Жан көлігі пырақ

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 85

Жаралыс басы – қозғалыс,

Қозғалуға керек қолғабыс.

Жан да мейлің бәрі мәнде

Сол қуатпен таныс,

Әлемді сол мән жаратқан…

Жасырып тұр жар өзін,

Бас көзімен қарама,

Жүрегіңнің аш көзін,

Жанның сырын арала.

Көрем десең жарымды,

Мас бол, жүрек мазала,

Өртеп жібер барыңды,

Қарсы ұмтыл қазаға…

Оқуың, дінің, дағдың көп,

Не бір білгіш айтқан деп,

Кетпесін сол жетектеп,

Жарамас үйтіп ой көму

Ақылыңа ұстап қол,

Тура апарар сені сол,

Жардың жолы қиын жол:

Шытырман тоғай, қалың ну!..

Таспиқ, сәлде, жайнамаз

Тастамайсың қыс пен жаз,

Жүрегің болса тайғақ саз,

Сопысынып қылма наз!..

Ғылымсыз адам- айуан,

Не қылсаң да ғылым біл.

Ғылымға да керек жан,

Ақылсыз болса, ғылым тұл.

Ақылға еркін ой керек,

Матаудан ойды азат қыл,

Әдеттеніп ертерек.

Өрісін кеңіт жылма-жыл…

Ақыл құсы адаспай аспандаса,

Әлемде нәрсе болмас көзден таса.

Жеті көк жерден оңай басқыш болып,

Ғарышқа қол жетеді қармаласа.

Жардың бәрі мендей жар табар еді,

Терең ой, сау ақылмен шамаласа.

Өлім маған өмірден мың есе артық,

Жарға құрбан  болуға   жан жараса,

Дозақ отын күл қылып сөндіремін,

Жаралы жүрегіме қан тараса.

(Шәкәрім ата.)

     Ғылым, білім, ізденіс, еркін ой және ғибадат, дәрет және киінуді меңгеріп құран аяттарын зерделеп түсіну арқылы және зікір мақамын анықтап меңгергенде көкке жол ашылып және құс болып алып  ұшатын  жалған дүниедегі  пенденің пырағы пайда болады. Жоғарғыда «Жүректен қан тарау» деген ұғым денедегі қанның тербелісін және жүйке жүйесінің бір қалыпқа түсуін ескерткен.

Қан тамыры тербелісі 8 ырғаққа бөлініп 4 түрлі белгісі болады. Қай көк тербеліс жиілігіне сәйкес келсе сол көкке көтеріле алады. Сол тербеліс жиілігін көтеретін де төмендететін де Алланы еске алу мен пәктеу зікірі болып табылады.

     «Сол уақытта бір кеште Сүлейменге сәйгүлік жүйріктер келтірілді.  (31) Сөз жоқ мен Раббымды еске алу үшін атты өте жақсы көрем деді. Ақыр тұлпарлар көзден ғайып болған сәтте “Оны маған қайтарып әкеліңдер ” деп сонда аяқтарын, мойындарын сипай бастады. Расында Сүлейменді сынай тағының үстіне денені қойды сосын ол тәуба  қылды». (Сад сүресі)

Сынау үшін Сүлеймен пайғамбарға пырақты беріп зікірді ескертті аянмен Алла тағала, сонда ол тек Аллаға ат қойып зікір айтты да пырақ жоғалып аяннан ажырап қалды. Пырақтың орын белгісін мойыннан жоғары және тізеден төмен бөлік екендігі ескертілген аятта. Көктен алар Алла тағаладан берілетін құпия аян кезінде жан сарайының мойыннан жоғары тізеден төмен  бөліктері қосылып барып көкке көтеріледі. Пырақ адамзат баласында тізеден төмен бөлікте пайда болатын ерекше қуат. Адам баласының жалпы сопылық жолдың бүкіл нәтижесі тәнді тәрбиелеп, бүкіл қуат кісіні бір кісіге және бір өрістің қаптың ішінде ұстауға жету нәтижесін айтады. Сол жағдайда ғана Алла тарапынан сыйға пырақ беріледі. Ескерте кететін жағдай Сүлеймен пайғамбар Раббқа ат қойған. Кейіннен қателіктерді түзеткен. Пырақтың бір сипаты жел тегі.

Оған жету үшін бірінші тәубе келтіру керек. Аятта; «(Әй Мұхаммед Ғ.С! ) тәуба етушілер, құлшылық қылушылар, мақтаушылар, ораза ұстаушылар, Ракуғ қылушылар, сәжде етушілер, жақсылыққа бұйырушылар, жамандықтан тыюшылар және Алланың шектерін қорғаушылар осы мүміндерді сүйіншіле».(Тәубе -112) Осындай ізгі істерді толық меңгеру арқылы ғана ғарыш әлемі аспанға жол ашылады. Қаншалықты жан тазалығымен өрістің тазаруының белгісін аянмен ғана анықтайды. Және ол барлық пендеге тән жаратушыдан берілген ортақ белгі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *