинап, шаянға ұқсағандардан және жалпы қайқы құйрықтардан абай бол деп ескертеді.

Шыңғысқан атамыз кезінде қайқы құйрық адамдарды кім болса да, «бұдан тек азғын құл туады»-деп таңба басып, қара жұмыс, бейнет істейтін құлдардың қатарына қосып, «құйрығын жегіздіріп» қан тазаруын қалыптастырған екен. Абай атамыз болашақта  шайтанның саудасының үстемдігімен сөз қадірінің кетіп, халықты надандықтың түнегі басатынын, діннің азатынын да ескертіпті. «Наданның көңілін басып тұр, Қараңғылық пердесі. Ақылдан бойы қашық тұр, Ойында бір-ақ шаруасы. Кітапты (аян, түс, шарио) молда теріс оқыр, Дағарадай сәлдесі. Малқұмар көңілі бек соқыр, Бүркіттен кем бе жем жесі? Жүректе айна жоқ болса, (жүрегі ашылмаса) Сөз болмайды өңгесі. Тыңдағыш қанша көп болса, Сөз ұғарлық кем кісі.»

Осындай сөз қадірінің, тілдің қуаты жоғалуымен халықтардың жүрек айнасы, яғни есту, түсінік қабілеттері жоғалып, кісіліктің бұзылатынын, қазіргі қазақ елінің нақты бейнесін көрсетеді. Қазіргі таңда 10 қашырдағы «дәме» жүгінің бірі – жалпы мақтан бүкіл халыққа ортақ болып, ал қалған  9 қашырдағы шайтан жүгі – елдің мәдени және әлеуметтік қызмет саласындағы ғалымдар, оқығандар, дін ғұламаларының еншісіне тиіп, көтере сатып алып шайтанның саудасын жүргізіп, шайтанға өзі істейтін қазақ елінде жұмыс қалмай, ұзақ уақытқа демалысқа жібердік. Шайтанның нағыз сыбайласы оқығандар мен басшылар арасынан шығатынын, 9 түрлі «кісімшілік» бұзықтық істердің, «үміт, мақтан, дәме» жүгінің де  өз егесін тапқанын жоғарыда білдіңіз. Бірақ оның қатары қазіргі заманда бұрынғы аталар дәуірінен 10 есеге артқанын және жүгенін сыпырып, «еркін жүр»- деп шешіндіріп көшеге шығарып жіберген әйел заты да қалмай жартысына жабысып, шайтан саудасын жүргізіп қана қоймай, шайтанның ұрпақтарын құйрықтарында өсіруге, көпшілік алдында «к..н» ашып жабыла кіріскенін өтірік дейтін ақылды қазақ болмас. Абай атамыз бұл жағдайды шайтанның сөзін сатушылар деп; «Көп Тәңірі атқан мақтай ма, Ол Тәңірі атқан болмаса? Жоқты-барды шатпай ма, Көптің өзі оңбаса?.. Жұрттың бәрі сөз сатқан, Сатып алып не керек? Екі сөзді Тәңірі атқан — Шыр айналған дөңгелек.». Тәңір атқан көп елдің әдеті мен сөзін сатып алмай-ақ, тағдырыңа нәпсі болып жазылған  2 түлік нәпсілік (аяқтың арасы мен екі ерін арасын) сөзіңді түзеу үшін ұлттық шариғатың «шарыңды» түзе, тәңір атқан көпке ілесіп шайтан сөзін алма деп ескертеді. Бұл біздің Абайшыл діншілер мен ақын, жазушы, тілшілердің ауылына да айтылған ескерту болар.  

Құранның, Інжілдің сандық мәнімен жалпы 10 саны; әдет-әдеп, ынталандыру, айтар ақыл, сеніммен жүректі бекемдеу, бос ойлар, үміттену, қасиеттерді меңгеру т.б. болып табылады. Ал 9 саны; сенім, кісілік, нәсіп, нәпсіден тазару, жүректегі сезім, қажет нәрселер орны, еркектік қабілеттер, білімсіз хабарларды жеткізу т.б. болып аяттар оқылады. Бес есектік жүк адамзатқа өнерге, нәпсіге берілген негізгі қуаттар саны. «Бесті беріп, алтыны аласың!» Алтыны «ойпаттардан» (зиярат орындарынан) іздейді. Осы қарапайым мысалдан ғана қазақта дін ғылымын меңгермеген немесе аталарымыз тура жолын таппаған деп қандай діншінің оқымай, зерттемей айтуға аузы барады?

Жалпы адамзатқа берілген дін ғылымына жүгінсек бес парызбен, тоғыз тәубе сатыларымен тақуалықтың қағидасы шығады. Намаз оқу – осы тәубенің бірі ғана екенін біле бермейміз. Ал жүректің тақуалығы, жан ғылымының негізі шайтан жүгін өртеу арқылы (15+рұқ=18, оң қол) ірге тасы болып; күнәдан ақталу, артық хайыр жасаумен қаланатынын, «ақ жолдың» інжілден басталатынын ұмытпаңыз дінші болсаңыз. Пайғамбарымыз шайтан қанда болады деп ескерткен екен. Мемлекет тұтас дене болса, оның қаны – ата заңы болып табылады.

Енді өзін-өзі, яғни шайтанын өлтіруге Құдайдан пәрмен келіп, көп қазағымыз ұмыт қалған ғұрпымызды жалғастыруды бастап елді дін шайтандарының айдап салуымен, ел басқаратын шайтан адамдар халыққа шайтанын өлтіруге тыйым салып, болмаса ұлықсат қағазбен ақша төлейтін заң шығарып, әлемде шайтанына дем беретін алғашқы мемлекетке айналдық. Осындай шайтан туысқандарынан жапа көрген; «Елге көнсем, ақ жолдан адасамын, Көнбей жүрсем, көп итпен таласамын, Тек отырсам, тепкілеп шыдатпайды, Енді қайтіп бұл елмен жарасамын. Бір момынның (Тәурат) ұстасам түзу ісін, Жөндейін деп ғаріптің (аруақтың) жөн жұмысын, Ақтан (аруақтан) безген ары жоқ өңкей залым, Ырылдатып жабады ит пен құсын.» деп Шәкәрім атамыз өз мұңын шағып, өзін енді «Мұтылғанмын» деп атап кетіпті.

Ұлағатты сөз ешқашан өлмейді. Сондықтан қазақтың діні – тура жолының кірпіші болып қаланған, қайтпас қара шалдары «Мұтылғандары»-да ешқашан өлмейді, тірі! Оны сезбейсің, түсіңде көресің, шындық түрінде сөзін естисің!

(Жалғасы бар…)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *