XII-БҮГІНГІ ӘДЕТ, САЛТЫМЫЗ, ЕРТЕҢГІ ЖАЗЫЛАТЫН ТАРИХЫМЫЗ

Бөлім: Бүгінгі әдет, салтымыз ертеңгі тарих 43

Қазіргі таңда ел билігі мен дін муфтиятымыздың және ақпараттық өкілетіктердің еліміздегі болып жатқан рухани зұлымдықтарды себебін шет елден келген дін ағымдарының әрекетімен, ұлт дәстүрінің халыққа, жастарға құндылығын дұрыс түсіндірмеуден деп, ата дәстүрін діріптеу сипаты белең алып келеді. Сонымен Ханафи масһабына енді мартрубилік білімді қосып, қазақтың дәстүрі тарихат, мағрипат, ақиқатпен сопылық негізде емес, шариғат тұрғысында бес парызбен шектелген деген ұғымды тықпалау басталып кетті де. Ал 7-8 жыл бұрын масһабшы діншілермен ел биліктің өздері салафизм, вахабизм сияқты ағымдардың жақтаушысы болып, ата жолы дәстүріне қазақтың сопылық, бақсылық әулиелік салттарына ашық қарсы болғаны, екі жүзділік көзқараста болып, қазіргі таңдағы зұлымдықтың дәнін себуге ел басымыздан бастап қолдаушы болғанын әрине ұмытып қалғандары сөзсіз. Ендігі екіжүзділіктерінің де болашағының да нәтижесі аз екенін білу үшін өткенге үңіліп көрген жөн болар.

Тарихқа тас атып, өз аруағын соттаған діншілдер мен

Заңшылдар!

\

«Құран аяттары мен пайғамбарымыздың астары терең қасиетті хадистерін жалпы халықты былай қойғанда, араб тілін жетік білетін мамандардың өзі жігін ажыратып, пәтуа (шешім) шығаратын адам алдына мыңдаған хадистерді саралап, барлық Құран аяттарына мұхият көз жүгіртіп шығуы тиіс. Мұнымен қоса сол мәселедегі өз сахабаларының (әулие-әмбилердің) айтқан сөздері мен берген пәтуаларын (бәйіттерін) әрі кейінгі келген ғұламалар (Ясауи, Әл-Фараби, Абай, Шәкәрім т.б) көз қарастарын білуі қажет. Бұларды кез келген қарапайым адам ара жігін ажыратып шариғи (дәстүрлік) үкім шығара алмайды.» (Әбсаттар Дербісалы пәтуасынан)

Енді пайғамбарымыздан; «Расында сендер өздеріңнен алдыңғылардың (ата-бабаларыңның), әдет –ғұрпына сүйем бе сүймеймін бе, кез бе кез (қалай орындаса дәл солай) ілесіңдер»-деді (1378, 3456 хадис). Тіптен бұрынғы аталары яһуди немесе христян болса да тұрмыстық ерекшелігін сақтауды бұйырған. Ал әдет-ғұрып болса; Ғаламның барлық ғажайыптарын тану қажеттілігінен, өмір мен өлім мәселесінен, тосыннан келетін қасіреттермен жамандықтардан сақтану мен өзін қоршаған табиғат анаға деген мұқтаждықтармен өлген ата-баба рұхын қастерлеуден және құдайдың көрсеткен құдіретеріне бағыну шараларынан әр халықтың өзіне тән наным сенімі мен ұрпақ өндіру, ден саулықты сақтау тәсілдерінен туындайды.

Қазақ елінің ерекшелігі тылсым үкімдері мен Құдай құдіретіне бас иіп «Алла жар бол аруақ қолда» деп тіршілік заңдарын қалыптастырған. Әр елдің жаратушы алдында өз мүддесін ерекшелігін білдіретін «Атманмен» яғни Абайша айтқанда «Менімен» табыстыратын «Карма» заңы бар. Жеке пендеден бастап, ел мүдесімен, тылсым қағидасымен аспан, жер мәдениетімен үнемі байланыста тұру үшін ұлттық, тілдік өзіндік дін мәдениеті бар. Әлем болып адамның өзі-өзі жетілдіру, сонымен бірге табиғи ортаның құпия болмысымен үйлесімділікте өмір сүру, табиғат әлемінің аспан мәдениетінің қалыптасуына ықпалын тигізіп әр түрлі табиғи апаттармен, өмір сүру ерекшеліктерінде пайда болатын кеселдермен, сонан туындайтын қасіреттерді жеңе білу әр ұлттың тарихы, әдет-ғұрпы яғни салт-дәстүрі діндік ерекшелігі, ұрпақ өндіру, ұрығын сақтау тәсілдері болып табылады.

Ел мен жер аспан арасындағы тұтастықты бұзып, іс-әрекеттердің бұзылуы әр түрлі елдерге еліктеуден, және ар таразысынан өткізбей алынған, өзге жұртың әдеттері мен тіпті озық технологиялық, шаруашылық ықпалдары, сол өмір сүріп отырған аспан мәдениетімен жер өңдеу өркениетіне әсерін тигізіп және жаратылыстағы көрінбейтін жаратылыс егелерінің қақтығысын туғызып, бұл күштер бір-біріне соқтығысып, сонымен қатар олардың салдары сол жерде өмір сүріп отырған елдің, ұлттың қайғы қасіретіне әкеліп соқтырады.

Жаратушыдан тарих деген шежіреге берілген дін заңы. Әрбір тұрғынның Ар заңы. Арың адалдап жиған иманыңның шамасы болса, Уақ нәсілдік тілдік сырқы көрніс дүниеде барың. Тағдырыңның уақыты; мезет, мінез көрсеткіші. Кезінде «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» деген ұран «Зәкүн» шығып талай жоспарды орындау мақсатында талай Мырқымбайлардың сауын сиырымен қоса соттаған «зәкүншіл» қазақтар тіптен орысқа жағамын деп «Өзің комсомолсың неге талқан жейсің?» деп талай «Мырқымбайларды» атып та тастаған екен. Сондай «зәкүнді» орындау үшін «Әкесін де талға байлап сабайтын» қазақтар өмір сүріп жатыр арамызда десе сенбес едіңіз.

Онда куә болыңыз әр елдің өзіне тән жаратушыдан берілген ұлтық құндылығы бар. Мысалы Қытайдың қатындары бала тууымен, көбею қасиеті болып, сондықтан халқы ұрпақ өсіру үшін мемлекетінен «лицензия» алады. Біздердің ақылымызбен әрине ақымақтық қытай «жынды». Сол сияқты қазаққа тән қасиет бірін бірі тазарту, яғни емшілік. Сондай әлі медтина тарихында құпиясы әлі ашылмаған емдеу, тазарту қанға сіңген жаратушыдан берілген қасиет «жындысын» да емдей білген. Сол қасиеттер қайта бас көтеріп жаратушыдан Құран арқылы үкім түсіп, халық бірін бірі жынды судан қазаққа жат қылықтардан адамгершілікке тәрбилеп жатса яғни ата дінімізге шақырып жатса, оған үкімет басында отырған құдайдың құлдарынан құдайдың ісіне «лицензия» алу керек екен.

Сондай қазаққа тән «жындылықтың» арқасында әлемде дін тарихында болмаған, ислам дінінің ішінен пайда болған «Ата жолы» деген «ТОО» мемлекет «Зайырлығына» (Зайырлық-адам баласының ішкі құпия қасиеті) және милиондаған кәпірлер арсыздық істерімен тіптен пайғамбар суретін мазақтап салса да, әлсірете алмай жатқан жаратушы сипатын, қазақтан пайда болған «ТОО» «серік болып», белгісізге белгілі болып қосылып кету қаупі туындағаннан болу керек, мешіт имамдарының қауіпсіздігін және заңымыздың әлемдер діндерінің құрылтайы алдындағы көрсеткіш мақтанышымыз болсын деген ниеттенде болу керек, енді сол Ата заңымызбен «Ата жолын» соттапта үлгіріпті.

Әрине жас мемлекет болғаннан соң «әбүриін» жаба алмай жүріп әкесіне ақыл айтқан жас баладай , әлем діндерін біріктіру мақсатында сыртқы жауларға көрсеткен қыры және тағы орыстардың «Бей своих чтобы чужие боялись.» деген ұранын бетке ұстаған жоғарғы лауазымды «зәкүншілерде» ескерткен болуы керек. Ел билеушілердің керемет даналықтарынан шыққан заңның қағидасына сыйғызу үшін Құранға қарсы шыққан «Аля- Аят» деген адасқан әр елден жиналған топқа «Ата жол» «Ақ жол» деген атпен қазақтың дәстүрлік дінін әдеп –ғұрпын дәріптеп жүргендерді бір қазанға салып қайнатып, оларды араби дін танушылар Құранда да, ғылымда негізі жоқ дәлелдермен арандатудан пайда болғаны да хақ.

Сондықтан европа тымауына ұшыраған бір топ заңгерлер ойдан шығарған пәтуасымен «Құдайды» Құранмен қоса соттап, қазақтың еркіндігімен зиялылығының, дін танытушы ғалымдарының бейшара халінің әлем алдында алатын ішкі «зайырлығының»(құпия бекзаттығы) мақтанышының көрнісі болып, өз аруақтарын, тарихын, мәдениетін өз қолымен соттап жіберіпті. Негізгі айып; «Өзің қазақсың аруағыңды еске алып, неге зираттайсың? Неге біріңе бірің көркем қарыз «мал» бересің? Демек «мошенниство»! Жалпы «зәкүн» білмейтін «мырқымбайсың»! Үкіметтен ұлықсатсыз сиырыңды неге сауасың?. Болды бітті заң шықты. Мырқымбай қазақ енді аруағыңмен қоса өзің сотталдың. Себебі араптар алдында үкіметті ұятқа қалдырдың!

Енді келесі кезек «мошенниктер» әулие басындағы шырақшылар болар. Оған дәлел Қарасай аудандық сотының шешімі. «О запрещении деятельности движение «Аля-Аят» и «Ата жол» «Пропагандиское и распростронение деятельности движение «Ата жол (Ак жол) способствует выпуск в Казакстане одноименного журнала «Ата жолы» поставленного на учет Министерством культуры информации РК (свидительство № 6305ж) Вместе с тем ущерб здоровью граждан в значительной степени наносит и пропаганде вышеуказанной движении их последователями, имеющими лицензии или удостоверения на право занатия народной медецинии (целителством). Данный факт свидительствует о негативной сущности запрещенных судами движении «Ала-Аят» и «Ата жол» (Ақ жол) а также об исключении участие граждан в их деятельности и предусмотренной законом ответственности» Заман жаршысы №14 (7818) 4 сәуір 2009 ж.

«Негативной» қазақша «қара бұлтты» өз басына бала шағаларынан аулақ, тағы көпке топырақ шашып Ғиса пайғамбарға түскен, Дәуіт,Сүлеймен пайғамбарлар көрсеткен, Мұса пайғамбар мен Мұхамбет пайғабарларымыздың көрсетіп өсиет қылып қалдырған ізгі істер «хаж» амалдарын былай қойғанда, Құран аятына қарсы әлемдегі тура жолды орындаған әулие -әмбилерімізбен бірге Ясауи бабамыздың еңбегімен қосып, ісін де соттап үкім шығарып қойыпты. Тіптен дін тарихы тек араптар үшін ғана жазылып, діннің даму өркендеу заңдылығы, жан ғылымы болмау керек.Жаңа қазақтардың европалық пәлсапалық ұстанымы; Тек сыртыңды түзеп, әлемді өзіңе қаратуға тиістісің.

Сондай мақтаншақ «жынды» елдерге Құранда; «Қашан бір өлкені жоқ еткіміз келсе, олардың дәулет мастарына (тек дүниемен өлшеп адасқандарға ерекше құбылыстармен, белгілермен) әмір етеміз. Сонда олар оған ( Алла жолында мал жұмсауға аят үкімдерін,орындамауға) қарсы келеді. Сондықтан оларға (дінге, түсірген хикметке қарсы болушыларға) деген сөз ( аят, уақи,бата) шындыққа айналады. (Ауру, азап, сынақ, апаттар)» (Ісра-16) деген Құран үкіміннен хабар бере отырып; «Ата жолыңды» соттағаның өзің нәр алатын тамырыңды «хажды» кесіп, ұрпағыңның әулетіңнің құдайдың қарсына ұшырағаны деп, ал «Ақ жолыңды» соттағаның Құдайдың құдіретіне аяттарға, ашық дәлелдерге күмән келтіріп, өзіңді, ұрпағыңды, болашақ әулетіңе, қарғысты сынақтардың келіп түсуі діннің негізгі қағидасы. Олай болса, енді оншақты жылдың ішінде қазақ елі түгелдей үлкен рухани құлдыраумен, күйзеліске, апат, азаптарға ұрауы да хақ.

Сондықтан болар Шәкәрім атамыз «дін қиянат абай бол»- деп ескерткен. Демек өзің аман болғаныңмен ұрпағың бәрібір нақұрыс атанары сөзсіз. Адамдар ойлап тапқан заңға ғана сүйеніп өмір сүру, адамзатты надандық бастауға әкеліп тіреу болып, ол қоғамның бастапқы өткен даму сатыларына кезеңіне қайта әкеліп, ғылыми жетістіктерге, тарихтың, діннің даму заңдылығын мойындамай (Құран түсінігін тек жаттап алып.) және заманына қарай жаратушыдан беріліп жатқан құбылыс белгілерге мән бермей, әулие -әмбилер көрсеткен дәлелдер мен ізден бас тартып, жоққа шығарып және қасиетті кітаптардан мүлде хабары жоқ, заманына қарай өзгере салатын жалтақ, тұрпайы адамдардың құдайдың ісіне араластырып, пәтуа шығарту мәдениет пен ғылымның рөлін төмендетіп, елді де рухани азғындыққа апаратына әлемдер өткен тарихынан қалған белгілер бар жер бетінде.

Қазақ дін танымы (мешіт) қысқаруға түсіп, тек қана намаз оқып Алланың жамалына бөленесің деп «Кинизм» философисын ұстанатын болды. Сектаның (дін дәстүрін қысқарту) мешітік сипаты тек қазақ елінде тұрақты өзін көрсете бастады. Өмірде де дінде де қысқа жол болмайды. «Намаз оқысаң болды» деп халықты Алла жолында мал жұмсап, дәстүрлік ұлтық, тілдік ерекшелік тазару жолынан тиым салып, тек араптық дәстүрмен, дүниеге сараңдыққа шоқындырудың нәтижесі мемлекет саясатынан да көрнісін тауып заңға айналып жемісін бере бастады.

Әрбір заттың, елдің соған байланысты діннің де өз тарихы бар.Қазақ дінінің өз жолы өз тарихы жаратушыдан берілген тағдыры бар. Елдің де пенденіңде тағдыры жерден азықпен берілетін дінмен, тәндегі жеті «інмен» (ақпарат есіктері) ғана жазылады. Тағдырды қысқартпайды үнемі заманына қарай ғылымын дамытып, білімін іс жүзінде қалыптастырып тарихқа жалғап отырады. Сол ата-баба кіндігімен (інмен) жалғасып тұрған жіпті үзіп, тарихыңды соттағаның Құдайды даттағаның! Ол ақыл-ойдың ұлтық сананың кемістігі болып, (жындылық, азғындық) Құдайдың қарғысы тисе ешқандай дүние де, байлықта қолдан жазған заңың да құтқара алмайды.

Ал енді өз еркіңмен ел кезіп, жердегі тесік пен көке байланыс есікті тауып (зираттап) кешірім сұрамасаң бәрібір жерге еніп, өзіңнің жасаған оқиғаңа және өз тарихыңа өткен істеріңе «уақиғаңа» қайта жалғанасың. Тек кім болып? Хайуанға айналып тозақпен табиғатты жалғауың да мүмкін. Есеп күнінің ашық дәлелі болып; Ата жолы «Ақ жол» болып қазақтың тағдыры өткен тарихқа жалғанып, өліктер сөйлеп жатыр! Алла бір істің болуын қаласа тек «Бол» дейді! «Бол» қазақтың ғана емес, әлемдер дінінің іздеген болашақтың бағдары болып, негізі батамен қаланып жатыр.

Ғиса пайғамбар көктен түсті, қазақ жеріне! Мен өз басым куә болып аян арқылы кездестім де! Оған қасиетті Құран аяттары атымен ант етуге болады! Тек Құранды әулие бабаларымыз қалай оқығанын ұмытып қалғанбыз. Құран түсінігі, насихаты шексіз, үнемі заманына қарай өзгеріске де ұшырап отырады. Мың жылдың арғы жағындағы түсінікті үгітке айналдырып, жаттап алып, ортадағы даму заңдылығын дін тарихын алып тастап, надандық дәуірлерге қайта жалғау рұхтың дамуын тежеу және дамушы Ұрықа (жан заңдылығы) жасалған үлкен қастандық. Бұл өмір діндарлар түсіндіргендей «Жалған-өтірік» емес. Тағдырыңды өткен тарихыңа жалға да, бабалар салған ізбен көкке болашағыңа жалған! Ол үшін ата-анаңның батасын, ақылын ал!

Батамен ғана ел көгерер. Құрметті заңгерлер мен Алланың кеңшілігінен аянмен, түстен мақұрым қалған дінді арапша танытушылар; Біріншіден; Халық алдында ат төбеліндей ғана заңгерлер мен діндарлар, астарыңдағы тағың да , қолдарыңдағы дүниелерің мен бала шағаңның азығы да, сол жылқы түгіндей сіздердің «діни сауатсыз» (тексіз) деп атайтын қара халықтың, дәстүрін, ұрығын сақтауға тырысып азғырған шет жұртың алдауына көнбей, бәрібір сал-дәстүрін сақтауға тырысып, зираттап Алла алдыннан тілеп алып, тапқан несібелерінен тамған маңдайынның тері мен қолдарының кірі екеннін ұмытпаған абзал. Екіншіден; сол қара халықтың ғасырлар бойы ішіп келе жатқан құдығына түкіргендерің үшін ғана жүз мыңдаған қарсылық қол жинап, әлемнің діндері алдында ар сотына тарта алатын, ежелден аруағын қорлатпайтын, өліспей беріспейтін «Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы» деген салты бар және сіздер ойлағандай шетінен діни сауатсыз емес екенін естеріңізге салған жөн болар!

Уәли дегенді халықтың ішінен ізде!-деп ескерткен пайғамбарымыз. Көп қорқытып қана қоймайды, терең де батыра алады. Қазақтың ғасырлар бойы сусындап келе жатқан құдығына түкіріп, қосымша айықпас кеселге ұшырап, аруақтың назы мен Құдайдың қаһарына ілініп, тарихта таңбаланып «Батыраштар мен Қотыраштар» қатарында қалып, болашақ ұрпақтың алдында масқара болып жүрмеңіздер! Үшіншіден дінді мазаққа айналдыруға және аз ғана топтың ойлап тапқан заңымен қудалап, өз салт-дәстүріне (дін жолы), әдет-ғұрпына (Алла жолы) қарсылық көрсетуге жаратушымыздан міндетті түрде апаттар арқылы ескерту түсіп, қаншама елдің обалына қалмаңыздар!

Әулиесіне тас атып, тарихтың керуенін торуылдап, сайқымазақ етіп, жаратылыстан сенгіш қазақты бір-біріне айдап салушы мен Құранды, ілімді меңгердім деген қазақтың бар ғұламасын әзірше төмендегі аяттар насихатын, ғылымын емес, үгітін ғана түсініп құпия сөз сырына үңіліп көруге шақырамын; «Адам баласының есеп көретін мезгілі таяды. Алайда олар кәперсіз бет бұруда.(1) Олар, Раббыларынан өздеріне келген әр жаңа ескертулерді (өліктердің сөйлеуін, бата) мүлде ойыншық етіп қана тыңдайды. (Бата,уахи)» (21-2) «Егер оларға періштелерді түсірсек те және оларға өліктер сөйлесе де (Әулиелер батасы) олардың алдына әр нәрсені жинасақта та (әртүрлі ерекше құбылыстар,хикметтер) олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа(жоқтан бар бол дейді) Бірақ олардың көбі (негізінен дінді меңгергендер) білмейді.» (Әнғам-111)

Тәураттың үкіміндегі тазартушы, шипа беруші тура жолға салушы Раббын, християндардың жүректерін тазартып құтқарушы құдайы «Әкесі, баласы, киелі періштесін», Забурліктердің «Атманы», «Брахмасын» түгелдей меңгеріп, «Аруақ» деген ұғымға сыйғызып, үш кітаптыңда амалын, тіршілік себебінің үш сипатын ислам қағидасына бірлеп, орындай білген қазақтың дәстүрлі даналығын , жоғарғыдағы үш киелі кітаптармен қоса заңға сыйғызып соттай білуден артық зұлымдықты адамзат ойлап табу мүмкін емес! Ал мұндай еліктеудің, есерліктің қалай аяқталатынын, ғылымын тексермей қабылдауға құмар қазаққа тән қасиет-қасіретіне айналған.

Себебі аятта; «Әй мүміндер! Кітап берілгендердің бір бөліміне (тек Меккелік араптарға) бой ұсынсаңдар, сендерді иман келтіргеннен кейін қарсылыққа қайтарады. (Діннің басталу негізіне кері қайту)» (3-100) «Сендерге Алланың аяттары оқылуда (Бата, аян, түс) әрі іштеріңде (өз елдеріңнің,өзіңнің ішінде, дәстүріңде)Алланың елшісі бола тұра қалайша қарсы келесіңдер?( Ясауи баба дін ұстанымы) Және кім Аллаға жабысса(аян, уақи, бата алу), сонда ол тура жолға түсірілді.» (3-101) Бұл біздің мемлекет басқарып жүрген азаматтарымыздың діннен мақұрым екендігімен, мешіттерді, дінді басқарып отырған азаматтардың ашық түсірілген дәлелдерді мойындамай түс көруден тыйылып, Алланың беретін аянынан- жіптен ажырап, «Ала жіпті аттап», «Ат аттап, сүйек сындырып» дінді қысқартып мемлекеттік дәрежедегі «Секта (Ат кесу)» -ге айналып, дінді бөлшектеу көрнісі деп түсінеді халық.

«Тарихыңа тас емес, құм ғана шашсаң, болашағың саған тас ататынын» ұмытпайық ағайын! Қазақ тарихында араптардың өзі түріктерден, (Философтар араптар тарихында болған емес!) бүкіл түріктер Ясауи бабамыздың шәкіртері болып үйренсе, ал қазақ дін тарихында ел басқарушы әкімдерден «дінімізді заңымен қорғап қорғап бер» деп қол жаймаған, қәзіргідей азған топтармен де пікір таласа алмайтын бейшаралық күйге түспеген. «У-ды у ғана қайтарса», Дінді тек дінмен қасиетті кітаптар үкімімен ғана соттайды, түзейді. Қазақ жеріне келген сахабалардың өзі қазақ дәстүрін мойындап, халықпен бірге өмір сүрген әдет-ғұрыпта бөлінбеген. Қазақ дәстүрлік дін танымы елдің де жердің де, мәдениеттің де, өркениеттің де, шабыттыңда, ақынның, батырдың да нәр берген бұлағы болған. Оған кірер бір-ақ есік, ол ата-бабаңның аруағын қадірлеп, құран бағыштап сосын жаратушыдан тілеген.. Толық қанды нағыз қазаққа ғана тән қасиет!

«Мың өліп мың тірілткен» асылын, жарты әлемді жаулаған ержүрек арап сахабаларына да, Шыңғысқанның жауынгер сарбаздары қатарында әлемнің бар елдерімен аралсақанда да, орыстың айлакер саясатында да жоғалтпаған, отқа салса жанбаған, суға салса батпаған, «Құдай бар, аруақ қолда» деген мың жыл қырғында жоғалпаған бағын жаңа қазақ, шала қазақ, сатқын қазақтардың «зәкүннен» қамал салып, күні түні әулиесінің жолына күзет қойсада, бәрібір зираттайды, барады «шерік, серік, ортақ» деген сандық мәнін, қандай өлшемін, сипатын білмей қосуыңа сенбейді де!

Енді арапшыл қазақтардың 17 жылда сендіре алмағанына ойдан қосқан зәкүніңе пысқырмайды да. Тағы «жаным арымның садақасы» деп аруағына тигенді «арыма намысыма тиді»-деп көп болып түкіріп қарғап, сол көлге тұншықтыра да білетін әдетіміз тағы бар. Көптің тілегі көл де болар, қарғаса айықпас дерт шөл де болар; «Ештен кеш жақсы» қазақ қана емес әлем алдында масқараға ұшырамай тұрып қателіктеріңізді түзеп, құдайға жалбарынып, аруақтардан кешірім сұрағандарыңыз абзал болар! Дінді қысқартушы «арабшыл» мен құран аяттарына қарсы заңды ойлап табушы «заңшылдар мен ойшылдар»!

Қолдан жасаған заңыңмен дәстүрлі дініңді күзеп, қанына тартпаған топтың мүдесін түзеп, Құдайдың қарғысына, халықтың наразылығы мен, аруақтың назына қалғанша, сөз түзелсе, қаның да, діннің де түзеліп, елдің де, заңның да қорғаны, ғылым мен шабыттыңда бұлағына айналатынын түсіндірейік халыққа. «Жаңбырменен жер, батаменен ғана ел көгерер.» Ел қадірімен (аруақ), сөз қадірін (астарлы құпия сөз) сіздер білмегенмен,сөз аңдыған қуанып отырған сырттан жау бар екенін ескеріп және қазақтың болашағы, батаменен өсіп келе жатқан Абай, Шәкәрімдер алдында осы қателіктердің тарих таразысы болатынын ұмытпайық ағайын!

Қазақ халқы ғана емес, әлем жұрты алдында киелі кітаптардың атымен ант етемін! Ақиқаттың әлемдер алдында айқындалып, бабалар еңбегінің әлем білмеген ғылыми құпиясын жариялайтын, асыл шапандарын торқалап қайта жабатын уақыт жақындап қалды. Болашақта сол ақиқатқа тура қарай алатындай лайық болайық! Дауласақта жауласпайық атқамінген, таққа мінген ағайындар!

Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. Қарасай ауданы Алғабас ауылы Бейбітшілік №6. (2009 жыл Сәуір айы.)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *