Зікір-Жіктеу  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 101

(пайғамбар шапағатына жалғану)

Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқысын жердің күзеткен.

Ымыртсыз сәуле жасырын,

Көп тіріні тербеткен.

Ескексіз қайық кейбіреу,

Жол іздеп судан із кескен.

Арсыздар құлқын қамында

Ындынсыз дене семірткен.

Не шығады көңілге,

Жасыған көңіл түңілсе.

Қараңғы оның жолдасы,

Байланса жалған сенімге.

Секемсіз көңіл пендеде,

Сенімсіз ісің дініңде.

Көп күлкісін келтірер,

Шашың болмай тарақты,

Алғанмен пайда бере ме?

Денеге көңіл не керек,

Жұмыр басты пенденің

Қажетін өтеу дүниеге.

(Маусым 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *