Сөз өлшемі ақылдан  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 44

Сөз өлшемін ұғарға,

Жете керек ұланға.

Жол ашатын санаға,

Иманан қуат аларға.

Сөз арнасаң наданға,

Насихатын құран ұғар ма?

Білімім ақыл болад деп,

Нақылын ата алар ма?

Құдайсыз қурай сынар ма?

Дау айтар бұған наданда.

Ақында көп алмайтын,

Сөз жазған дінсіз сынарға.

Қазақтың тілін ұғар ма?

Наз айтқан надан құдайға.

Дүниемен өмірді өлшейтін,

Топастар шықты заманда.

Шығарып әнін алайда,

Сөзді алып үнге тығарға.

Өнерпаз көп жетесіз,

Мағынасыз сөз жазарға.

Сөзбенен үнді зорлауға,

Үнменен сөзді қорлауға.

Мисызға қызық, ләзат көп,

Жын-ойнақ, той думанда.

Рахатта сенім бола ма?

Ақылсыз иман қонар ма?

Ілімен білім бір жүрмей,

Оқумен намаз оңар ма?

Тәнде бар қате -күнәда,

Тазармай тән болар ма.

Ақыл мен жанға бұл сарай,

Мал- етің қаның тазарса.

Қарсы боп, ауру, ажалға,

Сенімен иман арада.

Өлмей тұрып өле біл,

Ұқсасы болып Ғисаға.

Мінсіз адам бола ма?

Жын қуат білім аларға.

Өнердің бәрі жында тұр,

Қуатын жанға аларға.

Беліңмен табан тазарса,

Балтырың жерге жалғанса.

Жере ана рухын меңгеріп,

Үмметі Мұхаммед боларға.

Бірлігі Ислам болғанда,

Бес күнің жарық жалғанда.

Алты мен жетің және бар,

Жетеге санаң жалғанса.

Өмір тұр үміт қайғыда,

Үмітсіз тірлік оңа ма?

Шындықтан жаның ұйқыда,

Жобасын алар тағдырға.

Үмітің болса жаныңда,

Дүниеге босқа қайғырма!

Қайғыру керек алайда,

Жалғанбасаң кітап аянға

Раббыңнан келер хабарға!

Жаның арға садаға,

Санасыз ар бола ма?

Имансыз жете тола ма?

Иманмен сенім бірленіп,

Ұжданмен жетер санаға.

Ұжданың аруақ адамға,

Кітабың көңіл нұр бала.

Өзінен Алла тағала,

Сипаты себеп араға.

Сегіз түр сипат тағала,

Рахмет, рахим, ғылымда.

Баурайтын жарық адамға,

Ақ сауыт ары тазаға!

(наурыз 2015)

****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *