XXVII- Ел биліктің дін саясаты және экстремистік пиғылдар.   Қазаққа қасірет қайдан келген?

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 123

Сонымен қазақ елі бүгінгі таңда егеменді ел аталып, материалдық дүниемен, шаруашылықпен халықтың әл-ауқатын жақсартып мемлекет болып қалыптасуында өзге негізгі аға ұлт болған орыс мемлекетінен де артта қалған жоқ. Керісінше тең дәрежеде және кей салаларда алға ілгерілеп те кете алдық. Әрине мұндай бір жақты пайымдауда дау туғызатын мәселер көп. Мұндай жағдайда бір жақты дүниенің, жақсы тұрмыстың қамымен ғана еліміздің дамуын, өркениетін бағалап, кез-келген елдің салттарын алып еліктеп, халықтың жаны өркендей алмай азғындыққа түспеу үшін де әрбір халықтың рухани даму жолы, ерекшелігі, діндегі жол-жобасын қалыптастыратын азаматтық ғылымы болуы шарт. Мұндай ғылым әрбір мемлекетте бар, оны қазіргі таңда түрлі мемлекеттік емес ұжымдар, дін топтары, ұлттардың бірлестігі, саяси партиялар, социалдық (әлеуметтік) зертеу мектебі, политологтар,  т.б. түрлі қөзқарастағы шығармашылық ақпараттық ұжымдар атқарып кеткен. Мұндай жағдайда философиялық тұрғыда  сөз ғылымына жүгінудің, белгілі бір ұғымдарды сақтаудың маңыздылығы, тілдің қадір-қасиеті де жоғалып, сол елдің тұрғындарының түрлі көзқараспен өзара бітпейтін дауға түсіп жікшілдіктің әрекетін ғана туындатады. Ал сөз ғылымына, сол елдің азаматтық ғылымына жүгінбеген қандайда бір дін ұстанымдарының қайғы-қасіретке, адасушылыққа тап болып, рухани жағдайда кері тартпа күштерге айналуы да хақ. Сондықтан да мұндай азаматтық ғылымның басында философия, дін ғылымы, психология мектептері тұруы керек. Және бұл мектептің жоғарғы ел басшылары мен қойшыға дейінгі аралықта да ата заңымен бақыланатын бұзылмайтын ережелері де болуы керек. Қазақ тарихында мұндай азаматтық мектептің жұмыс істеп жеті жарғылардың шығуына себеп болғаны, абыздардың, сұлтандардың және үш билердің халықты рухани тұрғыда басқару үрдісі де мысал бола алады.

Ал енді бүгінгі таңда қазақтың азаматтық ғылым саласында жүрген ел билеушілер ұлттың және мемлекет ішіндегі барлық халықтың бірлігін, ауызбірлігін ұйыстыратын ахуалды қалыптастыра алған жоқ десек жалған емес. Жоғарғы ел билеушілеріне мұндай мектептің қажеті де болмай, діннен бөлек деген заңды шығарып алып ұлттық құндылықтың,  тіл мен сөз ғылымының да маңызы болмай қалғаны да хақ. Әрине мұндай жағдайда ақылдың, иманның, сенімнің маңызы жоғалып, оның орнына білімділік, таланттылық, пайдакүнемділікпен дүние байлығын арттыру жолындағы айла, қулықтардық бәрі адамзаттық құндылық болып қалыптасады да, надандық пен адамдықтың арсындағы шекара жоғалады. Ар, ұяттылықтың маңызы да болмай орнына арсыздықты өнер қылумен айналысып кетеді. Мұндай жағдайда әлемдік тобырлық ақылдың жүйесімен ғана бағаланатын, ел болашағының халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына тек дүние байлықпен әділ заңдарды шығаратын ел басқарушылардың әрекетімен ғана байланысты деп, қандайда бір әлеуметтік жағдайды тек ел билеушілер заңмен өзгертіп басқаруы, қалыптастыруы міндетті деген ұғым берік қалыптасады.  Яғни ел билеуші құдай болмағанмен құдайдан былай да болмай, құдайдың ісі, түсірген ескерту белгілері мүлде қабылдандабайтын топастық дәрежеге дейін рухани құлдырауға соқтырады да.

Қазіргі таңда қазақ халқы ел билеушілердің шексіз мүмкіндігіне табынып, заңның құдіреттілігіне шоқынып, дүние байлығы ғана бақыттылықтың кілті деген ұғым қалыптасып, бір ұлттың ішінде алауыздықтың туындауына да, халықтың арасында топтарға бөлінуге де себеп болғанымен тұрмай, мұндай жағдайда бірлікті, татулықты қалыптастыруға тиісті дін руханиятымызға да кері әсерін тигізіп жатқанын білуден қалғанбыз. Қазір жоғарғы ел басшылардың өзі шет елге еліктеп, өздерінің мұндай мол табысқа жетулеріне  қайталанбас қасиеттілік, талантылық пен жеке-жеке дара тұлғаға айналғандарына шүбәсіз сенетін де болғаны хақ. Сондықтан мұндай жағдайда бұл жалғанда олардан артық билеушілер жоқ, олардың ақылдарының кемелденуімен енді өзге жақтан ақылды қажет етпейтін тіптен «оларды» тәрбиелейтіндей дәрежеге ешкім жеткен жоқ деген ұғым да, түсінік те қалыптасып үлгірді. Олай болса қойшы мен патшаның да дәрежесін тең ұстануға сөз, сұқбат тұрғысында датын айта білетін, қарсы жақтан тыңдалуға мәжбүрлейтін, адамгершілік, әділеттілік көзқарасты қалыптастыратын азаматтық ғылымның құқы мүлде жоғалған, ондай ғылым мемлекетте жұмыс істемейді деп түсіну керек. Ал мұндай жағдайда жоғарғы ел басшысы Одан басқаның бәрі басқарылып, оны басқаруға болмайды, себебі ол кемшіліктен, пендешіліктен ада болған тұлға дегенді үнемі жарнамалап халықтың да құлағына сіңгені соншалық, мұнан басқа өмірді қажет етпейтін болып алды да. Ел билеушілері дін уағыздарын, насихаттарын, азаматтық ғылым тұрғысындағы ата-баба дәстүрінің аманаттарынан бас тартып немесе өзіне керегін ғана мойындап екіжүзділік танытқанда онда заман талаптарына сай құдайдан түсіріліп жатқан белгілерді, рухани құндылықтарды тануға мүлде қабілетсіз, дарынсыз болып ізгілікті дінінің жобасын түсіне де алмайды.

Ел билеушілердің мұндай рухани дәрежесіне қарай төменгі барлық топтардың бейімделуімен жалпы халықтың ұжымдық ақылдың қалыптасуымен ақылдың маңызы жоғалып  тек білімділікке, кезбелікке негізделген жетесіздік дәріптеліп құндылық болып қабылданады да. Енді мұндай жағдайды халық арасында жүріп көрсеңіз, елдің тұрғындарының басым көпшілігінде үміттері дүние байлығында, ал қорқыныштары ел билеушілер, байлар халықтың қазынасын ішіп-жеп тауысып қояды деген пиғыл үстемдік құрып тұр. Білімді қауым арасында да надандары осы пиғылда болса, ал өздерін ақылды адаммын деп санағандардың көпшілігі бақытты болудың жолын іздеп, бірақ ата-баба дәстүрінсіз, «Өлі риза болмай тірі байымас» деген ақиреттің қолдауынсыз құдайсыз жолды таңдап алғандар басым көпшілік болады. Мұндай жағдайда халықтың үлгісі болатын, тәубеге шақырып жол көрсететін дін масһабымыздың өзі білімге, тәпсірге және мұны меңгерген ғалымдардың кемелдігіне ғана сүйеніп, құдайдың ісінен ашық бас тартып қана қоймай, қарсы болған салтты дәріптеп ел билеушілердің қол шоқпарына айналып алған. Яғни «Қотыр атқа соқыр ат үйір болар» деген жағдайдың қалыптасуына көзсіз, арсыз ел билеуші, білімді қауымының ата-бабамыздың салт-дәстүрінен білімдері шала, тылсымнан хабар алуға, жобасын меңгеруге құлқы да, қабілеті де жоқ болып табылады. Және жалпы қазақ қоғамында ата заңның мүлдем қадір-қасиеті жоқ. Ар, ұят деген адамзаттың басты қасиетін ел басшыларының өзі ұстанбайды. Ал өздерін ұятты санағандардың жетесіздік тұрғыдағы, сезімдік ақыл мен таланттылыққа негізделген қаракеттік ақылмен, екі естілікпен байланысты яғни  хайуаннан аз ғана айырмашылығы бар салтты ұстанумен айналысып кеткені де хақ.

Әрбір заттың, жаратылыстың, нәрсенің өзінің мақсатына, талабына сай қадір-қасиеті, қуаты, ұғым, түсінігі болса, қазақ елінде бұл салада мүлде тоқырауға түсіп европалық азғындықты жетілгендік мәдениет деп қабылдайтын дәрежеге жетіп, тіптен бойымыз үйренгені соншалық күнде жын-ойнақтың ішінде жүріп, қайғы-қасіреттің, азаптың неге түсіп жатқанын аңғармақ түгіл, күнде көрген сұмдықты ертең ұмытып қалатын дәрежеге жеттік. Мейірім, аяушылық деген бір мезеттік құбылысқа айналып алды. Ұят деген ұғымның оның адамзаттың негізгі өсіп-өнуге байланысты қызыл түсті аруақтық қуаты екенін де білетін психолог ғалым атымен жоғалған. Сондықтан қызылы жоқ ұрпақтардың өмірге келуімен, ішінде қызылы, қызуы жоғалған қан азу ауруының қамысқа түскен өрттей халықты жалмап жатқанын аңғарудан да қалдық. Керісінше жағдай жасауға, заңмен қолдауға мұны жетістік деп бағалау салтын меңгеріп алдық.

Қызылдық өмір қуатымыздың жоғалғанына да дәлел; Қатын-қыздарымыздың салбыраған төсіне,  шалбарланып, алдыңда талтайып шашын жайып жынға, періге, албастыға айналған кейпіне бей-жай қарап, тіптен сұлулық деп қабылдап, халықтың алдында жалаңаш өнер көрсетсе ду қол шапалақтап ризалық білдіретін ессіз жастарды былай қойғанда, жоғарғы ел билеуші, мәдениет ақпарат басшыларының да бұл салтты мәдениеттілік деп қабылдайтыны да хақ. Демек азаматтық, жан ғылымының шарты бойынша, бұл жалпы халықтық тұрғыдағы жындану, мастық болып саналады. Және мұндай жағдайдағы ел басқарушылардың сана түгіл жетеден де айрылғанына, әлемдік тобырлық ақылдың жетегінде кеткенінен де ашық белгі болады. Егер жетесі толық адам баласы болса, онда қызылдық қуаты жеткілікті болып, ол қуат өзінің қарсы жыныстық сипатындағы қауым өкілдерінің ұятсыздықтарын, ата-баба дәстүріне қарсы арсыздықтарын жүрегі қабылдамай жирену сезімі болып және мұны қалайда түзеуге соғыс ашатыны да хақ. Бұл ақылдың табиғи «рефлексі»,  ар-ұжданның қарсылығы, дәстүрдің қуатының көрініс беруі болып саналады. Ал егер ар қуаты қалыптасқан Ақ қуатты саналы азамат болса, халықтың мұндай рухани құлдырып, түнек күштерінің ықпалына түсуінен елдің болашағының қандай болатын айқын аңғарып, құдайдан хабар алып, егер әділетті заң шығаруға немесе шығармашылықты, дінді меңгерумен ақпарат орындарында қызмет етіп, мұнымен ашық соғысу қолынан келмегенде, мүлде тақ, дәрежеден, үмітінен бас тартып, қайғырып, құдайға жалбарынумен өткізер еді қалған өмірін. Ал енді керісінше, өздерін-өздері көтермелеп, қандай керемет істерді атқарғанын мақтаудан жалықпайтын, құдайдың қаһарынан кенеттен түсіретін сынағынан қайғырып қорықпайтын, құдайдың ісінен мүлде үмітін үзген  бүгінгі таңдағы ақпараттық, билік жағдайында, біздердің бақытты, мәңгілік ел боламыз деген рухани бағдарламамыз көз бояушылық, алдау, екіжүзділік қана.

Сонымен енді біздердің шаруашылық ісінде аз ғана уақытта жетістікке жеткеніміз және құдайдың көктен түсіріп жерден өндірген қазынасының да жеткілікті болуымен байланысты болғанымен,  оның пайдалану саясатын дұрыс атқара білген ел басшымыздың да көрегендігін жоққа шығару да мүмкін емес. Халыққа да, білімді қауымға да өзара араздыққа және халықты азғыруға, ұлт араздықтар мен бүлікшілдікке де себепші жерден өндіретін қазынаның қайда, қалай жұмсалуы екені хақ. Мұндай қазынаны әкелерінің өндіріп  қалдырған мирасындай көретін және жердің егесі «тәңір» болуға тиісті қазақ ұлты ғана бөліп алып, шексіз бай болу керек дейтін надандар да жеткілікті арамызда. Бірақ қандайда бір ұлттық табыстың, қазынаның сол елдің тұрғындарының еңбек ету мен жерді өңдеуге байланысты, өздерінен бөлінген, әлемдік жүйеге берілген қуаттардың да шамасына тәуелді болады. Ал енді жеңіл тұрмысқа бейімделіп, өзінің жұмсаған қуатынан артық ақша талап ететін еңбексіз табыстың артуымен халықтың тегі, қаны  да азғындап, семіздікке, түрлі дерттерге және табиғи апаттардың туындауына себепші болатынын да білген жөн. Сонымен бірге мұндай жерден шығып жатқан қазынаның есебінен ғана күн көрумен халықтың рухани азғындап тексізденуімен қатар, әлемдік қозғалысқа, өзге елдердің дүниелік тіршілігіне, шығарған өніміне, азығына да тәуелділік пайда болады. Мұндай жағдайда өз жерінен өздерін толық азықтандыра алмаған халықтың нәсілдік тұрғыда өзге, азығын сатып алып отырған ұлттардың сипатына қарай бейімделе бастайды. Салттарын да еркін қабылдайтын құштарлық пайда болады. Және халықтың өзін-өзі қамтамасыз ететін салалардың әлсіреуімен, еңбексіз  тапқан қаражатына сатып алумен, жерге еңбек ету үлесі азаюмен тұтастай мемлекеттің қалалық салттың еркіне байлану жүйесі пайда болады. Осы тұрғыда Америка мемлекетінің  көп жылдар өздеріндегі бар мұнайды өндірмей, сырттан сатып алуға мұқтаж болғаны, ел экономикасын, ауыл шаруашылығын да жан-жақты дамытуға себеп болғаны, мұндай шараны ұйымдастырған даналардың ел басқаруында болғаны еді.

Ал енді өздерінен мұнайды өндіріп, сырттағы елге тәуелсіз болуды бастап еді, дағдарысқа белшесінен бата бастады. Демек жерден алатын қуаттың, онан түсетін пайданың қайда жұмсалуында да құдайдан сұрау бар. Мұны халықтың тұрмысын жеңілдетуге, азықтануға, дүние байлығына жұмсауға болмайтыны да хақ. Бұл жағдайды алдын-ала көре білген ел басшымыздың саясатын, мұнайдан түскен қаражатпен күнкөріс қамына пайдаланбай жер ананың өзіне қайтаруға, елдің көркейту істеріне арнаудың қажеттілігін оның құдайдың тарапынан да қолдау беріліп әлемдік дағдарыстан аз шығынмен өтуге себеп болатынын әлі кезге дейін қарсы болғандардың түсінуі де қиын шаруа. Себебі құдайсыз пендеде жете түгіл төрт ақылы да түгел болмайды, ондайлардың ақылы білімде ғана, сондықтан қажетті білімдерді, кітаптарды есек (Ес қуаты көлік) болып арқалап жүрумен өмір сүреді. Мұндайлардың жүгі азайса, ойлану қабілеті тоқтаса, онда әлем кезіп білім іздеп жүктеле береді. Және өзінің ақымақтығымен, надандығымен қоймай, халықты да бұған мәжбүрлеуге тажалдарға қызмет қылады.

Осы тұрғыда біздің білім беру жүйеміз бен дін масһаб жүйеміз өте ұқсас. Білім беру жүйеміздің басқарушыларының жетесіздігі сондай, құдайдан ашық белгі түскенмен де қоймай жас балаларымызды рухани әлсіздікке, үш тілді зорлап оқытумен ата-баба салтын да ұстатудан шектеп, керісінше заңмен ұятсыздыққа, арсыздыққа қолдау берумен және Малайзия елінің ағылшынша оқу жүйесін алу керек деп алжып жатқандар да бар. Енді жалпы ел билеушілер мен халыққа ақыл берушілердің мұндай рухани топастығына бірден-бір себепші, мемлекетіміздің азаматтық ғылым мектебінің бір жүйемен негізделіп ата заңға бағыныштылықта болмақ түгіл топтарға бөлініп алып, мүлде өз міндетін атқара алмауында деп түсінген дұрыс болады. Азаматтық ғылым мектебі өз мақсатында жұмыс істеген елде мемлекеттің ешқандай әлемдік елдерге ұқсамайтын даму жолы, дәстүр салтының жазылмайтын заңдардың бақылауында болып, халықтың өздері өмір сүрген жердің ерекшелігінен табиғатына үйлесімділікте өмір сүруін қалыптастырады.

Ал мұндай жағдайда ондай елдің өз тарихы шежіресі, ата дәстүр салты, ата заңы болып, барлық қоғам өкілдерін бір мақсатты көзқараста өмір сүруге бейімдей алады. Рухани ақпараттық бірлік жағдайында ғана бақыттылықтың сыртқы көрінісіне еліктеу емес, ішкі сырларының мән-маңызы айқын, белгілі, түсінікті де болады. Ал енді бұл мектептің ізгілікті дін мектебімен сөз ғылымының философия мектебінің бірлігінде жұмыс істейтін акыл мен имандылықтың қағидаларын, заман талабына қарай сөз ұғымдарын да зертеп түсіндірумен, ағарту ісімен айналысқан жағдайда мақсаты айқын болмақ. Сонымен бірге азаматтық мектептің екінші жағы тәжірибиелік саласы болып, бұл саланың қазақ елінде дін істері мен білім беру жүйесін алып қарағанмен, ал іс жүзінде өзге елден көшіріп алған әдеттерді іске асырумен айналысып кеткені де хақ. Дін ісі мектебін құруда ел басшымыз қателескен жоқ еді, бірақ уәзірлердің ақымақтығынан, надандығынан, керісінше бұл мектептің өкілдері халықты қорқытумен, қудалаумен, үмітсіздікке түсірумен, мақтаншақтықпен, жалған ақпараттарды таратуды қолдаумен ұлттың рухын азғындатумен, төмендетумен айналысып кетті. Тәжірибе жүзінде діннің қандайда бір саласын, топтарын заман білімімен, ғылым жетістіктерімен ұштастыру арқылы ғана халыққа қандай рухани пайда береді, денсаулығына, ақылдың қалыптасуына қандай жәрдем ықпал етеді, құран аяттармен байланысы бар ма, болса қандай қуаттармен, әлемдік діндердің жүйесімен байланысты және адамзатқа пайдалы қандай ғылымдық сыры барын зерттеумен айналысуы керек еді.

Сонымен бірге тылсымдық құдайдан ашық беріліп жатқан белгілерді, ерекше дарындылықтарды зерттеп түсіндіру үшін ғылымды сараптау мектебін ашып, түрлі хикметті жағдайларға да жауап іздеумен құдайдан берілген дарындылық қасиеттердің тәрбиесін қалыптастыру мен жетілдіру ісін меңгерумен айналысуы керек еді. Мұндай жағдайда жоғарғы ел басшысына ел азаматтарының ұстанатын салт-дәстүрін, ата-баба қалдырған мұрағаттарын, сөз ұғымдарын зерттеп, түсінігін іс жүзінде, ғылымдық философиялық сараптау жүзінде айқындап, қоғамды да хабардар қылып отырғанда ғана қазақ елі қазіргі ақымақтарға ғана беймәлім болғанмен, болашақта орасан зор тарихта қателіктен таңба болатын мұндай топастық тұрғыдағы надандыққа белшелерінен батпас та еді. Ел басымыздың сенген «экстремизммен» күреске шыққан басшылардың  рухани тұрғыда қорқақ, білімсіз, жетелері жетілмеген, халықты заңның күшімен ғана қорқытып үркітумен негізінде өз бастарын, биілікті қорғаумен ғана айналысып кеткені да хақ. Олар халықты қорғап жүрген жоқ, өздерінің дініне қарсылық білдірген әрекеттерін, оған қарсы шыққан діншілерден өздерін-өздері халықтың атын жамалып қорғаумен айналысып кеткені жасырын емес.

Ақпараттық тұрғыда өздерінің мұндай айласын жасырумен халық арасына діншілердің қауіптілгінен, елдің аяусыз қырып кететіндігінен қорқынышты насихаттарды таратып,  енді жұрт қаралай сақал қойған еркектен, намаз оқыған жастан, құран ұстаудан да сескенетін болды. Намаз оқыған, құдайды мойындаған пендесінен адам өлтіруші қылмыскерден бетер қорқу, дінге, жаратушысына мойынсұнған пендесін сырттай насихатпен жек көрінішті етуден артық надандық, зұлымдық жоқ. Егер ақыл көзімен қарасақ қандай жағдайда болсын қылмыс жасаған немесе ар ұятынан айрылған күнәкардан мұндай адам баласының тәрбиелеуге оңай және адамдық құндылықты арттыруға да үлесі зор болатыны хақ. Ал мұнымен айналыса білмеген ел билеушілердің, зиялы қоғам мүшелерінің өздері надан, білімсіз, қорқақ және тажалдың жәрдемшісі болып алатыны да сөзсіз. Қазақ елінде өзі адам болғысы келгенді қудалап, түрмеге қамап, керісінше ар, ұяттан айрылуға, өзге елдің салтын меңгеруге қадам басқан жастарды өнерпаз атап, төрге шығару үрдісін қалыптастырып үлгіргені де, мұның енді ұзақ уақыт улы жемісін жейтін де халықтың өзі болады. Осындай жағдайға қазақ елінде қаншама намаз оқитын орындардың жабылып, құдайдың ашық хикметіне тиым салып, бірін-бірі тазартуды, қуат алмасуды арнаулы ұлықсатынсыз орындатпай, өздерін тәңірге айналдырғанның енді жауабы түсе бастайды. Мұнан кім ұтты, бәрібір өз туысын, ағайынын,  ұрпағын зұлымдыққа ұшыратып мемлекеттің де іргесі шайқалуына ықпал еткендер бүгінгі күнде мадақ алатын болды. Бірақ күні ертең халықтың ашу-ызасына қалып, барлық атқарған еңбектерінің зая кететінін жетесіз  ақымақтар ғана әзірге аңғарып, болжай  алмайды. Әлемдегі арсыздықтың,  надандықтың себепшісі көбіне европа елдері екені де сөзсіз. Ал енді исламның ең жоғарғы сатысына көтерілген әлемге дін үйреткен Қазақ деген текті халықтың бүгінгі ел басқарған ұрпақтары, білімді қоғамы, ең қорқақ ақымақ, надан болып шықан заман болды.

Бұлардың топастығына куә; «Серік қосу, шерік қосу» деген екі сөзбен-ақ олардың ақылдарын жинаған білімімен қосып мал сияқты кез-келген қораға қамауға болатын дәрежеге жеткендеріне қалай жағаңды ұстамассың? Ақымақ, надан өзінің білмейтінінен өлімдей қорқады. Оларды да түсінуге болады. Ал біздің ел билеушілеріміз өзінің жартысы, шыққан тегінен, жанынан болатын аруағынан, жұптасу арқылы ұрпақ сүйіп өсіп өнетін, қарекетінің қуаты жынынан, сезімнің тегі шайтаннан, өздерінен бөлініп жатқан көлеңкелерінен қорқып, шет елдің надандық білімін алған тажалдардың айтқанын қылып, өз халқының рұқын соттап, қудалаудан болашақта қайда барамыз? «Қасқырдан қорыққан қой бақпайды» деген астарлап данагөйлер. «Қасқыр – жын», «Қой – мал, қуат, ақша». Сонда қасқыр кім, қойшы кімдер? Жын мен шайтаннан қорыққанымен тұрмай өзге жұртты да азғырған дінші де аталмау керек еді. Ясауи бабамыздың сәни дәптерін былай қойғанда Абайдай, Шәкәрімдей бабаларының еңбегін тараттың деп түрмеге қамап, аруағыңды қадірледің, ата дәстүрін ұстандың деп айыппұл салып халықты тек заңға ғана табынуға мәжбүрлеуден қандай бақытты қоғам, мәңгілік ел бола аламыз?

Қазіргі таңдағы қарапайым бұқара халыққа түсінікті болып, ел билеушілердің, масһабшы діншілердің бұл зұлымдығына жағасын ұстатып жатқан ата жолы жазбасын түсіне алмай жүрген ғалымдарды, академиктерді, психологтарды, ел билеушілерді, заңгерлерді кім деп атауға болады? Өз халқының ата салт-дәстүріне, ана тіліне қарсы болып құдайдың ажалынан, азабынан кім құтылған? Кешеге дейін халықты жынмен, шайтанмен қорқытып, аманат болған мұндай жүктерден, ата-анамыздың тазара алмай жатқан рұқтарынан бас тартқызып, енді оның білімін ашып көрсеткенде де біздің ата -бабаларымыз адасқан, құдай ісінде тура жолды да меңгерген емес, керісінше тек дін ісі болып кейіннен адасып, азған масһаб білімін ұстанған дегенді айтудан жалығар емес. Укаша сахабамен бірге 30 сахаба болып, 3000 жаяу әскердің, 3 аналарымыздың Бәдір соғысына қатысқанын, құранды бірінші болып алған ел екенімізді, олардан қалған ашық белгілерді мойындаудан бас тартып жүргендер, өзге елдің намысын жыртқандар қазақ деп аталуға лайық па? Халық алдына шығып бізге исламды араптар әкелген деп азғырғандар тажалдар емей кім болады?

Ата-баба тарихынан Алланың сүйген құлы болып жер бетінде мәңгілік орнын қалдырған «Өзі» сипатын бас тартудан артық қандай тажалдық болады? Сонымен осындай рухани тұрғыдағы азған дүниеге мас болған елдерге құдайдың сынағы түсіп, барлық құндылықтардың ауысатын қияметтің сыны келді әлемге де. Ал осындай жағдайда қазаққа қандай ел басшы керек? Қандайда бір рухани жетілген басшыны сайлап, заңды қайта қарап түзеткенмен керісінше бүлікшілікпен, қазіргі кездегі ел билеушілерін, ақпарат басындағы басқарушыларды, дін имамдарын халықтың ашық жазғырып қудалауы мен алауыздықтың ең зұлматы да басталады. Олай болса ел билеудің жоғарғы бес кезеңінен өткен ел болып 6-шы кезең бейімделу, билікті ауыстыру кезеңі болып, Нұрсұлтан мырзаға өзі қадағаламай жіберген қателіктеді неге түзетуге уақыт бермеске?. Себебі қазіргі ел билеушілер болсын, қандайда білімді қауым өкілдері болсын екі жүзділіктің ықпалымен, заңға бағынумен ғана, осындай сырттай қарағанда бірлігін сақтаған ел боламыз. Ал шынында ел билеушілер арасында жеті ғана жетелі басқарушы болып, қалғандарының кез-келген үстем топтың, дүниемен уәде берген биліктің жетегінде кете беретіндері де хақ.

Ал мұндай жағдайда өгіз өлмейтін, арба сынбайтын ортасын табу үшін; Философия мектебі мен дін масһаб ғалымдарын бір жүйеге келтіріп, қазіргі таңда мәлім болған ата жолы жазбаларын, құранды, Абай, Шәкәрім еңбектерін зерттеуді мәжбүрлесе, онда ақпараттық тұрғыда хақиқаттың ашыла бастауымен, байқамай адасқан білімді талай ағайындарымыз тәубеге келіп өз қателіктерін түзеуге күресе бастайды. Және ата жолының жан ғылымының сыры әлі жартылай ғана баяндалғанын, алда бүкіл әлемнің үлгі алатын қазақтың ежелгі даналығының сыры мәлім болатынын біле жүріңіздер. Ол кезеңде бүгінгі масһаб  дін ғылымы аталғандар қарапайым білімге айналып, мектептің баласына да қателігі айқын болатын тек шариғат тұрғысындағы ғана үгіт болып қалады. Сондықтан да осы кезден бастап дін істері мен ата жолын біріктіріп, құдайдан беріліп жатқан хикметтік істерді, қасиетті дарындылықтарды ғылымдық тұрғыда аруақтың құдайдан жеткізетін хабары арқылы зерттеумен айналысуы керек. Ол үшін де сол хабарды жеткізуші аққу, сұңқар аталғандардың тәрбиесін, хабардың анықтығын немесе жалғандығын анықтайтын істерінде білімді қауымның өздері де меңгерулері тиісті. Бұл салада да тек біліммен ғана қаруланған, бірақ жетесі жетілмей қалған бүгінгі ғалым, психолог, дінші, хазірет, имам, әкім қаралардың тісі де батпайтыны сөзсіз. Бұл салада қасиеттілікті меңгере алатын, дін ісі шариғаттан да жоғары тұрған құдай ісін меңгерген, уахи, аян ала білетін мамандар даярлаудың қажеттілігі туындайды. Қазіргі таңда әлемді қазақ халқы арқылы құтқаруға белгілер түсіп, бірақ біздің кез-келген елдің таңсығына еліктегіштігімізден және ел биіліктің  басына дүние ісіне мықты қу, айлакер,мемлекеттің де, өзінің де қалтасын толтыра білетіндер келіп, барлық бағаланатын нәрсенің бәрі сатылуға айналымға түсіп мұндай жаппай топастықты, өз еліне берген шексіз бақытты бағалауға да дәрменсіз қоғамның қалыптасуына себепші де болды.

Әрине мұндай жағдайда Нұрсұлтан мырзаның дүние ісінен қолы босамай, рухани жағын меңгере алмады деген де босқа айыптау болады. Себебі осы іске міндеттелген халықтың қазынасынан бала-шағасын, отбасын да асырап отырған қауымның да дүниеқоңызға айналып азуына, ата-баба дәстүрін ұстанбай, құдайды да тастап қоюына ел басшысы кінәлі емес. «Жетелеген ит қораға үрмес» дегендей заңмен қолдап, құдайды танытып, даналықты меңгеретін ғұлама, қасиетті әулие ешқашанда шықпайды. Қайта шынында мұндай даралықты меңгеруге тырысқандарға, керісінше осындай надан қоғамның, азғындықтың пайдасы да бар. Қай замандарда болсын барлық дін кітаптарының насихаты немесе діннің жоғарғы дәрежесіне жетудің көрінісі Алланың хикметіне, мұғжизасына жалғанумен ғана нәтижесін береді. Сондай мұғжизаға жалғанған қауым өкілдері арқылы құдайдан хабар кеңес алып отырумен, қандай да бір қайғы-қасіреттен сол жердің халқы ғана емес, мұндай ортақ зұлымдықтан адамзаттың құтқарылуы да хақ. Құран да осыны насихаттайды, мұндай заманды әлемнің барлық даналары болжап кеткен. Мұхаммед пайғамбарымыз да ашық ескерткен еді. «Бәдеуилерді замандардың жамандары күтіп тұр, жамандықтары өзіне болсын» деген Раббымыз аятпенен. Демек арап елінде болып жатқан және әлемде де жүріп жатқан дін бүліншілігін тек қана құдайдың өзінен болатын хикметтері мен мұғжизасын меңгерген ел арқылы тәубеге келтіріп тәртіпке шақыруға болады. Мұндай бақ қазақ халқының еншісіне бұйрылып, ал енді мұны заңмен де басқа амалмен де қазіргі таңдағы аздырушы топтың өкілдері де, олардың жақтастары да жетістікке, атақ, абыройға ие болып қалулары мүмкін емес. Себебі мұндай ел билеушілерден бастап бүкіл білімді қоғамдағы ата жолына ашық қарсы шығып әрекет еткендердің кітабы солынан ашылып, үкімі де түсіп қойған. Енді мұндайлар мейлі ел билеуші, дін ғалымы мейлі хазірет болсын, өздерін-өздері  Алла жолына бар мүлкін жұмсап құтқармаса, жан ұяларына да болашақ келетін ұрпақтарына  да жолды жауып, өздері тек ажалмен ғана азапталып өлетіндері хақ… (жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *