XV- «Терроризм»-мәжбүрлеу және экстремистік пиғылдар мен ел биліктің дін саясаты  

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 69

Алдыңғы бөлімде қазақ елінің ақпараттық тұрғыда рухани абақтыға айналғанын жазған едік. Бұған тек ел билеушілер ғана кінәлі десек, онда Құдайға да, дінге де қарсылық болып шығады. Ұлттың белгілі бір мемлекеттік дін ұстану тұрғысында рухани еркіндігі өзгелерден айырмашылығы да болу шартты. Мұны сендерге өздеріңнің тілдеріңнің ерекшелігіне қарай пайғамбарлар жібердім. Өздеріңнің араларыңнан елшілер тағайындап жол-жобаларыңды түсірдім, қарама қайшылықта жақсылыққа жарысыңдар деген.  Демек біздің тіліміздің ерекшелігі бойынша пайғамбарлық қасиеттерді меңгеруге арналған рухани философиялық даналықтың  шығармашылықтың, сөздердің, нақылдардың өз жүйесі болуы да шарт. Сонымен бірге  әділдікті қалыптастыруға, рухани еркіндікті сақтауға да дін-дәстүріміздің, әдет-ғұрыптардың сақталуымен байланысты да болуы керек. Әдет-ғұрып жер анамен, жер емшегін емумен, өмір сүру ерекшелігімізбен байланысты қалыптасса, ал дәстүр әлемге ортақ құндылықтармен, көк отанымызбен, жолдармен,  ортақ нәсілдермен жалғанумен және өзіміздің ұлттық, үндік ерекшеліктерімізді де сақтап ата-баба дәстүрі арқылы кез келген әлем ұлтының рухани құндылықтарына, ақпараттарына зиянсыз жалғана алатын біздің еркіндігімізді де сақтайтын, ақпараттық тұрғыда сыртқы тылсымдық жаулардан да халқымызды қорғай алатын құдайдың бізге берген күзетшісі, қуаты, күші рухани әскерін қалыптастыруға арналған жарғысы, заңдылығы десек қате емес. Сондықтан ата дәстүрін сақтап, ұстанып қана халықтың әділ өмірі қалыптасып, сол мемлекетте  тұратын барлық елдің, жұрттың да ісі оңға басады. Бостандыққа, бақытты ғұмыр кешуге апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана, ал оны сақтайтын және ұлттардың арасындағы әділдікті де қамтамасыз ететін өздерінің шынайы тұрғыдағы бояусыз дәстүрлері ғана.

Ұлттарды ұйыстыратын татулықтың бір текті ойлана білу арқылы ғана мүмкін болатынын да естен шығармаңыз. Алдыңғы жазбада мұндай біртекті ойланудың жүйесіне қарсы халықты 30 түрлі ойдың қарсылығына тап қылатын тажалдық білімнің пайда болуын ескертіп кеттік. Қазақ елінде мұндай тажалдық аурудан аман қалған бірде-бір рухани саланың, ақпараттық жүйенің жоқ екеніне де дәлелдер келтіруді жөн көрдік. Бірінші біздің мемлекеттік заңдар жүйесі мен басқару салаларының бәрінде сыртқы жағдайда дәстүршіл, намысшыл болғанымен негізгі ата-баба дәстүріне ашық қарсылық жасап және тажалдың мұндай еркін қалай орындап жүргенімізді өзіміз аңғарудан да қалдық. Мысалға; ата жол жазбаларының Ясауи ілімінен тараған оны рухани тұрғыда қазіргі тұрмыс салтымызға және рухани тұрғыда қай салада болсын, жан мен рухты тазартып жетілдіруге құранның аяттарын, пайғамбар сүнеттерін және әлемнің барлық діндерінің ең жоғарғы сапасын өз бойына сіңіре білген қарапайым қазақтың әрбір білімді, білікті баласына түсінікті түрде жазылған Абай, Шәкәрім философиясын ең жоғарғы дәрежедегі ғалымдардың өзі қабылдамай ақпараттық тұрғыда ашық қарсы пәтуалар беріп жүргенін ел билігіміз аңғаруға да шарасыз. Мұндай жағдайда қандай әділ заңды, халықтың рухани өркендеуін күтуге болады? Ата жолдың рухани құндылықтарының әлемнің барлық дінінің басын қосып, қазіргі әлемде болып жатқан рухани дағдарысты тек қазақ елінің дәстүрі арқылы бейбітшілікке, бір тұтастыққа шақыруға болатыны 10 жыл бойы әулие бабалардың берген уахиымен, батасымен сандық тұрғыдағы ғылымымен жазылып, әлі де  жан ғылымының сыры баяндамағаны да растық. Бірақ мұндай рухани таза байлығымызды ел билеуші, зиялы қауым өкілдері тарапынан халыққа таратуға тиым салынып, біздің шәкірттерімізді соттап, айыппұл салып түрмеге қамап жатқаны да хақ. Жақында Көкшетау қаласында осындай ата жолына Ясауи баба іліміне, Абай, Шәкірім аталардың еңбектерін оқып танысуға шақырған ұлтжанды бір қазақты ұстап алып, мұндай уағызды, насихатты айтуға болмайды деп 3 күнге қамап қойғандар сонда кімдер, тажалдың атқарушылары болмай?  Бір парақ қағаз бетіндегі Абайын, Шәкәрімнің аттарын, есімдерін  көре тұра сайттағы қаншама деректерді қарамай-ақ түрмеге тоғыта салу дегеннен артық ел билеушілердің қараңдық, надандық тажалдығына қандай дәлел керек? Өз ұлтының рухани тұрғыда оянуына қарсы болып, ұлттың жанын өсірмей қыруға бағытталған саясатына ғана дәлел емес пе? Бұл тажалдық саясатты бүкіл қазақ елі бойынша кешенді түрде жүргізіп халықтың қазынасын бей берекет шашуға жол беріп қойған кімдер?

Ал қалай халықтың қазынасы мұнан шашылу керек деген сауалға жауап беру қазір мүмкін емес. Себебі ел биліктің жоғарғы дәрежелі дін істері мен дін басқарушылары, ғалымдар, философтар қарапайым ғана Абай атаның 38-ші сөзін халыққа түсіндіріп тәпсірлеп бере алмайды да. Қазақ елінің 4- мыңдай дін орындары, яғни діндері болып оның осыншама құдайлары бірде бірі жан мен рухтың, оның өлшемдері, сипаты туралы ашық жазылған Абай, Шәкәрім құндылықтарын замандық біліммен сан ғылымымен жетілдіріп түсіндіру түгіл сол қалпында да өздері де жанын ішкі құдайлық «Менін» рухынан, еркінен ажыратып түсіне де, түсіндіре де алмайды. Мұндай жағдайда жер бетінің адамзат қауымы Алланы ешқандай тәсілмен де, дінімен де әлсірете алмайды да, керісінше өзінің ішкі меніне қарсы шығып, өзінің жанын жоғалту арқылы жаратылыстың себебіне, өркендеуіне кері әсерін тигізіп өзінің тағдырының, тегінің жоғалуымен ғана зиянын тигізетін тажалдың әсерімен болатын құлшылықтарды серік қосу, шерік қосу деп атайтынын қалай түсіндіре аламыз?  Масһабшылардың Алланың сиптарын «БІР», «БАР», «ХАҚ», «РАС», «ӨЗІ», «РАББ», «құдай»  ұғымдарынан, сипаттарынан хабарсыз, білімсіз  Алланы халықтан қорғау деген тажалдық емей не болмақ? Бірақ осындай тажалдық біліммен де халықтың ортақ қазанынан күн көріп, рухани байлығын кері тартып ұлтымыз түгіл бүкіл осы мемлекетте өмір сүрген халықтардың өзара нәсіл алмасуына да кедергі жасайтын, сол арқылы түрлі індеттердің, аурулардың таралуына ғана азғырған ақпараттық  жүйеміз өзінің тажалдық міндетін артығымен атқарып жатқаны есті адамдарға ғана түсінікті. Рухани тұрғыда жетілмегендіктен ақыл қуатының толымдылығы туралы мүлде хабары жоқ дін масһаб жүйесі арнаулы оқу жүйесімен шала молдаларды дайындаумен, құранды босқа жаттатумен жүректерін жауып және оларға халықты еріксіз мойынұсындыруға не болмаса қандайда бір сынды, қарсылықты басып жаншуға ғана негізделген жүйеге барлық зиялы қауымның қызмет қылып жатқанын оған ұлтшыл, ұлтжанды деген намысты аталғандардың да тажалдық тұрғыда жәрдем беріп жатқанын аңғарудан қалғаны да хақ.

Әрине мұндай әрбір айыптаулардың, сынның негізі дәлелі болмаса халықтың арасына мұндай ақпараттарды таратуға себеп болған біздер де мемлекетіміздің заңымен жазалануымыз да керек. Бірақ ол үшін де ел билеушілер әділ заң шығарып және оны қадағалаушылардың да рухани біліктілігі болу керек.  Яғни нәсіл, жан, рух, ерік, қайрат, иман, сенім, тұтастық және Алла тағаланың 8 сипаты мен онан тарайтын түрлердің тәңірлік атқарушы, басқарушы қуаттардың себептілігін былай қойғанда, күнде қолмен ұстап жүрген таспихтың Алланың 99 көркем есімінің мұндай қасиетке айналу үшін қарсылықсыз болмайтынын, оның ішінде ібілістік қарсылықтың өзі «Бір» жарыққа айналғанда қасиет болатынын, бұл қасиеттердің есім болып әрбір адам баласының жанында махаббат деген қуатты меңгеру арқылы Ар деген денелік мәңгілік жанның қабы екені, оның аспанда жарық болып жұлдыз болып, біздің бар тіршілігімізді басқарып тұратынын жоғарғы дәрежелі дін басының, дін сарапшыларының өзі білмейтін болса, онда кімге түсіндіре аламыз? Ал өздері оқып түсінуге ел басшыларының қолы тимейді мұндай рухани тұрғыдағы білімді ақылды алуға, зиялы қауымға мұның керегі жоқ, себебі заңымызда қаралмаған, ал қалған іс атқарушалыларға мұның рухани білімінің, адамдықтың бүгінгі заманның өлшемімен қажеті бар ма? Қазақтың мұндай мағрипат, ақиқат тұрғысында қалыптасып дәстүрге айналып,  қазақ дәстүрін шариғатпен бірге ұстанған әрбір тұрғыны мейлі өзге ұлт болсын, құдайдың патшалығына кіріп тағдырының есебін шығарып, өзін-өзі жанын басқаруға, ішкі менін түсініп, еркін меңгеруге жетеді деген ұғымның жалпы бұқара  халық та түсінетін жағдайға жетсе, исламның барлық ескірген пәтуалары да дін топтары да құрдымға кетуіне қалай тажалдар жол береді? Әрине бұл біріншіден дүниелік тұрғыда, атақ-абыройдан айырылу қаупінің зор екені де сөзсіз болып мұндай жағдайда ар-намыс, ұят туралы білімнің қажет болмауына жан таласып сондықтан кедергі жасап жатқанын кім білмейді? Бәрібір жуық арада халық мұны өздері-ақ түсіне бастайды. Әзірге ертек, бірақ біздер мұны іс жүзінде аздаған топтар арасында дәлелдеп жатқан, әлемге де ашық дәлелдеуге шамамыз жететінін, ежелгі рухани қазақтың құндылықтарына тажалдық білімнің қалай қарсылық білдіріп жатқанынан, оның қызметшілерінің кімдер болғанынан да хабардар болып жүріңіздер. Түбінде тарихта, шежіремізде болашақ ұрпақтар алдында қара таңдақ және үлгі болып қалатын белгілер екені де сөзсіз.

Біздердің  бір текті ойлану қабілетіміздің нәсілдерді меңгеруге байланысты болатынын, ал нәсіл дегеніміз тек өмірден қазақ қана болып өткен емес, осы мемлекетте қанша ұлт болса, солардың бәрімен ұлтына ерекшелігіне қарамай әрбір тұрғынының жер ана рухымен байланысты тәнінде белгілері болып, әрбір пенде шамасына қарай жалғану жүктелу де керек. Ал толық рухани қуатты болу үшін біздер тек өз жеріміздегі табиғатпен, жанды жаратылыспен тұтастықта ғана болып қоймай, әлемнің негізгі 200 ұлтының белгісімен де біртұтастықта, нәсілдік байланыста тұруымыз керек. Бұл негізгі тұтастықтың кіндігі Мекке қаласындағы қағба орны болғанмен біздер оған дейін де өз жеріміздің барлық нәсілдеріне жалғанып, жетіліп барып қажылыққа барудың маңызын меңгере аламыз. Бірақ адам жанының осындай әлемдік тұрғыда белгі болып, мұны Абай, Шәкәрім аталарымыз «талап» деп ат қойып, жандағы болатын талаптың да түрлі сипатына, ерекшелігіне тәуелді түрде тек дәстүр арқылы бұл қуаттарды біз ұлттық, нәсілдік қайшылықсыз меңгере аламыз. Осы тұрғыда көптеген жастарымыздың мұндай нәсілдік белгісі араптық дін тазалығын сақтаушы белгісімен тумасынан сол жақтан домалап келген жанмен бірге берілген болып, жастарымыздың арапшыл діншіл болып, ал мұны қазақтың ұлттық нәсілімен тектік қуатымен зейнеттеуден бас тартқызған ел биліктің ата жолын соттағанынан, аруақтардың да басын көтерудің маңызы жоғалып енді аруақсыз, күзетшісіз қалған жастардың бүлікшілдікке бейім болып, Сирия жаққа қарай қашып жатқаны да,  онан қалғаны құдды қызылбастың өзі болып, масһабтан басқа тәпсірді мойындамайтын сыңар езу надан болып алып өз ұлтының рухани құндылықтарына жиіркенішпен қарау,  қарсылық жасау, жүрегімен қабылдай алмауына да себепші болып отырған зиялы қауым мен ел биліктің тажалдық білімінің әрекетінен екені де сөзсіз.

Себебі бұлардың өз заманында кеңестік жағдайда өмір сүріп сырттан ақпарат алуға, өзге елдің тамағымен азықтануға мүмкіндік болмай, амал жоқ қазақ мемлекетіндегі басым көпшіліктің орыстық және өзге ұлттық та нәсілдермен жүктеліп өскеніміз де сөзсіз. Мұндай жағдайда ел басымыздан бастап жандағы талабымыз да орыстық нәсіл қуатты болып, қазіргі сырты қазақ, ал әдеті, әдебі орыс болған үлкендердің ойының, ойлау жүйесінің қарама қайшылықта өздерімен-өздері арпалысып жатқанын да байқауға болады. Кейбіреулеріне бұрынғы бабалардың немесе жоңғар, қалмақтар нәсілдік қуатының зейнеттелуімен қазір ұлтшыл, ұлтжанды дегендердің өзінің қылығы қалмақ, жоңғар немесе аштықтан, азаптан орыстармен соғыста қаза болғандардың нәсілдерін жүктеп, дәстүр, дінін сақтамағасын ызақорлық жындылықтырын да меңгере білмей, қалайда орысты қырудан басқа ойларында түк жоқ. Сол орыстың өзі нәсілі жанында тұрғанын аңғара да алмайды. Рухы мен жаны арпалысып біріге алмай жүргендер жанымен дос бола алмай; атыңды қазақшаласаң текті боласың, «ова», «ов» -тан құтылсаң керемет боласың, латын таңбасын алсаң орыстан құтылып бақытты нағыз қазақ боласыңдар деп, құдайдың атын жамылып ел азғырғандар осы тажалдың қызметшілері яғни құдайсыздар деп атауға да болады.  Бұлардың діннен хабары тек кітаптың жүзінде ғана болғандықтан, жан ғылымына жалғанатын құдайдан аруағы арқылы аян алу, әулиесінен бата алып рухани жетілу деген дәстүрлік ұстанымдар ойларына да кіріп шықпайды, себебі жоғарғы санатта болу үшін де таза ойлау, таза сөйлей білу Абайын, Шәкәрімден данылықтарын меңгеріп, түсіне білу дегеннің де маңызы жоқ, себебі мұндай білімнен сұрау да жоқ, міндеті деп те ойламайды. Олай болса мұндайларда қазақтық тектің, ұлттық намыстың, арлылықтың да белгісі де жоқ.

Осындай ұлтшылдардың тажалдық білімге қызмет қылушылардың бір тобы шет елдегі қандастарымыздың бәрін көшіріп әкеліп, жағдайын жасау керек деп ұрандатып, ел биліктің жағасынан алып жүргендер жеткілікті арамызда. Жалпы логикалық тұрғыда бұл ұлтқа жан ашу, қамқорлық болғанмен жан ғылымы мен философия тұрғысында ұлтқа деген қастандықтың зоры болмақ. Себебі құранда; «Істеген жерлеріңнен қашпаңдар, бәірбір сол жерде ұсталасыңдар» деген. Ал аталарымыз; «Елу жылда ел жаңа. Жүз жылда қазан» деген. Әрбір пенде өзінің туған жерімен кіндігімен және ата-ананың сол жерде жерленген қабірімен рухани жалғанып, ал жер ауыстырып  мұны үзген жағдайда ұрпақтары да тегі азғындап, жеті аталық өнім бермей түбінде нәсілдік әлсіздікке ұшырайды. Қытайдағы қандастарымыздың өз жері ата-баба зияраттары бар және жер ана деген ортақ болуы да хақ. Және қазақ  дәстүрінің енді 20-шақты жылда әлемге үлгі аға ұлт болып, сол жердің түпкілікті тұрғыны, мирасқоры болатынымызды құдайдың сынағымен алдын ала орналастырғанын да әрине болжау қиын мұндайларға. Керісінше қазақ ұлты әлемнен өз мекендерін, орындарын көбірек қалдырып тырысқаны, оған Есік қаласынан табылған күміс кеседегі 26 түрлі әлемдегі қалалардың аты да дәлел болады. Сол қалаларды салған бабаларымыздың зияраттары Америка құрлығынан бастап бүкіл әлемде бар. Ал қай жерде тегімізден зияраты бар сол жерден тұқымымыз да өнім бере алатыны да сөзсіз. Демек біздер сол жерлердің болашақта тұрғынына айнала  алатынымызға да және Құдайдан бұл белгі әлемге кең таралып өсіп-өнетін халықпыз. Мұндай ұлттың болашағын сақтауды әлемнің барлық елінен де орын алып кең таралуды алдын-ала ойластырған саясат жүргізудің орнына, дайын жері, суы, мекені бар туыстарымызды орнынан қозғап, өз ұлтының болашағын қырқып жатқандар әрине тажалдық білімнің қызметшісіміз деп ойлана ма? Жоқ, себебі олар үшін әулиесінен бата алып, тағдырлық уақиғаларға жалғанып кітаптарын алу дегенді; «серік қосу» деп атайтын надандардың бір сөзі даналардың мың өсиетінен артық деп біледі. Осы тұрғыда мейлі қытай, мейлі орыс, еврапалық, американдықтар болсын әлемдегі мұндай рухани дағдарыстан қырылудан қазақ дәстүрі мен әулиелік діні құтқаратынын және бұл әрбір қазақ ұлтының қанында діл болып тұрғанын білсе, қандай елде төрінен орын беріп бүкіл әлем қазақ халқының дін дәстүрін, әулиелігін үйренетін зиярат орнына, рухани мектептерінің орнына айналатын заманның да туатыны сөзсіз. Арап ұлтының өзі қазақтың әулиелеріне зияраттап келетін де заман келеді. Себебі  қағбамен екі арадағы дәуірлердің исламмен арадағы мыңдаған жылдардың және Нұх пайғамбарымызбен екі аралықтағы барлық діндік ақпараттық қуаттық бостығын толтыра алатын кіші қағбалар қазақ жерінде тұрғаны да хақ. Тек мұндай жерлерді ойын-сауық орны мен қазақ табиғатын әлемнен арсыздарды шақырып ақша табу орнына айналдыруға, табиғатымыздағы киелі орындардың сауық-сайран орнына айналып жер есіктерінің нұрларының жабылуына да тажалдар қам жасап жатқаны да сөзсіз.

Осындай жағдайда жер анамыздың рухынан қуат алатын әулиелер ойпаттарын құранмен, құрбандық қанымен тазартып, халықтың денсаулығын, табиғаттың жайлы жағдайын, жер өнімдерінің тұрақтылығын, қазба байлықтардың артуын қалыптастыруға болады деген ұғымды түсініп меңгеру үшін әлі 6 жыл қияметтік сын сағатының азапталуымен, халықты өзін-өзі асып немесе түрлі жазылмайтын аурулармен, түрлі жағдайдағы апаттармен қырылуы ғана мұндайлардың әрине өздерін-өздері сақтай алғандардың есін жинатары да хақ. Және бұндай рухани қара бұлтты қалыптастыруға ел билігі де жәрдемді аяп жатқан жоқ. Қандай әулие басы болсын рухани тазаруға, тақуалыққа емес керісінше  жеке меншікке пайда табу мен кез келген пенденің, қатындардың жалаңаш, арсыз киіммен ақ бұлақ бастарын былғауға ғана жағдай жасап қойған. Ал әлемнің іздеп таба алмай жүрген болашақта бұл рухани орынның қазақ халқының мақтанына айналатын, миллиардтаған қаржының қиямет қайымға дейін көзі болатынын, пайғамбарлардың зияраттарының орындарын иттердің қорасына, малдардың таптауына, пенделердің үстіне құрлыс салуына беріп қойған, оның орнына бас жаратын, рухани кемістерді дайындайтын төбелес сарайларын салуға ел қазынасынан аямай ақша шығаратын ел билеушілердің әрекетін ешқандай ақылмен түсіну де мүмкін де емес. Ақтөбе облысындағы жер өнімінің жартысы қурап жылда осындай сынаққа түсуі де және әрбір жыл мерзіміне қарай табиғи апаттардың ел экономикасын күйзеліске ұшыратып жатуына себепші, біздердің ата дәстүрімізге қарсы заңымыз бен масһабтық дін саясатымыздың ғана жемісі екені де хақ. Бұл туралы ол жақта жатқан әлемдік дәрежедегі әулиелердің бастарын көтермейтін болса бұл сынақтың тоқтамайтынын да екі жыл бұрын  жазғанмын. Бірақ мұндай рухани құбылыстарды құдайдың қалауымен болашақта әлемге  дәлелдейтіміз де хақ.

Қазіргі таңда қазақ елі сырттан жер анадан алған байлықпен салған зауыттармен, шаруашылықпен және ауруханалар мен ауру емдеуден әлемнің қатарына қосылдық дегеннің өзі солардай дерттеніп, жанымыз азып, құруға айналдық дегенмен бірдей. Бір ғана қатын, қыздарға жалаңаштықтан, арсыздықтан тиым беріп етегін жабу туралы заңмен халықтың 30 пайыз денсаулығы түзеліп, ал бастарына жаулық тартумен 50 пайыз денсаулықты түзеуге болады дегеннен бәрібір түсінетін есті ел билеуші де, зиялы қауымның өкілі де жоқ. Себебі мұндай ақпараттық адамдық дәрежеге ену үшін арам ас жемей, арсыздың қойнына жатпай және шариғатын сақтап, бастағы жынды суды жағып үйрену керек.  Зиялы мен ел билеушілерінің көбіне бұндай тақуалыққа да кеш қалғаны да сөзсіз. Мұны енді орта жастағы болашақ ел билігіне келетін туысқандардың алдын ала қам қылғаны да дұрыс болар…. (жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *