Қажыған көңіл, қалжыраған дене,
Әуелгі күйден төмендеп.
Өмірдің мәнін түсініп жаңа,
Өтті деп, өмір күйінбек.
Өткінші өмір, өртенген көмір,
Қызуы сөнген күл демек.
Бойыңнан қайрат басылып,
Жалындаған оттан арылып
Ұғынумен мәнсізін дүниенің,
Көңілің тоңар қалтырап.
Су сепкендей басылған,
Көңілдің гүлі солғындап,
Қайғысы ақирет қосылған.
Албырт шақ қайта келмеске,
Күңіренген көңіл асылын,
Есіне алып шаттығын
Басады қоңыр әуенге.
Сағынып өткен жастығын,
Болғанын талай өткелең,
Тасытып көңіл не істеп ең?
Өлшеусіз қуат сарқылып,
Баяулыққа босап жеткізген.
Не сабақ түйдің,
Неліктен күйдің
Құр ойдан енді не пайда?
Келер ме қайта,
Көңілге майда
Шуағың ене алар ма?
Аңсадың нені,
Асықтың неге
Жарыққа ынтық болдың ба?
Сезебестің сенбес,
Күйіне еніп,
Жолыңнан тайып,
Қолыңды беріп,
Шындыққа түпкі жеттің бе?
Өкіндің неге,
Жыладың неге,
Жүрегің аңсап егіле?
Өмірдің мәнін,
Тусылар сәтте,
Түсіне қалдың
Ақылың жетіп әп-сәтте?
(Маусым 2018 жыл)
***** *****