Зікір-Зәйтүн ағашына жалғану

Сегіз сері бірігіп,

Адамдықты құраған.

Кісіліктің қадірін,

Әуел бастан аңғарған.

99 көркем есімдер,

Машайыққа жалғанған.

Пір тұтатын әулие,

Хақтың жүзін таныған.

***  ***

Таудан шығып жаңғырық,

Жердің бетін жаңғыртқан.

Қылыш жүзі қымсынып,

Қыр асырмай билеткен.

Мұның тапқан шешімін,

Жер бетінде аз адам.

Жақсылықтың төрінен,

Көрінген ғана тұшынған.

Ақ шапанын түсімде,

Жаңылмай жаным көргенін.

Көп әулие бір дене,

Пір деп тұтқан үлкенін.

Сыр бойынан төгілер,

8 ғасыр дерегі,

Иманың жанға зейнеттер.

Құпия білім шындықпен,

Құдай өзі текті өсірер!

(Маусым айы 2018 жыл)

*****  ****

Comments

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *