1. ТАРИХТЫ ЖАҢҒЫРТУ.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 91

     Бабаларымыз өздерінен ғана мағлұмат беріп қоймай, тарихта жоғалып кеткен сіздің жеті атаңыз, сонымен бірге қасиетті өмірден өткен ұрпақтары жойылып та кеткен ата-аналардың аттары аталып қажет деп тапса қай жерде жатқандығын, сол жер белгілеріне дейін айтып дәлме-дәл тауып беріп жатыр. Болашақта тарихтағы көп деректерге түзету енгізесіңдер деп ескертеді.  Қаншама елін-жерін қорғап солақай саясаттың кесірінен атаусыз кеткен ата-баба және аналарымыз есімдері өмірге қайта оралып құран бағышталып жатса кімге кедергі, кімге зиян келтіреді? Әлемді таңқалдырып жүрген көп деректері әлі белгісіз Шыңғыс хан аруағы да келіп: «Менің шыққан жерім қазақ, жалайыр боламын» деп ескертіп кетті. Болашақта қазақ халқының алатын орны, болып жатқан өзгерістер, Алланың сынақтары туралы да мағлұматтар айтылып та жатыр. Әлемдегі болып жатқан апаттар, ескертулер туралы да мағлұматтар да беріліп жатыр. Тек шектен шыққан надандар ғана ашық түскен дәлелдерге білсе де білмеген болып мойын ұсынбайды. Әрине оған мыңдаған мысалдар келтіруге болады, алдағы басылымдарда нақты деректер мен дәлелдер келтіреміз де, бірақ әр қазақтың өзі құлағымен естігеніне не жетсін.

2. ТІЛ САНАСЫН ТАЗАРТУ.

      Әрине бабаларымыздың батасын тыңдап түсіну үшін қазақ тіліне жетік болған адам ғана көп мағлұмат, рухани азық ала алады. Себебі сөйлем мәнері және синтаксистік құрылысы, сөздік қоры өте терең. Небір ұмыт қалған сөздер мен мақал-мәтелдер айтылып, әдет-ғұрыптарға ескертулер жасалып жатады. Және бір ғажабы, өмірі қазақша білмейтін, білсе де сөйлегісі келмейтін аққу, сұңқарларымыз белгіні алып аруақ келгенде қалай сайрап кеткенін байқамай қалады. Сосын не айтқанын өзі білмей тұрады. Бата беру ерекшеліктеріне әлі тоқталамыз. Бір ғажабы қаншама қазақ тіліне жаны ашып «қалай тілді жоғалтпай санадан өшіріп алмаймыз ба» деп күресіп жатқан бауырларымызға айтарымыз «бабаларымыз оңай оны шешіп жатыр» дегіміз келеді. Себебі бата берсең де, тыңдасаң да ол санаға жазыла береді. Санаға жазылған әрине өшірілмейді. Екі сөздің басын құрай алмай келген бауырларымыздың 1-2 жылда қазақша сайрап не бір күрделі сөз тіркестерін еркін шығарып тұрғанда Алланың рахметіне еріксіз риза боласың. Бұл қазақ тілі де, өзі де өлмейді деген сөз әрине. Алла «Ақ жолымызға» ұзақ ғұмыр берсін! Балаңыздың санасын, өзіңіздің тіліңізді түзегіңіз келсе әуелі бата тыңдап үйренейік, өмірден озған ғұламаларға құлақ салып айтқанын орындай білсеңіз, сіз де саналылар қатарына қосылатыныңыз ақиқат деп біліңіз.

3. ОЙ САНАСЫН ТАЗАРТУ.

      «Алла оларға қайшылыққа түскен нәрселерін анықтау, қарсы болғандардың өтірікші екенін білдіру үшін өліктерді сөйлетеді» (Нахыл-39). «Бұл Алланың уәдесі, Алла уәдесінен айнымайды. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді (6). Олар дүние тіршілігінен көрініп тұрғанын біледі де өздері ахиреттен қаперсіз». (Рұм -7) «Көктерде және жерде қаншалаған дәлелдер бар. Адамдар оған көңіл бөлмей өтеді». (Юсып-4) Адамзатқа үш түрлі болжам қабілетін берген Алла тағала. Оған жазу үлгісі куәлікте жеткілікті. Оңнан солға анықты біліп қана ғайыпты анықтау болса, төбеден төмен көкке қарап жердегіні бағалау болып, ал солдан оңға ғайыппен тілдесіп аныққа қарай жүру деп біліңіз. Қазақтың қанында осы үш қасиет те жазылған. Демек ойлау жүйесінде де өзгеріс бар. Тек қалай тазарту амалдарын меңгеру қажет. Ол жүйенің кілті Құран үгітін меңгеруден басталады. Яғни әуелі ғылымда оң бағыт болып саналатын солдан оңға қарай оқуды меңгеру шарт.
Ал енді сіз Құранды оқыған жоқсыз, оқысаңыз да түсінбей сізге бір ертегі сияқты ұйқасы жоқ әңгіме болып көрінген шығар. Онда әуелі бата тыңдаңыз. Ой санасы тазармай Алланың қасиетті сөздерін ұғу мүмкін емес. Ойыңыздағы тұрған ниетіңізді, сіздің жүректегі жүрген қобалжуды дәлме-дәл анықтап сіздің өзіңізге ғана аян нәрселермен айтып жатса, соған лайықты шығатын жолды көрсетіп жатса, өзіңіз үшін жаман қылық пейіліңізді ноқталап өзіңізді-өзіңіз түзей бастайсыз. «Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді» дейді аталарымыз. Сөз өтпейтіндер де бар арамызда, оған да аталарымыздың дәрісі бар «сынақ» деген. Иісі қазаққа «өлі риза болмай тірі байымайтыны» мәлім ғой. Жұмысың алға баспай, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырыла бастасаң немесе дәрігерден де шипа таба алмай жүрсең көнесің, себебі «мен аруақ сен пенде, арамызда бір перде» дейді аталарымыз. «Қайда барып, тіптен жұлдыздарға тығылсаңдар да арттарыңнан өлім жетеді» дейді қасиетті мұсылман кітабымызда. Бәрібір Алланың алдына баратынымыз айдан анық. Ал бабалар өсиетін, аманатын бұлжытпай орындай берсең, өмірің де өзгеріп санаң тазарып, неше түрлі қорқыныш ойлардан тазара бастайсың. Адамзат баласының қорқынышы: «Өліп қалудан, ауырып қалудан, кедей болудан, түрмеге түсуден, өсекке қалудан, сүйгені тастап кетеді деп немесе көшеге әдемі көріне алмау қорқынышынан» деген сияқтылардан мүлдем құтыласыз. Себебі ол дүниенің ақиқаттығына көз жеткізген адам өлімнен қорықпайды да осы өмірін дұрыс, таза өткізуге тырысады. «Өлімнен бұрын өл» деген дана қазақ. Ал шариғат ісін орындаған, дәрет, кәлимасы бойында иманды адамға кәріліктен басқа ауру бола қоймайды.

     Жақсы, таза адамның қашанда асығы алшысынан түседі. Аллаға жақындаған адамды аталарымыз сіз үшін жаратқаннан тілеу тілеп, кәсібін де, нәсібін де түзеп жатыр. «Ақ жолға» келсеңіз көзіңізді жеткізетініңізге толық кепілдік беруге болады. «Байлықты емес, нәсібіңнің берекетін сұра» дейді аталарымыз. Қанша дүние жинап соның дұрыс рахатын көре алмай, сынаққа түсіп, азап шегіп, тіптен ұрпақсыз, ұрпағы болса азғындап бұл өмірден қаншама адамдар өтіп жатыр. Жиған дүниенің, баланың рахатын көргің келсе бабалардың батасына құлақ салайық, санамызды тазартайық ағайын! Ал батаның емдік қасиеті әзірше ақыл-ойға сыймайды. Не бір күрделі медициналық құралдармен таба алмай қиналатын ауру түрлерін батамен санаулы минуттың ішінде тауып, дем салынып емделіп те жатыр. Өз басымнан өткен қарапайым ғана құбылыс; Алғашқы ақ жолға келген уақыттарда бір күндері тамақ батпай, жүрек айнып, аяқ астынан мазасыздыққа ұшырап, бір ордаға барып шырақ жағып бата алу дәстүріне қатынастым. Аталар батасымен «өт жолына дем салдым» деп өткенде тердің қалай шығып кеткенін байқамай қалдым. Арада 1-2 сағат өткен соң тәбетім ашылып денсаулығымның қалай орнына келе бастағанын байқадым. Әлемді таңқалдырып «Хиллер» деген халық бар филиппинде деген аңыз, батамен болып жатқан ем-шипаның қасында жолда қалады. Не бір жүйке ауруларының, қояншық, жынды дегендер құлан-таза жазылып қатарға қосылып жатыр. Олардың емдеу тәсілдерін де үйретіп жатыр. Ал кейбір аты жаман ауруларды да емдеуге болатынына көзіміз жете бастады. Әрине бұған медицина саласында жүрген білімді дәрігерлеріміз ат салысса, болашақта әлемді таң қалдыратын «Тибет» емес «қазақ» медицинасы болатынына күмән жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *