Жұбайлық өмір  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 44

Әйел көріп ойланар,

Сезіммен сөзін айта алар.

Әдебі жаман ауылға,

Апарма деп қатынды,

Өсиет берген бабалар.

Дымды сүймек нәзік жан,

Жылаумен тілмен тазарған.

Керең болып күйеуі,

Қызғаныш пен ашудан

Сөз шығарса нәзік жан

Жауапсыз оны қалдырған.

Айтты деп мұны шайтаннан

Естігенмен тез ұмытқан.

Соқыр болса қатындар,

Арсыздықты тез ұмытар.

Қайталап мұны сән көрмей,

Ұяттан болсын хабардар.

Ез болмаса еркектер,

Тазалықпен дін ісін,

Үлгісін біліп көрсетер.

Жаулығын бастан шешкізбей,

Етегін желге түргізбей

Ар-намысын қорғайды

Тегін жанның өлтіртпей.

(қыркүйек 2014 ж)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *