Құнарсыз жерге дән ексең,

Өнімді жеміс бермейді.

Құнарлы жерге дән ексең,

Өсіп-өніп көктейді.

Дәні бар пенде баласы,

Ақыл-ойы жетілер.

Дәнегі жоқ пенденің,

Ашуы сыртқа тебілер.

Қарама-қарсы жаралған,

Ақ пен қара таралған.

Қайсысын қажет етсеңіз,

Жаның соны таңдаған.

Оң көз бен сол көзің,

Қайшылықта таласқан.

Оң қолыңмен сол қолың,

Екі тағдыр жаратқан.

Бірі күнәға жақтасқан,

Бірі жасырып сақтанған.

Күнәға бұрсаң көңілді,

Қол оны өсіріп ұлғайтқан.

Күнәдан тыйсаң көңілді,

Ағарар қолың қара қуаттан.

Қол екі ісін меңгеріп,

Маңдайға тағдыр жалғанған.

Ұғымдылық құдайдан,

Тағдырға алып жобадан.

Шындықты жанмен көретін,

Құпия білім иманан.

Сәжденің деген ізі бар,

Мүміндік сипат аяттан.

Алла берген ғылымы,

Маңдайға тағдыр жазылған.

Ғылымды пенде ұғымды,

Жүректің көзі ашылған

Ұжданды болмақ әр адам.

(Маусым 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *